Талдықорған: +30°C
$ 523.46
€ 600.04
₽ 6.69
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

Демеу Жадыраев «Жетісу облысының Құрметті азаматы» атанды

10.08.2024
САЯСАТ
Демеу Жадыраев «Жетісу облысының Құрметті азаматы» атанды

Бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Парижде өтіп жатқан ХХХІІІ Олимпиаданың күміс жүлдегері, палуан Демеу Жадыраевты қабылдап, «Жетісу облысының Құрметті азаматы» төсбелгісін тақты.

Анасы Күлипа Бижановаға салтанатты түрде құрмет көрсетіп, Жаркент қаласынан жаңа үйдің кілтін табыстады.

«Алып анадан туады», халқына лайықты перзент бола білген осындай ер азаматты тәрбиелеп өсіргеніңіз үшін ең алдымен Демеудің анасы, Сізге алғысымызды білдіреміз. Құрметтің үлкені, сыйдың төресі ең алдымен анаға жасалуы керек», — деді Бейбіт Исабаев.

Облыс басшысы Париж Олимпиадасында топ жарған Демеу Жадыраев, анасы Күлипа Бижановамен бірге, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушылары – алғашқы бапкері Жұмахан Тұрғамбеков және жеке бапкері Боранбек Қоңыратовқа да ризашылығын білдіріп, қаржылай сыйлықтар тапсырды.

Жетісу жұртшылығы жерлестерінің Олимпиададағы боз кілемге шыққан әр қадамын қалт жібермей қарап, тілектес болып отырғанын айта келе Бейбіт Исабаев: «Бұған дейін де Азия, Әлем чемпионаттарында жүлделі орындар алып жүргеніңді білеміз. Дегенмен Олимп шыңын бағындыру – кез келген спортшының басты арманы. Сол арманыңа сені өзіңнің қажыр-қайратың, табандылығың, жаттықтырушыларыңның еңбегі, туған елдің тілектестігі, ең бастысы абзал анаңның ақ батасы жеткізді», — деді.

Өз кезегінде Демеу Жадыраев алдымен анасына ерекше құрмет көрсеткені үшін алғыс білдірді.

«Анамды арнайы шақырып, құрметтеп, баспана сыйлап жатқандарыңызға көп рахмет айтамын. Кезінде Талдықорғанда Жақсылық Үшкемпіров атындағы дарынды балаларға арналған спорт-интернат мектебінде төрт жыл оқып, сол жерде қанатымыз қатайды, үлкен спортқа қадам басуға көпір болды. Туып-өскен жеріміз «Жетісу облысының Құрметті азаматы» атану мен үшін үлкен мәртебе», — деді Демеу Жадыраев.

Еске салсақ, грек-рим күресінен Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Демеу Жадыраев – Жетісу облысы Панфилов ауданы Үшарал ауылының тумасы. Оның спорттағы алғашқы қадамы Үшарал ауылындағы мектепте күрес секциясына қатысудан басталған. Бұл секцияда оған күрестің бастапқы әліппесін үйреткен жаттықтырушы Жұмахан Тұрғамбеков болды. Кейін 2003-2007 жылдарда Демеу Жадыраев Талдықорған қаласындағы дарынды балаларға арналған спорт-интернат мектебінде оқыды. Бұл мектептен Мират Сәрсенбаев, Карина Горичева, Игорь Сон, Ильфат Абдуллин сияқты әлем чемпиондары мен Олимпиада жүлдегерлері шыққан. Осылайша Жетісу жерінен басталған спорттағы жол үлкен даңғылға ұласып, Демеу Жадыраев биыл Парижде өтіп жатқан ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарында күміс медальға ие болды.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Суретті түсірген Жеңіс Ысқабай

 

Қатысты жаңалықтар

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері

23.06.2025
Құқықтық көмек көрсету туралы Конвенциясына қосылуға шақыру туралы

Құқықтық көмек көрсету туралы Конвенциясына қосылуға шақыру туралы

23.06.2025
«Қиындықтар туындауы мүмкін»: СІМ қазақстандықтарға ескерту жасады

«Қиындықтар туындауы мүмкін»: СІМ қазақстандықтарға ескерту жасады

23.06.2025
Алаяқтықпен күрес – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті – Тоқаев

Алаяқтықпен күрес – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті – Тоқаев

23.06.2025
Мүгедектігі бар адамдар жұмыс істейтін кәсіпорындар қосымша құн салығынан босатылмақ – Салық кодексі мәжіліске қайтарылды

Мүгедектігі бар адамдар жұмыс істейтін кәсіпорындар қосымша құн салығынан босатылмақ – Салық кодексі мәжіліске қайтарылды

23.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.