Талдықорған: +24°C
$ 510.06
€ 566.32
₽ 6.32
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

Еден жуушы, аула тазалаушы. Депутат тағы бірнеше қызметкердің жалақысын көтеруді ұсынды

05.02.2025
САЯСАТ
Еден жуушы, аула тазалаушы. Депутат тағы бірнеше қызметкердің жалақысын көтеруді ұсынды

Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова бюджеттік ұйымдардағы техникалық қызметкерлердің, соның ішінде еден жуушы, плотник, сантехник, аула тазалаушы, электриктер секілді қарапайым еңбек адамдарының жалақысын көтеруді ұсынды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Депутат сауалын премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға жолдады.

Жұлдыз Сүлейменованың сөзінше, өңірлер, аудандар және тіпті бір қала ішіндегі мектептер арасында жалақы әртүрлі деңгейде көтерілген. Техникалық қызметкерлер де жалақы әртүрлі екеніне шағымданған.

«2024 жылғы 29 ақпандағы премьер-министрдің орынбасарынан келген жауапта «…Үкімет Дүниежүзілік банкпен бірлесіп, халықаралық тәжірибені ескеріп, жұмыстың ерекшелігіне сәйкес азаматтық қызметшілердің, бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесін жетілдіру туралы жұмыс жүргізіп жатыр» деп айтылған. Алайда жұмыстың нәтижесі техникалық қызметшілер үшін белгісіз. Еден жуушы, плотник, сантехник, аула сыпырушы, электриктерге сауықтыру жәрдемақысын төлеу, еңбекақы жүйесін жетілдіру туралы түсіндірме ақпаратынан бейхабар», — деді ол.

Депутат мұндай еңбек адамдарының еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақысын төлеу де кезек күттірмейтін мәселе екенін жеткізді.

«Техникалық қызметкерлер жөндеу жұмыстарын жасайтынын және оған қаражат төленбейтінін айтады. Жөндеу жұмыстарына бюджеттен арнайы қаражат қарастырылады. Олай болса неге онсыз да еңбегі ауыр, жалақысы төмен еңбек адамдары жөндеу жұмыстарына тартылуға тиіс? Бұл еңбек заңдылығына қайшы деп санаймын. Осы мәселеге нақты жауап беруіңізді сұраймын», — деп талап етті депутат.

Жұлдыз Сүлейменова мынадай ұсыныс жасады.

«Бюджеттік ұйымдардағы орта, кіші буын мамандары мен қызметшілеріне лайықты жалақы тағайындаудың әдістемесінде еңбек өтілі, жүктеме, жұмыстың күрделілігі деңгейін ескеретін бірыңғай жүйе қарастырылуға тиіс және жалақыны арттыруда өңірлік және ішкі теңгерімсіздікті жою шарт».

Фото: kazgazeta.kz

Қатысты жаңалықтар

Жаңа пәтерлердің бағасы қайта өсуде

Жаңа пәтерлердің бағасы қайта өсуде

14.05.2025
Жетісу облысында киік мүйіздерін заңсыз сатқан теміртаулық ұсталды

Жетісу облысында киік мүйіздерін заңсыз сатқан теміртаулық ұсталды

14.05.2025
Қазақстандықтар жедел жәрдемді дамыған елдерге қарағанда жиі шақырады

Қазақстандықтар жедел жәрдемді дамыған елдерге қарағанда жиі шақырады

14.05.2025
Бидай алқабының қысқаруы: Қазақстан ұнсыз, нансыз қала ма?

Бидай алқабының қысқаруы: Қазақстан ұнсыз, нансыз қала ма?

14.05.2025
Қазақстанда жаңа пәтерлердің бағасы өсіп жатыр

Қазақстанда жаңа пәтерлердің бағасы өсіп жатыр

14.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.