Талдықорған: +17°C
$ 481.54
€ 553.24
₽ 5.93
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

БОЛАШАҚ БІЛІМДІ ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА

07.09.2023
САЯСАТ
БОЛАШАҚ БІЛІМДІ ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА
WhatsAppTelegramFacebook

«Басқадан кем болмау үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болу үшін оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Ал күшті болуға бірлік керек» деген аталы сөз қай уақытта да, қай кезеңде де өзінің маңыздылығын жоймақ емес. Ғасырлар қойнауындағы қазынадай көрінген Ахмет Байтұрсынұлының осынау жалынды сөзі бүгінгі буынның ұранына айналғаны қашан?! Ел дамуы мен өркениетті мемлекет қатарынан орын алудың да негізгі тетіктерінің бірі ұлт ұстазының межелеп кеткен биігінде жатса керек. 

Бұл орайда ҚР Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында айтылған әрбір дүние бүгінгі буынның атқарар ісі мен болашақ межесін айқындап бергені де мәлім. 

Сан ғасырлық сүргінді бастан кешкен халқымыз мемлекет ретінде еңсе тіктеп, тәуелсіз ел ретінде өзінің көш-керуенін жаңа даңғылға, ұлы сүрлеу-сүрдекке бұрғалы біз дамушы мемлекет ретінде толайым жетістікке жетіп, дамыған елдер сапында сараландық. Сонда да ғаламдық жаһандану көші уақыт өткен сайын өзінің тұрақты жолын мың бұрылысқа, сан қиылысқа негіздеуде. Ол жолдан шықпай, бір сәт ауытқымай мемлекетті алға бастау үшін кешегі кезеңде кеткен кемшілік пен тұралап қалған салалардың тамырына қан жүгірту, саяси-әлеуметтік, экономикалық бағытта мейлінше қарышты қадам жасау мақсатында Мемлекет басшысы ел межесін дамыған мемлекеттермен иық тіресетін, әділ қоғамы бар «Әділетті Қазақстан» ретінде жарқыраудың жаңа үлгісін ұсынып келеді. Оның негізгі арналарын айқындап, Жолдауында жан-жақтылы талқылап өтті. 

Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету негізгі өзек болған Жолдауда ел Президенті Қасым-Жомарт Кемел-  ұлы білімге, білімді ұрпаққа қатысты да ерекше тоқталып өтті. Әуелі: «Елімізде жыл сайын 400 мыңнан астам бала дүниеге келеді. Жыл соңына дейін халқымыздың саны 20 миллионға жетеді. Өмір сүру ұзақтығы да артып келе жатыр. Былтыр бұл көрсеткіш 74 жастан асты», – деген Мемлекет басшысы өз кезегінде: «Қазақстан – әлемдегі ең жас мемлекеттің бірі. Азаматтарымыздың орташа жасы 32 жас. Тұрғындарының үштен бірі – жастар», – деп айрықша атап өтті. Бұл тұрғыдан алғанда біздің мемлекетімізде жастардың еркін білім алып, қоғам өміріне белсене араласуына ешқандай кедергі жоқ. Керісінше, мемлекеттің негізгі тірегі мен күші жастар екені күнделікті өмірде өзінен-өзі көрініс беріп, жалынды буынға үлкен сенім жүгі артылған. Осы ретте әрбір облыста, аудан, қалада жалынды жастардың қоғамнан өз орнын тауып, елдің ертеңіне айналуы үшін лайықты бағдар беретін, олардың белсенділігін арттырып, шығармашылық серпін беруге негіз болатын «Жастар» орталығы жұмыс істеуде. Мемлекет тарапынан өңірлерде «Бос орындар жәрмеңкесі», «Жастар практикасы» сынды кезең-кезеңдік түрлі бағдарлама,  «Көшбасшы» секілді оларды ынталандыратын байқаулар ұйымдастырылып, ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, елдің үкілеген үміті болған жастардың баспаналы болуы үшін де «Жас отбасы» секілді әлеуметтік жобалар қарастырылған. Міне, мұның бәрі жалпы халықтың үштен бірін құрайтын жастардың қоғамнан өз орнын тауып, бар ынтасымен елдің дамуына үлес қосуы үшін жасалып жатқан жарқын қадамдардың бірі. Десе де біз атаусыз қалдырған өзге де жобалар мен бағдарламалар, байқаулар тұтас буынды ынталандыруға жеткіліксіз. Олай дейтініміз, жалынды жастар өңір, аймақ, ел көлеміндегі бағдарламаларға ғана сеніп, соның шеңберінде ғана маңдай терін шүмектетуге тиісті емес. Олар қара ормандай халқының кәдесіне жарайтын, ұлт ұстазы айтқан 3 негізгі бағытта қам-қарекет ететін буын болса ғана әрбір бастаманың пайдасын игеріп, өз өміріне икемдей алады деп ойлаймын.

