Талдықорған: +9°C
$ 481.83
€ 556.80
₽ 5.85
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

«BIKEN» ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ

07.10.2024
САЯСАТ
«BIKEN» ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорғанның төрінде  «BIKEN FEST — 2024» Халықаралық театр фестивалі басталды. Халық әртісі, КСРО және Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, театр және кино актрисасы Бикен Римова атындағы дүбірлі өнер додасының ашылу салтанатына облыс әкімі Бейбіт Исабаев арнайы қатысып, ізгі тілегін білдірді.

Бикен Римова атындағы драма театрдың киелі сахнасындағы салтанат арнайы дайындалған бейнефильммен бастау алды. Онда кино мен театр өнерінде өшпес қолтаңба қалдырған, ана, әйел образын ерекше сомдаған Би апаның түскен фильмдері көрсетілді. Өз кезегінде еліміздің танымал тұлғалары мен алыс-жақын шет елдерден келген сарапшылар құрамы журналистермен жүздесті. Еркін сұқбат құрып, өнер байқауына сәттілік тіледі.

Фестивалдың ашылу салтанатында алғашқы болып сөз алған облыс басшысы Бейбіт Исабаев:

– Бұл өнер мерекесі – шығармашылықтың, мәдениеттің және ұлттық дәстүріміздің жарқын көрінісі. «Театр – хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер», – деп Ғабит Мүсірепов айтқандай, шынымен бекзат өнерге бас иеміз, жүрегімізді нұрландырып, жан дүниемізді байытамыз. Ерекше талантымен ел есінде қалған Халық әртісі Бикен Римова апамыздың атындағы бұл фестиваль биыл екінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Өнер майталмандары мен әлемнің түкпір-түкпірінен келген талантты өнерпаздардың басын қосатын, рухани шараның орны бөлек. «Өнерде шекара жоқ». Биылғы фестивальға алыс-жақын бауырлас елдерден Түркия, Грузия, Қырғызстан мемлекеттерінен келген және еліміздің айтулы театрлары қатысып, барлығы 8 театр өз өнерлерін көрсетеді. Шәкен Айманов: «Театр – адамның өзін-өзі сахнадан көріп, өзін-өзі түсінетін орын» деген екен. Сіздердің тамаша өнерлеріңіз көрерменді рухани кемелдендіріп, ерекше ләззат сыйлары сөзсіз, – дей келе ұлы классиктер шығармалары мен бүгінгі жастардың қаламынан шыққан үздік туындылар театр сахнасынан көрерменге жол тарта берсін деген тілегін білдірді.

Аймақ басшысының ізгі тілегінен кейін облыстық Д. Рақышев атындағы филармония өнерпаздары күй күмбірлетіп, би биледі. Қазақ өнері салтанат құрған сахнаға байқауға қатысатын театр ұжымдары арнайы шақыртылып, көрерменге таныстырылды.

Айта кетерлігі, екінші мәрте өтіп отырған халықаралық фестивалге жалпы саны 8 театр қатысуда. 4 күн бойы көрерменді тағылымды қойылыммен сусындаттар дүбірлі додада Грузия елінің В. Гуния атындағы Поти мемлекеттік драма театры, Түркия елінің Эрзурум мемлекеттік театры, Қ. Жантөшев атындағы Ыстықкөл облыстық музыкалық драма театры (Қырғызстан), сондай-ақ еліміздегі Жамбыл облыстық орыс драма театры, С. Қожамқұлов атындағы Ұлытау облысының қазақ музыкалық-драма театры, Х. Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры, Б. Омаров атындағы «Жас сахна» театры мен Би апа атындағы Талдықорған драма театры өнер көрсетпек.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ
Суреттерді түсірген Жеңіс Ысқабай

Қатысты жаңалықтар

Құрметті азаматтық қоғам өкілдері!

Құрметті азаматтық қоғам өкілдері!

26.03.2026
Қазақстан мен Өзбекстан агроөнеркәсіп кешеніндегі бірлескен жобаларды іске асырады

Қазақстан мен Өзбекстан агроөнеркәсіп кешеніндегі бірлескен жобаларды іске асырады

26.03.2026
Енді несие алу қиындайды

Енді несие алу қиындайды

26.03.2026
500-ден астам мектеп «Адал азамат» бағдарламасы бойынша безендіріледі

500-ден астам мектеп «Адал азамат» бағдарламасы бойынша безендіріледі

26.03.2026
Қазақстандық велошабандоздар Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық велошабандоздар Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

26.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.