Талдықорған: +10°C
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

КРЕДИТТЕР КЕШІРІЛЕДІ: ПРЕЗИДЕНТ ЖАҢА ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

26.06.2019
САЯСАТ
КРЕДИТТЕР КЕШІРІЛЕДІ: ПРЕЗИДЕНТ ЖАҢА ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгін Мемлекет басшысы Қазақстан азаматтарының борыш жүктемесін азайту туралы Жарлыққа қол қойды. Өмірлік қиын жағдайда қалған Қазақстан Республикасы азаматтарына уақытылы көмек көрсету мақсатында қабылданған жаңа Жарлықта ақшалай қиындыққа тап болып, кредит бойынша қарызға батқан отбасылар үшін үлкен жеңілдіктер қарастырылған. Бұл туралы ҚР Президентінің ресми сайтында жарияланды. Нормативтік құжаттың толық мәтіні төмендегідей:

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі  екінші деңгейдегі банктердегі және микроқаржы ұйымдарындағы кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша мынадай жағдайларда:

1) аталған қарыздар бойынша борышкерлер көпбалалы отбасылар, асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты төлем алатын отбасылар, мүгедек балалары бар, 18 жастан асқан, бала жасынан мүгедектер бар отбасылар,  атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек алатындар, жетім балалар, ата-анасынан  кәмелеттік жасқа дейін айрылған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар;

2) қарыз бойынша  жалпы берешегі 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аспайтын болса;

3) бір қарыз алушыға 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша негізгі борышы мен оған есептелген сыйақыдан тұратын өтелетін берешегінің мөлшері  300 000 (үш жүз мың) теңгеден аспайтын болса, оларды өтеу бойынша  біржолғы тәртіпте шаралар қабылдасын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі:

1) банктерде және микроқаржы ұйымдарында кепілсіз тұтынушылық қарыздары бар Қазақстан Республикасы азаматтарының 2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша есептелген  айыппұлдары мен  өсімпұлдарын есептен шығару;

2) Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдерімен бірлесіп Осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шараларды қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзіне шектен тыс тәуекелдерді алған қаржы ұйымдарының жауапкершілігін күшейту бойынша:

1) мерзімі өткен берешегі 90 күннен асып кеткен жеке тұлғалардың барлық кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша кредитті берумен және оған қызмет көрсетумен байланысты  тұрақсыздық айыбын, комиссиялар мен өзге де төлемдерді есептеуге тыйым салуды;

2) табысы күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға қарыздар беруге тыйым салуды;

3) кепілсіз тұтынушылық қарыздарды беру кезіндегі реттеудің қосымша шараларын көздейтін реттеушілік сипаттағы қатаң шаралар қабылдасын.

4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ,

Қазақстан Республикасының Президенті

Қатысты жаңалықтар

Маусымдағы алғашқы жеңіліс

Маусымдағы алғашқы жеңіліс

23.03.2026
Елена Рыбакина Майамидегі WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына шықты

Елена Рыбакина Майамидегі WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына шықты

23.03.2026
Қазақ киносында «bodyshaming» қалай көрініс тапты?

Қазақ киносында «bodyshaming» қалай көрініс тапты?

23.03.2026
Тоқаев БАӘ-нің Қазақстандағы елшісін қабылдады

Тоқаев БАӘ-нің Қазақстандағы елшісін қабылдады

23.03.2026
Жетісудағы қытайлық зауытқа 264 миллион теңге айыппұл салынды

Жетісудағы қытайлық зауытқа 264 миллион теңге айыппұл салынды

23.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.