Талдықорған: +22°C
$ 460.37
€ 531.87
₽ 5.82
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

Ермұрат Бапи: «30 жыл бойы талан-таражға салынған халық байлығын елге қайтаруымыз керек» (Видео)

01.06.2023
САЯСАТ
Ермұрат Бапи: "30 жыл бойы талан-таражға салынған халық байлығын елге қайтаруымыз керек" (Видео)
WhatsAppTelegramFacebook

Депутат Ермұрат Бапи бас прокурор Берік Асыловқа сауал жолдады. Мәжілісмен бірқатар атышулы есімдерді атай отырып, клептократия мәселесін көтерді, — деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеп.

Мәжілісменнің айтуынша, көптен күткен «халық қазынасынан ұрланған мүлікті қайтару» туралы заң жобасы Парламенттің төменгі палатасының қарауына жіберілді. Бапидің ойынша, депутаттар елдегі әділеттілікті қалпына келтірудің құралы болатын сапалы заң жобасын қабылдауы керек.

«30 жыл бойы талан-таражға салынған халық байлығын елге қайтаруымыз керек. Ол кемінде 1510 миллиард доллар. Ал оны қайтаруға міндетті органдар заң қабылданған соң іске кірісеміз деп арқаны кеңге салуға болмайды», — деді депутат

Бапидің айтуынша, тәркіленген активтер әртүрлі схема арқылы әлемнің әртүрлі бөлігінде жасырылған. Депутат олардың кейбірі туралы бас прокурорға айтып берді.

«Бас прокурор мырза, сіз Қазақстанның газын сыртқа сататын Tethys компаниясын білесіз бе? Tethys иелерінің бірі Қайрат Шәріпбаевтың қызы. Ал ашық ақпараттың айтуы бойынша, Шәріпбаев — Дариға Назарбаеваның күйеуі. Осы Tethys фирмасы Қайрат Шәріпбаев басқарған мемлекеттік монополист «КазТрансГаз» ұлттық компаниясының газын сатып келген. Қазір журналист зерттеушілер соңғы сегіз жылда бұл фирма Қайрат Шәріпбаевтың бақылауындағы IPL CONSTRUCTION компаниясы арқылы батыс банктеріне бірнеше миллиард доллар шығарғаны анықталды. Кейбір ашық ақпараттарда мұның мөлшері 20 миллиард доллар деп жүр. Егер бұл қоғамдық тергеу ісіне елдің Бас прокуратурасы мен тиісті антикоррупциялық агенттер араласатын болса бұл миллардтардың көлемі мен шыққан төркінін тезірек анықтауға болатын еді. Ол миллиардтар бүгінде байлықтың ғана көзі емес, бұл билікке қайтадан араласудың мәселесі. Бұл қыруар қаржыға шынында да 20 мың терроршы жалдауға болады», — деді Бапи.

Сонымен қатар, Бапи қадағалау органының басшысынан «Транстелеком» компаниясының «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясынан Нұрәлі Әлиевке берілуіне баға беруді сұрады.

«Баланстық құны 210 миллиард теңге, ал жылдық кірісі 80-90 миллиард теңге болатын ұлттық мүлік небәрі 18 миллиард теңгеге сатылған! Былтыр компанияның Әлиевке төлеген дивидендтері 2,4 миллиард теңге болды. Заңсыз төленген қыруар қаржыны өндірудің қандай жолдары бар?», — деп сұрады депутат Бапи.

Қатысты жаңалықтар

Әйелдердің зейнетке шығу жасы ұлғаймақ

Әйелдердің зейнетке шығу жасы ұлғаймақ

08.04.2026
Қазақстанда фейк ақпарат үшін жаза жеңілдейді

Қазақстанда фейк ақпарат үшін жаза жеңілдейді

08.04.2026
Бішкекте бала саудасымен айналысқан Қазақстан азаматы 12 жылға сотталды

Бішкекте бала саудасымен айналысқан Қазақстан азаматы 12 жылға сотталды

08.04.2026
Ашық форматтағы кездесу: Жетісуда полиция жұмысы күшейді

Ашық форматтағы кездесу: Жетісуда полиция жұмысы күшейді

08.04.2026
Мемлекет басшысы Корея Республикасы президентінің арнаулы өкілін қабылдады

Мемлекет басшысы Корея Республикасы президентінің арнаулы өкілін қабылдады

08.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.