Талдықорған: +14°C
$ 478.77
€ 548.62
₽ 5.87
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

ДИЗЕЛЬ ТАПШЫЛЫҒЫ: ПРЕЗИДЕНТ МИНИСТРДІҢ ЕСЕБІН ТЫҢДАП, СЫН АЙТТЫ

30.10.2021
САЯСАТ
ДИЗЕЛЬ ТАПШЫЛЫҒЫ: ПРЕЗИДЕНТ МИНИСТРДІҢ ЕСЕБІН ТЫҢДАП, СЫН АЙТТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады. Кездесуде Мемлекет басшысы жанармайдың азайып кетуін сынға алды. Бұл туралы «Жетісу» газеті Президенттің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы еліміздегі жанар-жағар май қорының бірден азайып кетуіне жол бермеу қажет екенін атап өтіп, ішкі нарықтағы жағдайды осындай келеңсіздікке әкеп соқтырған ведомстволардың жұмысын сынға алды. Президент өнеркәсіп пен халықты электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету, сондай-ақ, қосымша өндіріс қуаты көздерін құру қажет екеніне назар аударды.

Энергетика министрі Президентке тапшылықтың орнын толтыру үшін қабылданған шұғыл шаралар туралы баяндады. Осыған байланысты Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстары 2022 жылға шегерілген. Бұдан бөлек, Ресейдің Энергетика министрлігімен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесінде шамамен 150 мың тонна дизель отыны көрші елден импортталды. Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, қазіргі уақытта жағдай тұрақталып келеді.

Министр Мемлекет басшысына Қазақстанның электр энергетикасы саласын дамытудың 2035 жылға дейінгі болжамды теңгерімі жөнінде айтты. Алдағы онжылдықта электр энергиясын тұтыну көрсеткіші жыл сайын өседі деп күтілуде. Осыған байланысты жаңартылатын энергия көздерінің, сондай-ақ, газ және гидроэлектр станциялары есебінен өндіріс көлемін ұлғайту жоспарланып отыр.

Мемлекет басшысына цифрлық майнинг саласын бақылау үшін қабылданып жатқан шаралар таныстырылды. Бұл өз қызметін тіркеусіз атқаратын субъектілерге қатысты. Министр «сұр» майнерлер шамамен 1200 МВт-қа дейін электр энергиясын тұтынатынын және оларды анықтау жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке, қажет болған жағдайда, басқа да құзырлы органдарды тарта отырып, аталған жұмыстарды жылдамдатуды, сондай-ақ, майнингті заңнамалық тұрғыдан реттеу мәселесін кейінге қалдырмауды тапсырды. Бұл ретте «ақ» майнерлер өз қызметін қосымша шектеулерсіз жалғастырады.

Мемлекет басшысы ішкі нарықты сапалы жанар-жағар маймен және үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін Қазақстанның ресурсы мол екенін айтты. Президент Энергетика министріне жүктелген міндеттерді шешу үшін тиісті шараларды қабылдау қажеттігін тапсырды.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Тыйымның да терең мәні бар…

Тыйымның да терең мәні бар…

31.03.2026
Жастарға арналған кеңес беру пунктінің салтанатты ашылу рәсімі өткізілді

Жастарға арналған кеңес беру пунктінің салтанатты ашылу рәсімі өткізілді

31.03.2026
Қазақстан ұлттық құрамалары алғаш рет толық спорттық киім жиынтығымен қамтылып жатыр

Қазақстан ұлттық құрамалары алғаш рет толық спорттық киім жиынтығымен қамтылып жатыр

31.03.2026
Әділет министрлігі: Жаңа Конституция тұрғын үй иелері құқықтарының басымдығын сақтайды

Әділет министрлігі: Жаңа Конституция тұрғын үй иелері құқықтарының басымдығын сақтайды

31.03.2026
Үкімет ЮНЕСКО мен ИСЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау және ілгерілетудің кешенді жоспарын бекітті

Үкімет ЮНЕСКО мен ИСЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау және ілгерілетудің кешенді жоспарын бекітті

31.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.