Талдықорған: +18°C
$ 511.92
€ 588.91
₽ 6.44
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

ЕКІ ЕЛ АРАСЫНДАҒЫ ДОСТЫҚ НЫҒАЯДЫ

14.06.2024
САЯСАТ
ЕКІ ЕЛ АРАСЫНДАҒЫ ДОСТЫҚ НЫҒАЯДЫ

Облыс әкімі Бейбіт ИСАБАЕВ Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулы Цзянь Вэй ханым бастаған қытай делегациясымен кездесті. Достық рәуіштегі басқосуда екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды. 


Аймақ басшысы Бейбіт Өксікбай- ұлы жер жаннаты Жетісу жеріне табан тіреген меймандарды жылы қарсы алып, өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерін айтып, инвесторлар үшін барлық жағдай қарастырылғанын  жеткізді. Екі ел президенттерінің сауда-экономикалық, мәдени және гуманитарлық қатынастарды жаңа сапалық деңгейге көтергенін тілге тиек етті. Нәтижесінде кейінгі уақытта Жетісу облысында Қытай Халық Республикасымен елеулі ынтымақтастыққа қол жетті. 

– Киелі Жетісу жеріне қош келдіңіздер! Екі ел арасындағы достықты нығайтып, нәтижелі жұмыс істеу бәріміздің ортақ міндетіміз. Өздеріңіз білетіндей, біздің өңірдің Қытаймен жалпы шегарасы шамамен 563 км. Өткен жылы облыс пен ҚХР арасындағы тауар айналымы 3,8 миллиард  АҚШ доллары немесе 1,7 триллион теңгені құрап отыр. Қытай біздің ірі экономикалық серіктесіміз, бұл ретте облыстың сыртқы тауар айналымындағы оның үлесі 89%-ды құрайды. Іргелес өңірлермен де қарым-қатынастар белсенді дамып келеді. Мәселен, өткен жылы біздің облыс пен ШҰАА арасында бауырластық байланыстар орнату туралы келісімге, «Қорғас» ХШЫО қызметін үйлестіру тетігін құру жөніндегі меморандумға және сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, – деді кездесуді ашқан аймақ басшысы. 

Облыстың көлік-логистикалық әлеуетіне ерекше назар аударған облыс басшысы ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, баламалы энергетика секілді ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарына да кеңінен тоқталды. 

– Жетісу облысы 5 кеден бекеті бар республикадағы жалғыз өңір екенін ерекше атап өткен жөн. «Алтынкөл» кеден бекетінің өзінен 2023 жылы 343 мыңнан астам көлік құралы өтті. Ал «Достық» стансысында, «Достық-Алашанькоу» шегаралық өткелімен тікелей жақын жерде өткізу қуаты жылына 3,9 миллион тонна немесе 300 мың контейнер болатын көпфункционалды жүк тасымалдау терминалдары жұмыс істейді. Қазір «Достық» стансысында «Алакөл» автомобиль өткізу пунктін кеңейту мен жаңа терминал салу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыс нәтижесінде жолақтар саны 6-ға артып, өткізу қабілеті тәулігіне 200-ден 1600-ге дейін артады. «Достық – Мойынты» теміржол желісінің екінші желісін салу ірі жобасы «Достық» стансысының өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді. «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА экономикалық өсімнің кепілі. Тәулігіне 1400 вагонды өңдеуге жағдай жасайтын Құрғақ порт жұмысы бүгінде жемісті атқарылуда. Екі ел арасындағы «Қазақстан – Қытай халықаралық қаласы» ең ірі инвестициялық жоба екенін ескергеніміз жөн. «Қорғас» ХШЫО шегара маңы ынтымақтастығының тағы бір маңызды бағыты. Бұл ел экономикасының дамуына оң әсерін тигізуде. Алдағы уақытта біз бірлескен жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға, нәтижелі жұмыс істеуге дайынбыз, – деді аймақ басшысы.  

Достық рәуіштегі кездесуде Бас консул  Цзянь Вэй ханым төртінші кездесудің ынтымақтастықтың нығая түскенінің белгісі екенін айтты. Жылы қабылдап, ерекше ілтипат білдірген облыс басшысына алғысын білдірді. Сондай-ақ, Цзянь Вэй ханым шегара маңындағы ынтымақтастықтың аясын одан әрі кеңейту мәселелері мен мүмкіндіктеріне егжей-тегжейлі тоқталып, әріптестік байланысты дамытуға толықтай дайын екендіктерін жеткізді. 

Қытай Халық республикасының Алматыдағы Бас консулы Достық үйіне барып, облыстық Қытай «Күміс тамыр» этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің жұмысымен танысты. Одан кейін жұмыс тобы Алакөл ауданына сапарлап, «Достық» бекетіндегі өткізу пунктіне барады.

Еңлік КЕНЕБАЙ
 

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда Сабантой мерекесі атап өтілді

Талдықорғанда Сабантой мерекесі атап өтілді

16.06.2025
Талдықорғанда үздік медицина мамандары марапатталды

Талдықорғанда үздік медицина мамандары марапатталды

16.06.2025
Бақыттың кілті өз қолыңда

Бақыттың кілті өз қолыңда

15.06.2025
Қарасаздың Қарлығашы

Қарасаздың Қарлығашы

15.06.2025
«Жетісудың» жүрегі

«Жетісудың» жүрегі

15.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.