Талдықорған: +28°C
$ 511.77
€ 593.19
₽ 6.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

ЕЛ СЕНІМІН АРҚАЛАҒАН

22.06.2024
САЯСАТ
ЕЛ СЕНІМІН АРҚАЛАҒАН

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен мемлекеттік қызмет институтында жаңа реформалар іске асырылуда. Халықтың өтініштерін қарау тәртібі өзгерді. Бюрократиядан арылу шаралары қолға алынып, ашықтық пен жариялылық принципі алдыңғы орынға шықты. Халықпен есепті кездесулер өткізудің талабы өзгеріп, тұрғындармен өзара сындарлы диалог құру міндеті қойылды. Халық үніне құлақ асатын мемлекет саясаты жоғары деңгейде жүзеге асып келе жатқаны қуантады. Мемлекеттік қызметші сол үдеден шығуды көздейді. Мемлекеттік қызметкерлердің биылғы мерекесі облыстық әкімдікте  аталып өтті.


Мереке қарсаңында еліне адал қызмет етіп жүрген мемлекеттік қызметкерлерді Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Қобылан Манап төл мерекемен құттықтап, мемлекеттік қызметтің жаңа моделін құрудағы ерекшеліктерді атап өтті. 

Жалпы, облыста 3500-ден астам мемлекеттік қызметші еңбек етеді. Олардың орта есеппен алғандағы жұмыс өтілі 12 жыл. Ал мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі 51% болса, жастардың үлесі  34,6 % көрсетуде. 

Мерекелік басқосуда облыс әкімінің бірінші орынбасары  Әлібек Жақанбаев мемлекеттік қызметкерлердің негізгі міндеттерін атап өтті. 

– Мемлекеттік қызметші – мемлекеттің айнасы. Халықтың мемлекетке деген сенімі ең алдымен біздің әрқайсымыздың біліктілігіміз бен рухани — адамгершілік қасиетімізге байланысты қалыптасады. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бүгінгі күнгі мемлекеттік қызметтің басты қағидаттары ашықтық, нәтижелілік, парасаттылық болуы тиіс. Әділетті Қазақстанды Адал азаматтар құрады. Адал еңбек етіп, адал табыс тапқан адам жетістікке жетеді, құрметке ие болады» деп айтуы әрбір мемлекеттік қызметкерге зор жауапкершілік жүктейді. Біздің міндет – адал қызмет етіп, халықтың алғысын алу. Осы жолда талмай, тынбай еңбек етіп, мінсіз қызмет көрсетіп жүрген әрбіріңізге үлкен алғыс айтып, облыс әкімінің атынан ризашылық білдіремін, – деді өз құттықтауында.  

Талантты жастарды мемлекеттік қызметке тарту мақсатында қазіргі уақытта облыстарда өңірлік кадрлық резервтерге іріктеу кезеңі жүріп жатыр. Биыл жобаға облыстан 300-ге жуық азамат өтінім білдірген. Кадрлық тапшылықты азайту, жастарды мемлекеттік қызметке тарту аясын кеңейту мақсатында жоғары оқу орындарында грантта оқып, үздік аяқтаған түлектерді мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылдау тетігі енгізілді. Осы тәсіл арқылы өткен жылдан бері Жетісу облысында 13 жас маман мемлекеттік қызметке орналасты. 

Мереке қарсаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісі табыс етілді. Жоғары құрмет мемлекеттік қызметті дамытуға елеулі үлес қосқан, мемлекеттік қызметте 15 жылдан астам мінсіз жұмыс істеп келе жатқан облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызметкерлерінің әдеп жөніндегі уәкілі Ғабит Тұрсынбайға,  Текелі қаласы ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Нұржамал Шохановаға және жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мемлекеттік қызмет көрсету және әлеуметтік әріптестік бөлімінің бас маманы Гүлшат Мусиноваға табысталды.  

Облыстың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар мемлекеттік қызметкерге облыс әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаты табысталды. Қызметке жаңадан тағайындалған басшылар мен жас мамандар «өз ісімізге адал боламыз, ел сенімін ақтаймыз» деп салтанатты түрде ант қабылдады. 

Е. БАУЫРЖАНҚЫЗЫ
 

Қатысты жаңалықтар

Жетісу облысы маман тапшылығын қалай шешуде?

Жетісу облысы маман тапшылығын қалай шешуде?

13.06.2025
Тоқаев ExxonMobil корпорациясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Даррен Вудсты қабылдады

Тоқаев ExxonMobil корпорациясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Даррен Вудсты қабылдады

13.06.2025
Жетісу облысында үздік медицина қызметкерлері марапатталды

Жетісу облысында үздік медицина қызметкерлері марапатталды

13.06.2025
Жетісудан табылған ортағасырлық қалаға әлі сараптама жасалған жоқ

Жетісудан табылған ортағасырлық қалаға әлі сараптама жасалған жоқ

13.06.2025
Президент дәрігерлермен кездесу өткізіп, Медицина қызметкері күнімен құттықтады

Президент дәрігерлермен кездесу өткізіп, Медицина қызметкері күнімен құттықтады

13.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.