Талдықорған: +1°C
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

Бақ-береке мекені

06.07.2018
САЯСАТ
WhatsAppTelegramFacebook
Астанаға алғаш келгеніміз әлі күнге көз алдымда. Осыдан 20 жылдан астам уақыт бұрын Елбасы Жарлығына сәйкес кіші ұлым отбасымен бірге Арқа жеріне, Ақмола қаласына қызмет бабымен қоныс аударды. 1997 жылдың қысында Астанаға келіп, баламыздың үйінде екі апта жатқанымыз бар. Сондағы жағдай есімнен кетпейді. Сол жылы қыс қаһарлы болды. Үй суық, жылу беру жүйесі қанжылым ғана. Электр жарығы қайта-қайта өшіп қалатын. Тіпті, әжесі Мәкең екеумізді тоңбасын деп немерелерім аяғымызға жүн көрпе орап қоюшы еді… 

Десе де, ол уақытша қиындық еді. Балаларыма жігер беріп, «Әлі-ақ Астана қарыштап дамиды. Көп адамның қолы жетпес көрікті шаһарға айналады» дейтінмін. Шындығы сол. Қазір соның бәрін кейбіреу білгісі де, еске алғысы да келмейтіндей. Бірақ ол бізге тарихтан тағылым, өткеннен сабақ алуымыз үшін керек. Баяғыда Аяз би ескі киімін төріне іліп қойып, кеудесін пенделік пиғыл кернеген сәтте соған қарап, өткенін еске түсіріп, тәубесіне келіп отыратын  деседі. «Аяз би әліңді біл, Құмырсқа жолыңды біл» деген тәмсіл содан қалған болса керек.   
Әр жылы келген сайын елордада сәулетті ғимараттар, көрікті үйлер салынып, неше түрлі халыққа қызмет көрсететін ойын-сауық орталықтары бой көтергеніне куә болатынбыз. Бір келгенімізде «Бәйтерек» монументі, келесіде «Думан» ойын-сауық орталығы, тағы бірде Хан Шатыр астаналықтар мен қонақтардың көзайымына  айналғанын көріп қуандық.  
Еліміз үшін былтырғы жыл ерекше жемісті жыл болды. Астанада «ЭКСПО» халықаралық мамандандырылған көрмесі үлкен табыспен өтті. Көрмені тамашалаған халықта есеп жоқ. Әсіресе, балалардың қуанышын айтсаңшы?! Осының бәрі Елбасының ерен еңбегі, игі бастамасы, сарабдал саясаты екені шүбәсіз. Біз аға буын оны жақсы түсінеміз, сондықтан жастарға сабақ болсын, үлгі болсын деп айтамыз.
Астанада қазір миллионнан астам халық тұрады. Солардың арасында балаларымыз, немерелеріміз барын әрдайым мақтан етеміз. Елордада немерелерім ержетіп, оқу оқып, азамат болды. Балаларымыз достарын арттырды. Біз ғана емес, Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген бейтаныс жандар көп уақыт өтпестен бір-бірімен ағайын-бауыр, дос-жаран, жекжат болып араласып-құраласып кеткеніне шүкіршілік дейміз. 
Бұрындары қазақ жақсы елмен, текті әулетпен құда болу үшін артынып-тартынып, айшылық алыс жер жүретін болған ғой. Аталарымыздың ондағы ойы – «қан жаңарсын, ұрпақ аралассын» деген көрегенділік, тектілік қасиет. Бұл жағынан да ұтқанымыз көп. Ұрпақтарымыз теңін тауып, жақсы адамдармен құда-құдандалы болдық.
Бүгінде елорда барша қазақтың басын қосқан құтты мекенге айналды. Астанаға келген ағайынның ауызбірлігі артып, ынтымағы нығайды. Ел іргесі бекіп, шаңырағымыз кеңіді, ырысымыз артты. Айналасы жиырма жылда Астананың бақ-береке мекені, бейбітшілік қаласы болғаны осыдан білінеді деп ойлаймын.
Алдағы уақытта да бас қаланың қарыштап дами беретініне сенімім мол. Жақында жаңа аудан ашылғанын естіп жатырмыз. «Байқоңыр» ауданының елорданың одан әрі көркеюіне қосар үлесі зор болсын деймін. 
«Көппен көрген – ұлы той» деп халқымыз бекер айтпаған. Астананың жиырма жылдық мерейтойы құтты болып, еліміз өсіп, өркендей берсін деп сексеннің сеңгіріне шыққан ақсақалдық батамды бергім келеді.
 
Сүлеймен КӨШКІНОВ,
еңбек ардагері,
Алматы облысының Құрметті азаматы    
 

Қатысты жаңалықтар

Президент: «Aгенттік технологиялық тұрғыдан артта қалып қойса, бұл жағдай ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіруі мүмкін»

Президент: «Aгенттік технологиялық тұрғыдан артта қалып қойса, бұл жағдай ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіруі мүмкін»

28.01.2026
Қазақстан экономикасы орнықты әрі теңгерімді өсуді көрсетуде

Қазақстан экономикасы орнықты әрі теңгерімді өсуді көрсетуде

28.01.2026
Сот орындаушы зейнеткердің үйін сатпақ болған

Сот орындаушы зейнеткердің үйін сатпақ болған

28.01.2026
UFC Шавкат Рахмоновқа қатысты шешім қабылдады

UFC Шавкат Рахмоновқа қатысты шешім қабылдады

28.01.2026
Рамазан айы – салт-дәстүр мен діни құндылықтардың үйлесімі

Рамазан айы – салт-дәстүр мен діни құндылықтардың үйлесімі

28.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.