Талдықорған: +14°C
$ 470.46
€ 543.10
₽ 5.86
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

Былтырдан бері облыс аумағында пайдаланылмай жатқан 857 мың гектар жер анықталған

17.05.2023
САЯСАТ
Былтырдан бері облыс аумағында пайдаланылмай жатқан 857 мың гектар жер анықталған
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облыстық мәслихатының кезектен тыс ІІІ сессиясы өтіп, өңірдің өркендеуіне қажетті тақырыптар талқыланды. ҚР Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі Рүстем Нұрпейісов, облыс әкімінің орынбасары Әлібек Жақанбаев, басқармалар мен департаменттердің басшылары және БАҚ өкілдері қатысқан жиында бас-аяғы 10 мәселе қаралды.

Алдымен облыстық тексеру комиссиясының төрағалығына ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетіне қарасты Алматы қалалық қазынашылық басқармасында, ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінде, Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетінде, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде әртүрлі қызмет атқарған, соңғы кезде Астана қалалық тексеру комиссиясының мүшесі болған Ардақ Тоқбергеновтің тағайындалуына бірауыздан дауыс берді.

Содан кейін облыстық мәслихаттың былтырғы 11 тамыздағы №7-18 «Жетісу облысы әкімдігі жанындағы мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар шеңберінде индустрияландыру саясатын іске асыру жөніндегі үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізуге, облыс аумағында ортақ су пайдаланудың қағидаларын белгілеуге, облыстық мәслихаттың былтырғы 19 тамыздағы «Жетісу облысы жер комиссиясының құрамын және комиссия туралы Ережені бекіту туралы» № 8-20 шешіміне өзгерістер енгізуге, облыс, қала, ауданның Құрмет грамотасымен наградтау туралы  Ережені бекітуге, облыстық мәслихаттың Регламентін бекітуге, «Жетісу облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекітуге, облыстық мәслихат депутаты Берік Тынышбаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға, облыстық мәслихаттың ауылшаруашылығы, жер қатынастары, ветеринария және экология мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының төрағасын бекітуге, әлеуметтік әріптестікті дамыту мәселелері бойынша депутаттық топ құруға қатысып, мәселелерді ашық дауыс берумен қолдау танытты.

Облыстық мәслихаттың ауылшаруашылығы, жер қатынастары, ветеринария және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағалығына депутат Қанат Қарабасовты лайық деп таныған халық қалаулылары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 111-1 бабының 6 тармағына сәйкес,  облыстық аумақтық сайлау комиссиясының биылғы №29/1 және «Amanat» партиясы Саяси кеңесі бюросының биылғы 27 сәуірдегі қаулыларының негізінде облыстық мәслихаттың депутаты болып сайланған Думан Нағашыбекұлымен танысып, қатарларына қосылған әріптестеріне тілеулестік білдірді.

Жиында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Әлібек Жақанбаев былтырдан бері облыс аумағында пайдаланылмай жатқан 857 мың гектар жер анықталғанын, соның 128 мың 500 гектары мемлекет меншігіне қайтарылғанын атап өтіп, биыл 220 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын, соған сәйкес жыл басынан бері 73 мың гектар жер қайтарылғанын айтты.

– Бүгінгі күні ауыл тұрғындарын мал жаюға қажетті жермен қамтамасыз ету мақсатында жайылымдық жерлердің жоспарын аудан, қала әкімдіктері әзірлеп, бекітілуде. Осы жоспарға сәйкес мемлекет меншігіне қайтарылған жерлер жайылым есебіне алынады. Облыста 117 ауылдық округ, 358 елді мекен бар. Солардың бәрінен шығатын тұяқты малға 688 мың гектар жер керек. Жер әлі де жетіспейді. Осыған орай облыстық мәслихаттың ауылшаруашылығы, жер қатынастары, ветеринария және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының назарына жер қатынастары бойынша бүгінгі күні шешімін таппай отырған мәселелерді ұсынғым келіп отыр. Соның бірі, қолдағы мал басы шамадан тыс көп болғандықтан түгелдей жайылыммен қамту қиын. Күн санап мал басы көбейгенмен жер үлкеймейді. Себебі, жеке ауладағы мал басының шекті мөлшері жоқ. Бүгінгі күні бұл мәселеге өзгеріс енгізіліп, ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауындағы Қазақстан Республикасының «Жеке қосалқы шаруашылық туралы» Заң жобасында да қарастырылмаған. Осыған сәйкес жеке ауладағы мал басының жергілікті жердің ерекшелігіне байланысты шекті мөлшерін бекіту бойынша ұсыныс енгізулеріңізді сұраймыз. Негізі бір аулаға сауылатын 2-5 аналық бас жеткілікті, – деп мәселенің өзекті екенін жеткізді.

Оның айтуынша, Ескелді ауданында «Хильниченко и К», Кербұлақ ауданында «Алатау Дейри», Қаратал ауданында «Үштөбе» сынды шаруа қожалықтарына кезінде пайын берген тұрғындар бүгінгі күні жерге иелік еткісі келеді. Осыған орай үлескерлер мен жер иеленушілер арасындағы келісімнің тиімді жүзеге асуын заңнамамен бекіту керек. Осындай өзекті мәселені көтерген облыс әкімінің орынбасары Әлібек Жақанбаевтың ұсынысын аяқсыз қалмайтынын жеткізген облыстық мәслихаттың төрағасы Гүлнар Тойлыбаева сессия отырысын түйіндеді.

 

Мәди Алжанбай

Қатысты жаңалықтар

Қайта тіркелуі тиіс

Қайта тіркелуі тиіс

05.04.2026
Алаяқтарға аяушылық жоқ

Алаяқтарға аяушылық жоқ

05.04.2026
Есірткі сатып есірген

Есірткі сатып есірген

05.04.2026
Ауылдан күш аламын

Ауылдан күш аламын

05.04.2026
Тіл тазалығы – ортақ мәселе

Тіл тазалығы – ортақ мәселе

05.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.