Талдықорған: +15°C
$ 475.31
€ 555.54
₽ 6.05
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

БҮГІН ЕҢ МАҢЫЗДЫ КҮН: ҚАЗАҚСТАНДА КЕЗЕКТЕН ТЫС ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ ӨТЕДІ

20.11.2022
САЯСАТ
БҮГІН ЕҢ МАҢЫЗДЫ КҮН: ҚАЗАҚСТАНДА КЕЗЕКТЕН ТЫС ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ ӨТЕДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгін, 20 қарашада кезектен тыс Президент сайлауы өтіп жатыр. Елімізде 12 миллионға жуық азаматтың дауыс беруге құқығы бар. Қазіргі таңда шетелде, оның ішінде, Сеул мен Токиода тұратын, Бейжің, Шанхай, Сингапур, Куала-Лумпурда жүрген қазақстандықтар сағат белдеуіне байланысты бірінші болып дауыс беріп үлгерді.

Естеріңізде болса, 2022 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан халқына Жолдауын арнаған Мемлекет басшысы кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынған болатын. Ал 21 қыркүйекте Президент сайлауын 2022 жылдың 20 қарашасына белгілеу туралы Мемлекет басшысының Жарлығы жария етілді.

23 қыркүйекте президенттікке үміткерлерді тіркеу басталды. Сол күннен 21 қазан аралығына дейін республикалық қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялар 12 тұлғаны Орталық сайлау комиссиясына үміткер ретінде ұсынды. Оның алтауы президенттіктен үміткер ретінде тіркеліп, президенттікке кандидаттар 21 қазан күні сағат 18.00-ден бастап үгіт-насихат жұмыстарына кірісуге рұқсат алды.

Олар:

1.Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев – Қазақстан Республикасының қазіргі Президенті. Оның кандидатурасын бірнеше саяси партия мен республикалық қоғамдық бірлестік халықтық коалиция ретінде ұсынды. Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевті 12 қазанда үміткер ретінде тіркеді.

2.Мейрам Зекешұлы Қажыкен – «Заманауи қоғамды зерттеу институты» ЖШС директоры. Оның канидатурасын «Аманат» Қазақстан кәсіподақтарының достастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынды. М.Қажыкенді Орталық сайлау комиссиясы 15 қазанда президенттікке кандидат ретінде ресми тіркеді.

3.Жигули Молдақалықұлы Дайрабаев – «Қазақстан фермерлер одағы» қауымдастығының президенті. Оның кандидатурасын «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы ұсынды. Орталық сайлау комиссиясы Ж.Дайрабаевті 17 қазанда кандидат ретінде тіркеді.

4.Қарақат Жақсылыққызы Әбден – Астана қаласы мәслихатының VI шақырылымының депутаты, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, Астана қоғамдық кеңесінің мүшесі, Астана әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі. Оның кандидатурасын «Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлер Ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынды. Қарақат Әбденді Орталық сайлау комиссиясы 19 қазан күні кандидат етіп тіркеді.

5.Салтанат Пархатқызы Тұрсынбекова – ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасының негізін қалаушы. Оның канидатурасын «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынды. Орталық сайлау комиссиясы Салтанат Тұрсынбековаға кандидат куәлігін 20 қазанда тапсырды

6.Нұрлан Сатыбалдыұлы Әуесбаев – Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Астана қалалық филиалының төрағасы. Оның кандидатурасын Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы ұсынды. Нұрлан Әуесбаевті Орталық сайлау комиссиясы алтыншы үміткер ретінде тіркеді.

Кандидаттардың үгіт жұмыстары 2022 жылғы 19 қарашада сағат 00.00-де аяқталды. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 32-бабына сәйкес, сайлау болатын күнi және оның қарсаңындағы күнi кез келген үгiтке тыйым салынады.

«ҚР Сайлау туралы» Конституциялық заңның 37-бабына сәйкес, сайлау бюллетеніне барлық тіркелген кандидаттар мемлекеттік тілдегі әліпби ретімен тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып жазылған. Сондай-ақ бюллетеньде «Бәріне қарсымын» деген жол енгізілген. Осылайша, бюллетеньде Әбден Қарақат Жақсылыққызы, Әуесбаев Нұрлан Сатыбалдыұлы, Дайрабаев Жигули Молдақалықұлы, Қажыкен Мейрам Зекешұлы, Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы, Тұрсынбекова Салтанат Пархатқызы және «Бәріне қарсымын» бағанасы бар.

Ел бойынша сайлауға барлығы 10 101 учаске іске қосылады, сайлаушылар тізіміне 11 950 485 азамат енгізілді. 4 қарашадан бастап ел тұрғындарына өздерін тізімнен тексеруге мүмкіндік берілді. Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанынан 53 елде 68 сайлау учаскесі құрылды.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Кенеден сақтаныңыз!

Кенеден сақтаныңыз!

08.04.2026
Қоғам тірегі – ардагерлер

Қоғам тірегі – ардагерлер

08.04.2026
Қазақстан білім беру саласында жаһандық топ-20 қатарына енді

Қазақстан білім беру саласында жаһандық топ-20 қатарына енді

08.04.2026
Әйелдердің зейнетке шығу жасы ұлғаймақ

Әйелдердің зейнетке шығу жасы ұлғаймақ

08.04.2026
Қазақстанда фейк ақпарат үшін жаза жеңілдейді

Қазақстанда фейк ақпарат үшін жаза жеңілдейді

08.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.