Талдықорған: +17°C
$ 509.51
€ 570.60
₽ 6.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

Елде 9 мыңнан астам қазақстандыққа арнайы әлеуметтік төлем тағайындалды

21.08.2024
САЯСАТ
Елде 9 мыңнан астам қазақстандыққа арнайы әлеуметтік төлем тағайындалды

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің әлеуметтік тұрғыда қорғалуын арттыру жөніндегі жүйелі шараларды іске асыру үшін Қазақстанда арнайы әлеуметтік төлем енгізілді, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Үкімет сайты дерегіне сүйеніп.

Арнайы төлемді тағайындау үшін 55 жасқа толуы және БЖЗҚ-да кемінде 7 жыл міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының болуы міндетті шарт болып саналады.

Бүгінгі таңда зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген 9145 азаматқа 1,7 млрд теңге сомасына арнайы әлеуметтік төлем тағайындалды.

Төлем 4 көзден – республикалық бюджеттен, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан, жұмыс берушіден және өмірді сақтандыру компаниясынан жүргізіледі.

Арнайы төлем тағайындауға өтініш білдіргендердің ең көбі Қарағанды (1696 адам), Қостанай (1180 адам), Шығыс Қазақстан (1132 адам), Павлодар (1015 адам), Ақтөбе (599 адам), Ақмола (566 адам) және Абай облыстарында (505 адам) тіркелді.

Арнайы төлемнің орташа мөлшері шамамен 208 мың теңгені құрайды. Қызметкерлер жалақыны да, арнайы төлемді де алуды жалғастыра отырып, денсаулыққа зияны аз жұмысқа ауыса алады, немесе олар зейнетақы тағайындалғанша төлем ала отырып, демалысқа шыға алады.

Арнайы төлем зейнет жасына дейін беріледі. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін аталған адамдарға БЖЗҚ-дан төленетін төлемдерге қосымша мемлекеттік базалық және ынтымақты зейнетақы тағайындалатын болады.

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғандықтарды тәнті етті

Талдықорғандықтарды тәнті етті

18.05.2025
Жанкүйерін қуантпай тұр

Жанкүйерін қуантпай тұр

18.05.2025
Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

18.05.2025
Сот шешімін орындамасаң  жаза бар

Сот шешімін орындамасаң жаза бар

18.05.2025
ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

18.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.