Талдықорған: +18°C
$ 509.51
€ 570.60
₽ 6.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

ЕКІ ЕЛДІҢ АРАСЫ БЕКИ ТҮСЕДІ

30.11.2024
САЯСАТ
ЕКІ ЕЛДІҢ АРАСЫ БЕКИ ТҮСЕДІ

Жетісу облысы мен ҚХР-дың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы арасында бауырластық орнату туралы келісім нығайып келеді. Жақында «Қорғас» шегара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының» Қытай жағындағы бөлігінде екі ел арасындағы үйлестіру тетігінің өңірлік деңгейдегі алғашқы отырысы өтті. Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиында «Қорғас» трансшегаралық туристік аймағын бірлесіп құру жөнінде Меморандум жасалды.


Осыдан 1 жыл бұрын «Қорғас» шегара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының» қызметін үйлестіру тетігін құру жөніндегі құжат қабылданған болатын. Осыған орай алғаш рет өткен өңірлік деңгейдегі отырысқа екі елден ресми делегация қатысып, екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Әсіресе, Қытайдан ТМД елдеріне, Еуропа мен Азияға шығатын екі нүктенің бірі Қорғас бағытын дамыту мәселесіне ерекше назар аударылды. Оның ішінде «Нұр жолы» өткізу пунктінің, «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының және «Қорғас» ШЫХО-ның маңызы зор екені айтылды. Қазір «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағында «KTZE-Khorgos «KTZE-Khorgos Gateway» құрғақ порты жобасы жүзеге асырылып, Қытай инвесторларының қатысуымен индустриялық парктің құрылысы жоспарлануда. Сондай-ақ, арнайы экономикалық аймақ аумағында құны 250,0 миллиард теңгені құрайтын жүк және жолаушылар әуежайының құрылысы бойынша Қазақстан – Германия бірлескен жобасын іске асыру көзделген.

Бүгінгі күні «Нұр жолы» өткізу бекетінде инфрақұрылымдық және өткізу қабілетін арттыру жұмыстары қарқынды жүруде. Атап айтқанда, электронды кезек жүйесі енгізіліп, жұмыс тәулік бойғы режимге көшті. Соның нәтижесінде өткізу қабілеті екі есеге артып, күніне 800-ден 1600-ге дейін жүк көлігі шегарадан шығады. Ал, «Қорғас» ШЫХО-да жүктерді қабылдау пункттерінің саны 6-дан 9-ға ұлғайтылып, автоматтандырылған рентгендік тексерудің арқасында жүктің легі 40%-ға артты. Бұл орталыққа келушілердің санын күніне орта есеппен 6000-нан 8000-ға жеткізді.

Облыс әкімінің орынбасары Әсет Қанағатовтың айтуынша, орталықтың инфрақұрылымын жақсарту кезең-кезеңімен іске асырылып келеді. Мысалы, кварталішілік жолдарды және кәріздік сорғы стансысының бірінші кезеңін күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатса, газ құбырын салу жұмыстары басталып кеткен.

Екі ел арасындағы экономикалық байланысты жетілдіру үшін жетісулық тарап ынтымақтастық орталығында бірлескен зертхана салуды, шегаралық аймақта заңдылықтың сақталуына жұмылуды, «Қорғас» ШЫХО жұмысына қатысты екі жақты ақпарат алмасуды мәселе ретінде көтерді. Осыған орай қытайлық тараптан Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы ауданының Халық үкіметінің төрағасы Эркин Тунияз ұсыныстарды бірге қарауға дайын екендіктерін жеткізді. Одан бөлек, «Қорғас» ШЫХО-да инфрақұрылым құрылысына, трансшегаралық электрондық коммерцияны және бизнестің басқа да түрлерінің аясын кеңейтуге қолдау көрсетуге шақырған Қытай делегациясы ынтымақтастық орталығының аумағында екінші өткел ашуға ықпал етуге, сол сияқты шегаралық аймақта туристік ынтымақтастықты дамытуға ұсыныс білдірді.

Жиын соңында екі мемлекет басшыларының бірлескен бастамаларының лайықты іске асырылуына бар күш-жігерлерін салатынын айтқан қос тарап мұндай кездесу екі жақты сауда-экономикалық, мәдени-туристік, ғылыми-техникалық, ауылшаруашылығы бағытындағы байланыстарды тереңдете түсетініне сенім білдірді.

«Қорғас» шегара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының» қызметін үйлестіру тетігінің өңірлік деңгейдегі бірінші отырысының қорытындысында «Қорғас» трансшегаралық туристік аймағын бірлесіп құру жөнінде» меморандумға қол қойылды. Оның негізінде халықаралық орталық аумағында туристік жобалар, көрме, туристік фестиваль, форум сынды іс-шаралар ұйымдастырылады.

Жиыннан соң жетісулық ресми делегация ынтымақтастық орталығындағы автокөлік көрмесімен, ауылшаруашылығы өнімдерін инспекциялайтын карантиндік зертхананың құрылысымен танысты.

Мәди АЛЖАНБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда бәйгеден Қазақстан чемпионатының үшінші кезеңі өтті

Талдықорғанда бәйгеден Қазақстан чемпионатының үшінші кезеңі өтті

19.05.2025
Талдықорғандықтарды тәнті етті

Талдықорғандықтарды тәнті етті

18.05.2025
Жанкүйерін қуантпай тұр

Жанкүйерін қуантпай тұр

18.05.2025
Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

18.05.2025
Сот шешімін орындамасаң  жаза бар

Сот шешімін орындамасаң жаза бар

18.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.