Талдықорған: +10°C
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

ҮКІМЕТ: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

27.09.2019
САЯСАТ
ҮКІМЕТ: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысы инвестиция тарту бойынша әлеуеті зор аймақтардың бірі саналады. Жүйелі жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесінде облыс ірі жобаларды жүзеге асыруда алдыңғы қатардан көрінуде. Десек те, осы бағыттағы жұмыстарға әлі де күш салынуы тиіс. Бұл туралы кезекті өткен Үкімет отырысында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар МАМИН айтты.

Үкімет басшысының төрағалығымен өткен селекторлық кеңес барысында ел аймақтарында инвестиция тарту мәселесіне жіті назар аударылып, бұл бағыттағы жұмыстардың қалай жүргізіліп жатқаны белгілі болды. Осыған байланысты жүзеге асырылып жатқан іс-шаралар жөнінде бірқатар облыс басшыларының есебіне құлақ түрілді. Сонымен бірге, инвестиция тарту бойынша кездесетін проблемалар талқыланып, олардың шешімін табу жолдары қарастырылды.

Алдымен аталған тақырып аясында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов баяндады. Елжан Амантайұлы денсаулық сақтау саласы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға егжей-тегжейлі тоқталды. Соның ішінде елдің бірнеше қаласындағы көпсалалы ауруханалардың құрылысы, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында орындалып жатқан жобалар, инвестиция және инвесторлар тарту мәселелеріне ден қойылды.

Кезек Алматы облысына келгенде аймақ басшысы Амандық Баталовтың баяндамасына назар аударылды. Амандық Ғаббасұлының айтуынша, аймақта инвестиция тарту үшін барынша қолайлы жағдайлар жасалуда. Өткен сегіз айда 3,3 пайыз өсіммен 305 млрд.теңге тартылып, соның ішінде сыртқы инвестициялар 34 пайызға өскен. Жалпы, 2014 жылдан бастап инвесторлардың көмегі арқылы «Өңірлік даму орталығы» жұмыс істеп келеді.

Ағымдағы жылы бір терезе қағидаты бойынша Алматы қаласында заманауи үлгіде фронт-офис және Талдықорған қаласында жұмыс істейтін бэк-офис ашылған. Инвесторлар тарту бойынша кәсіпкерлермен төрт жүзден аса кездесу ұйымдастырылып, жыл сайын «Жетісу Инвест» форумы өткізіледі. Сондай-ақ, биыл бес жүз адамның қатысуымен 12 ірі шартқа қол қойылып, 276 млрд. теңгеге келісім жасау көзделіп отыр. Жалпы, инвестициялық портфель құрамында құны 5,5 трлн.-нан асатын және 39 мың жұмыс орындарын құратын 388 жоба бар.

Үстіміздегі жылы 189 млрд. теңгеге 41 нысан енгізілмек. Трансұлттық компанияның қатысуымен республика бойынша 19 жобаның 9-ы облыста іске асырылатын болады. Мемлекет қолдауының арқасында және инвесторлармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеу нәтижесінде екі жоба іске қосылған. Жыл соңына дейін тағы екі жобаны енгізу жоспарда бар. Берілген тапсырманы орындау мақсатында жалпы ішкі өнімдерде  инвестиция үлесін 2025 жылы 30 пайызға жеткізу көзделген. Ал Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің есебі бойынша 2020 жылы облыстың инвестициялық көлемі 827 млрд., 2021 жылы 992 млрд. теңгені құрамақ. Инвестиция көлемінің өсімі жыл сайын аймақта орта есепппен 50 млрд. теңгені құрап отыр. Яғни, жоспар төрт есе артығымен орындалған.

Бір сөзбен айтқанда, Асқар Ұзақбайұлына есеп берген облыс басшысы сөзінің соңында Жетісу жеріне инвестиция тарту бағытындағы жұмыстардың ерекше бақылауда тұрғанын және осы бойынша жүргізілетін іс-шараларды одан әрі жандандыруға барынша күш салынатынын айтып, ойын қорытындылады.

Өзге де облыс басшыларын тыңдаған Үкімет басшысы жиын соңында күн тәртібінде талқыланған мәселелерге қатысты тапсырмалар жүктеді.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Маусымдағы алғашқы жеңіліс

Маусымдағы алғашқы жеңіліс

23.03.2026
Елена Рыбакина Майамидегі WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына шықты

Елена Рыбакина Майамидегі WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына шықты

23.03.2026
Қазақ киносында «bodyshaming» қалай көрініс тапты?

Қазақ киносында «bodyshaming» қалай көрініс тапты?

23.03.2026
Тоқаев БАӘ-нің Қазақстандағы елшісін қабылдады

Тоқаев БАӘ-нің Қазақстандағы елшісін қабылдады

23.03.2026
Жетісудағы қытайлық зауытқа 264 миллион теңге айыппұл салынды

Жетісудағы қытайлық зауытқа 264 миллион теңге айыппұл салынды

23.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.