Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ 1 қыркүйек күні халыққа дәстүрлі Жолдауын арнайды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасына жазды.
«Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауы 2020 жылдың 1 қыркүйек күні өтетін Парламенттің кезекті сессиясының ашылуында жарияланады деп жоспарланып отыр. Парламенттің қос Палатасының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттары жайында айтады. Жолдаудың басым бөлігі экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналады», — делінген Берік Уәлидің жазбасында.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»
Сурет — ғаламтордан





