Талдықорған: +27°C
$ 532.74
€ 617.23
₽ 6.77
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

Ел бірлігі – басты құндылық

03.05.2024
САЯСАТ
Ел бірлігі – басты құндылық

Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі Мәлік Отарбаев Көксу ауданына жұмыс сапарымен келді. Аудан ардагерлерімен, дін қызметкерлерімен және жалынды жастармен кездесті.


Ең әуелі Мәлік Нұржанұлы көксулық ардагерлермен кездесіп, Ұлттық құрылтай жайында әңгіме өрбітті. Қазіргі жаһандану дәуірінде саналы ұрпақ тәрбиелеу, жастарды кітап оқуға ынталандыру, қоғамдық сананы дамыту бағытындағы ойларын ортаға салды. Мәлік Нұржанұлы ауылдың қоғамдық өміріне белсене араласып, түрлі салада еңбек етіп, үлгі-өнеге болып жүрген ардагерлер қауымына алғысын жеткізіп, Мемлекет басшысының ауқымды реформалары және Ұлттық құрылтайдағы жан-жақты идеялары мен бастамалары туралы да сөз қозғады. Ол Президент бастамаларының қоғамға қозғау салып жатқандығын баяндады.

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өткізген Жалпыұлттық құрылтайда көтерілген мәселенің барлығы да еліміздің ертеңіне бағытталды.  Экономика, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту, өңірлерді кешенді дамыту, жастар тәрбиесі, олардың бүгінгі беталысы сынды тақырыптар Мемлекет басшысының Құрылтайда сөйлеген сөзінде басты назарында болды. Сондықтан да біз бәріміз бірге жаңа Қазақстанның дамуы жолында бірігіп еңбек етуіміз қажет. Дәл қазір еліміздің бірқатар өңірінде табиғи апаттар орын алуда. Осы тұста бәріміз бір атаның баласындай атсалысып, қайғыға ортақтасудамыз. Бұл біздің елдігімізді, бірлігімізді аңғартады, – деген Мәлік Нұржанұлы көпшілікті бірлікке, татулыққа шақырды.

Аудан ақсақалдары атынан қоғам қайраткері, Жетісу облысының Құрметті азаматы Жомартқали Жексембинов сөз алып, келелі кездесудің маңыздылығына тоқталды. «Әр қазақ менің жалғызым» деп сөз бастаған ақсақал қажет болса облыс орталығындағы баспанамды апаттан зардап шеккен отбасына беретінін айтып, елдің амандығын тіледі.

Елдегі апаттың алдын алу үшін бірқатар жүйелі жұмыстарды орындау қажеттігін айтқан қоғам қайраткері, Алматы облысының Құрметті азаматы Наурыз Қылышбаев арнайы жұмыс сапарымен келген мейманның жұмысына береке тілеп, аудан жұртшылығының ыстық ықыласын Мемлекет басшысына жеткізуді тапсырды. Жасында бейнет етіп, бүгінде зейнетін көріп отырған ел ағалары ауданда атқарылған әр іске ақылын айтып, бағасын беріп, ауданның өсіп-өркендеуіне зор ықпалын тигізуде.

Мәлік Отарбаев ауданның дін қызметкерлерімен кездесіп, мешітке келген жамағатқа қазақтың ақын-жазушыларының да шығармаларынан түрлі мысалдар келтіріп, діни білімдерін арттыру туралы ұсыныс жасады. Сонымен қатар, мешіт бұрышындағы кітап сөрелеріне де қазақтың зиялы қауымының шығармалары да қойылса деген ниетін білдірді. Деструктивті діни ағымдардың алдын алу үшін дін қызметкерлері қоғаммен белсене араласуы қажет екенін тілге тиек етті.

Ауданның Мәдениет үйінде жастармен ашық диалог құрған Мәлік Отарбаев заман талабына сай жастарға білімдерін шыңдауға, ақпараттық сауаттылықты арттыруға кеңес берді. Әсіресе, жастарды кітап, газет-журнал оқуға шақырды. Заман талабынан туындаған қажеттіліктер мен ұлттық құндылықтың басымдығы, жаһанданудың ықпалы мен ұлттық тәрбиенің өзегін ажыратудың маңыздылығы, дұрыс әрі құнды мақсат қоюдың жастарды кәсіби тұрғыдан өсіретінін жеткізді. Әр адамның басты бағдаршамы кітап болу керектігін баса айтқан Президент кеңесшісі елімізде өткізіліп жатқан саяси науқанға еліміздің жастары да өз үлестерін қосу керектігін тілге тиек етті.

– Жалынды жастар үнемі білім алуға құштар болуы керек. Сіздерге үлгі болатын ол біздің Президентіміз. Бес тілде еркін сөйлеп, газет-журналдарды мұқият оқып, көтерілген ауқымды мақалалардың астын сызып, сол мәселеге көңіл бөлу қажеттігін жауапты мамандарға тапсырып отыруының өзі үздіксіз ізденістің, еңбекқорлықтың көрінісін көрсетеді.
Кім болашаққа сеніммен қараса, соның болашағы жарқын. Ал кім күмәнмен қараса, оның өмірі де күмәнді, ала-құла күйде өтеді. Сондықтан, келешекке сеніммен қараңыздар», – деген Мәлік Нұржанұлы жас ұрпақтың көздеген мұраты асыл, мақсаты биік болуы керектігін алға тартты.

Көксулық белсенді жастар көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

Еңлік КЕНЕБАЙ

 

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанда туберкулезді 2 сағат ішінде анықтайтын жаңа әдіс енгізілді

Қазақстанда туберкулезді 2 сағат ішінде анықтайтын жаңа әдіс енгізілді

17.07.2025
Елімізде жаңа 43 қоқыс полигоны салынбақ

Елімізде жаңа 43 қоқыс полигоны салынбақ

17.07.2025
Президент ауқымды заңға қол қойды: 8 маңызды бағыт айқындалды

Президент ауқымды заңға қол қойды: 8 маңызды бағыт айқындалды

17.07.2025
Балқаш көліне бағыт алған жолда «ecoBalqash» экологиялық акциясы өтті

Балқаш көліне бағыт алған жолда «ecoBalqash» экологиялық акциясы өтті

17.07.2025
Жетісуда биыл су үнемдеу технологиясын қолданатын алқапты 55,2 мың гектарға жеткізу көзделіп отыр

Жетісуда биыл су үнемдеу технологиясын қолданатын алқапты 55,2 мың гектарға жеткізу көзделіп отыр

17.07.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.