Талдықорған: +14°C
$ 481.54
€ 553.24
₽ 5.93
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

«Әлем чемпионы жыртық матраста жатады». Мәжіліс депутаты спорт мектебін сынға алды

06.11.2023
САЯСАТ
"Әлем чемпионы жыртық матраста жатады". Мәжіліс депутаты спорт мектебін сынға алды
WhatsAppTelegramFacebook

Мәжіліс депутаты Данияр Қасқарауов «Шаңырақтағы» спорт мектебін аралап, жай-күйімен танысты. Кездесу барысында түйткілді мәселелерге назар аударып, қазіргі жағдайымен қанықты. Депутат пен оның қоғамдық көмекшісі Диас Нұрақынның бүгін жариялаған facebook желісіндегі жазбасынан шешімі табылмай тұрған біраз мәселені аңғаруға болады.

«Алматыдағы «Шаңырақ» спорт мектебін аралап көрдім. Небәрі 15 жыл бұрын ғана салынған ғимарат тозып кеткен екен. Әсіресе оқушылар жататын жатахананың жағдайы сын көтермейді. Сылақтары түсіп, есіктері сынып, іші күңгірт тартып тұр. Жиһаздары тоз-тоз болған. Ұстаздар қауымы жылда өз күшімізбен сылап-сипап, жыртығын жамап қоямыз дейді. Бірақ күрделі жөндеу, ескірген жиһаздарын жаңартуға мүлде қаржы бөлінбепті. Бұл ғимарат әу баста сапасыз салынған сияқты. Ауласы жайнап тұрғанымен, жатахана іші лас. Мұндай жерде жаттығу жасап, жақсы нәтиже көрсету мүмкін емес деп ойлаймын», — дейді депутат.

Спорт мектебінде татами де жоқ екен. Оны федерациядан уақытша сұрап алған көрінеді.

«Ең қызығы спорт мектепте күреспен айналысатындарға татами жоқ екен. Қазіргі боз кілемді федерациядан уақытша сұрап алдық дейді. Етікші етікке жарымайдының кебін киіп отыр. Болашақ чемпиондарды тәрбиелеп жатқан білім ордасына көңіл бөліну керек деп ойлаймын. Жаманын жасырып, жақсысын асырып жүре берсек жетістікке жетпейміз. Кемшілікті көзге шұқып айтатын уақыт жетті. Спорт саласынан жоғары нәтижеге жетеміз десек ең алдымен осындай мамандандырылған мектептерден бастауымыз керек», — дейді Данияр Қасқарауов.

Депутаттың қоғамдық көмекшісі Диас Нұрақын да спорт мектебіндегі ахуал мен спортшылар тұратын жатақхана жайын ашық жазды.

«Жатақханасы жұлым-жұлым болып жатыр. Кірі езіліп, сылағы түсіп, шаңы көкке көтерілуде Жиһаздары 20-шы ғасырдан қалған сияқты. Жыртылған матрас пен ескірген көрпе-жастыққа жату мүмкін емес. Мұндай жерден чемпион шығару қиын», — дейді жазбасында. «Тіпті, ақшаның жоқтығынан жыртығын өзіміз жамап, бояп-сырлап қоямыз» деген ұстаздар.

Биыл еркін күрестен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ балуаны Ризабек Айтмұхан да осы мектепте шынығады. Диас Нұрақын чемпиондар тұратын, білім алып, жаттығу жасайтын мектептің ахуалына өкініш білдіреді.

«Республикалық спорт мектебінен Ризабектің әкесі Қанат Айтмұханды көріп қалдық. Күрестен әлем чемпионы болған Ризабек осы мектептің шәкірті екен. «Зона комфортаға» үйренісіп қалмас үшін әлі осы жердегі жатақханада тұрамыз дейді Қанат Айтмұхан. Жұлдыз ауруына шалдықпаған қарапайымдылыға тәнті болдым. Бірақ әлем чемпионының жыртық матрас пен лас жерде жатқаны ұят емес пе? Спортқа бөлінген миллиардтар құмға сіңгендей жоқ болуда. Сұрауы бар ма мұның?», — деп сөзін түйіндейді жазбасында.

Фото: ашық дереккөзден

 

Қатысты жаңалықтар

Цифрландыру жылы: Жетісуда болашақ технологиясы тақырыбы талқыланды

Цифрландыру жылы: Жетісуда болашақ технологиясы тақырыбы талқыланды

30.03.2026
«EcoFuture: таза идеялар мен жасыл шешімдер аумағы» экологиялық фестивалі өтті

«EcoFuture: таза идеялар мен жасыл шешімдер аумағы» экологиялық фестивалі өтті

30.03.2026
«Қалдықсыз өмір: кіші қадамдар – үлкен өзгерістер» атты экологиялық акция және ақпараттық эко-науқан өткізілді

«Қалдықсыз өмір: кіші қадамдар – үлкен өзгерістер» атты экологиялық акция және ақпараттық эко-науқан өткізілді

30.03.2026
Жетісуда көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүруде

Жетісуда көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүруде

30.03.2026
Бірінші тоқсан қорытындысы. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы үш есе төмендеді

Бірінші тоқсан қорытындысы. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы үш есе төмендеді

30.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.