Мемлекет басшысы осы жолғы Жолдауында жастардың білім алып, еркін өсуі үшін де қоғамның тұрақты, азаматтардың әділетті, білімнің сапалы болуы керектігін ерекше атап өтті. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Адал азамат және тұғырлы тұлға болудың негізі бала кезден қалыптасады. Сондықтан біз жас ұрпақтың қауіпсіз әрі алаңсыз өмір сүруін қамтамасыз етуге тиіспіз. Мен Мемлекет басшысы ретінде кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны күшейтуді талап етемін», – деп атап өтті. Шыны керек, бұл тұрғыда қазақтың біртуар ақыны Қадыр Мырза Әлінің «Мықты қарт мықты жастан шығады» деген тәмсілі ойға оралып отыр. Бүгінгі әр салада өзінің тұлғалық болмысын даралап, мемлекет пен қоғам қайраткері ретінде терсіңді еңбегінің өтеуін алып жүрген, тұғырлы тұлға есебінде мемлекеттік іске белсене араласып, қоғам мен халық арасындағы бірліктің бастауына айналғандай көрініс беретін бірегей жанның бәрі бала шағынан болашағының іргетасын мықтылап қалай білгендер еді. Президенттің осыны меңзей отырып зорлық-зомбылыққа қатысты жазаны күшейтуді баса айтқаны ұрпақтың алаңсыз өсуіне негіз болатыны әрі бұл жалпыхалықтың көкейіндегі сұранысқа берілген нақты жауап екенін аңғарамыз. Оған қоса Жолдауда: «Білім беру мекемелеріндегі психологиялық қолдау қызметін институционалды түрде күшейту қажет. Бірыңғай сенім телефонын ұйымдастырған жөн» аталған дүниеге қатысты керекті дүниені де нақтылап өтті.

Рас, ұлт ұстазы айтқандай, өзгеден кем болмау үшін білімді, бай һәм күшті болуымыз қажет. Бұл тұрғыда сапалы білім, саналы тәрбиенің алар орны ерекше. Бүгінге дейін жасалған  білім саласына қатысты түрлі реформа жаһандық сұранысқа сай тұлға қалыптастыру жолындағы алғышарт тектес дүние болатын. Бұл ретте де Мемлекет басшысы: «Сапалы білім алу – әрбір баланың мызғымас құқығы. Мұндағы ең түйінді сөз – «сапа». Сондықтан білім сапасын жақсарту және мұғалімдердің біліктілігін арттыру ауадай қажет. Бәріне бірдей білім беру үшін интернет жылдамдығы жоғары және білім берудің цифрлы ресурстары тегін әрі қолжетімді болуы шарт. Білім беру жүйесі еңбек нарығының сұранысына қарай өзгеріп отыруы керек», – деді. 

Бұл орайда облысымызда атқарылып жатқан ілкімді істерді атап өтуге де болатындай. Мәселен, биыл мемлекеттік тапсырыс бойынша 4 мыңнан астам студент жоғары оқу орны мен колледждерге қабылданса, оның 2400-і жұмысшы мамандық. Бұл дегеніміз, еңбек нарығының сұранысына сай ашылған мамандықтармен жас буынды қамтамасыз етудің бастамасы екені айдан анық. Міне, осы тақілеттес дүниелерді алға тарта отырып атқарылар жұмыстардың ауқымды екенін, барға қанағат етіп отыру бүгінгі күннің үрдісіне сай келмейтінін пайымдауға болады. Сол үшін елдің көкейінде жүрген сан сауалға жауап бола білген әрі мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қарыштауы үшін жасалатын тың жобаларды айқындаған, болашаққа бағдар салған Жолдау өркендеу мен өркениетке бет бұруымыздың негізгі кепілі болатыны да сөзсіз. Бүгінгі трансформацияланған саяси жүйеміздің де тамырына қан жүгіртер бетбұрыстар Жолдаудан көрініс тапқанына шын қуандық.

Әлішер НҰРЖАНОВ,
облыстық «Жастар» ресурстық орталығының директоры

 

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан ұлттық құрамалары алғаш рет толық спорттық киім жиынтығымен қамтылып жатыр

Қазақстан ұлттық құрамалары алғаш рет толық спорттық киім жиынтығымен қамтылып жатыр

31.03.2026
Әділет министрлігі: Жаңа Конституция тұрғын үй иелері құқықтарының басымдығын сақтайды

Әділет министрлігі: Жаңа Конституция тұрғын үй иелері құқықтарының басымдығын сақтайды

31.03.2026
Үкімет ЮНЕСКО мен ИСЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау және ілгерілетудің кешенді жоспарын бекітті

Үкімет ЮНЕСКО мен ИСЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау және ілгерілетудің кешенді жоспарын бекітті

31.03.2026
ҰБТ форматы өзгереді: Министрлік жаңа AIT жүйесін таныстырды

ҰБТ форматы өзгереді: Министрлік жаңа AIT жүйесін таныстырды

31.03.2026
Антальядағы алтын: Ақсулық арулар волейболдан топ жарды

Антальядағы алтын: Ақсулық арулар волейболдан топ жарды

31.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.