«Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарының иегерлерін марапаттау рәсімінде Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бизнесті қолдауға қатысты нақты әрекеттер керек екенін атап өтті, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.
Сала жұмысы бойынша маңызды марапаттау рәсімінде мемлекет басшысы бизнесті қолдау және Қазақстанға инвестиция тарту жөнінде маңызды сөз сөйледі.
«Жалпы, инвестиция тарту ісінде «бюрократияға мүлде жол жоқ – барынша нақты іс-әрекет» қағидаты басшылыққа алынуы қажет. Қолға алынған істің нәтижесі мемлекеттік аппараттың жіті назарында болуға тиіс», – деді Тоқаев.
Нақты іс әрекет демекші, осы ретте Президент өз тапсырмасын еске сала отырып, өңдеу секторына қаржы салатын инвесторлар 2024 жылдан бастап үш жылға салықтан босатылатынын жеткізді.
«Бұрын-соңды мұндай жүйелі шаралар болмаған әрі оның шешуші сипаты бар. Әйтпесе, инвестиция үшін өте жоғары халықаралық бәсекелестік қалыптасып тұрған жағдайда көздеген мақсатқа қол жеткізу қиынға соғады».Қасым-Жомарт Тоқаев
Сурет: akorda.kz





