Талдықорған: +15°C
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

ҰЛТ МЕРЕКЕСІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

24.10.2024
САЯСАТ
ҰЛТ МЕРЕКЕСІ ҰЛЫҚТАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Республика күннің құрметіне орай Б. Римова атындағы облыстық драма театрында салтанатты шара өтті. Тарихи маңызы жоғары жиында облыс әкімі Бейбіт ИСАБАЕВ аймақтың әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына елеулі үлес қосқан жандарды марапаттап, мемлекеттік наградалар табыстады.

Шараның шымылдығы қаз-қатар тізілген оқушылардың асқақ рухпен шырқаған Гимнімен ашылды. Балалардың өнері жиналған көпшіліктің жүрегіне жылулық ұялатып, ерекше әсер сыйлады. Сахнада отырған көрермендер де балдырғандармен қоса Гимнді тік тұрып орындады.

Осыдан кейін мерекелік шараға келген көпшілікті құттықтаған облыс әкімі Бейбіт Исабаев Республика күнінің маңызына тоқталды.

– Еліміздің ұлық мерекесі Республика күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын. Бұл күн Тәуелсіздігіміздің түп бастауында тұрған, елдігіміз бен бірлігіміздің басты құндылығын айшықтайтын қастерлі мереке. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен еліміз жүйелі өзгерістер мен өркенді істерге, жаңа құндылықтар мен адамгершілік бағдарларға құқығы мен мүмкіндігі тең қоғам құруға бет алды. Уақыттың тегеурінді сынына төтеп беретін ұлттық сана бірегей мәдениет жаңа типті өмір салтын қалыптастыруға нық қадам жасадық. «Отан – қуат, отбасы – шуақ» дейді халқымыз. Бұл ретте еліміздің еңселі де қуатты болуына әрбір қазақстандық өзіндік үлесін қосуы тиіс деп ойлаймын. Облысымыз өткен жылды жақсы көрсеткіштермен қорытындылап, еліміз бойынша алдыңғы қатардан көрінсе, биыл да сол тұрақты дамуды сақтап, 9 айда республикада жоғары нәтижелерге қол жеткіздік. Осы жетістіктердің барлығында жетісулықтардың өз үлестері бар екенін ризашылықпен айтқым келеді, – дей келе облыстағы атқарылған жұмыстарды баяндап, жұртшылықты ұлық мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Осыдан соң облыс әкімі Жетісу жерінің өркендеуіне үлес қосқан жандардың кеудесіне «Құрмет», «Парасат», ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдарымен, сол сияқты Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» медалін тағып, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы мен «Жетісу облысының Құрметті азаматы» атағын табыстады.  

Көпшіліктің ішінде Парасат орденін алған Халық әртісі Алмахан Кенжебекова:

 – Ұлттық мереке Республика күнімен барлығыңызды шын жүректен құттықтаймын. Мен театр саласында 50 жылдан астам жұмыс істеп келемін. Талдықорғанға алғаш келгенде жолдасымыз екеуміз «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» театр пердесін ашқан қыз бен жігіт едік. Бүгін театрдың әжесі мен атасына айналдық. Амандық болса келесі жылы осы театрдың 50 жылдығын ел болып, жұрт болып атап өтеміз деген арманымыз бар. Өнер саласындағы еңбегімізді елеп, марапт төріне шығарған Президентімізге, облыс басшылығына ереше алғысымды білдіремін, – деп ақжарма тілегін ақтарды.  

«Жетісу облысының Құрметті азаматы» атағын алған Социалистік Еңбек Ері Күләш Айтжанова: – Бүгін халықтың мерекесі. Бұл күн оңайлықпен келген жоқ. Бүгінде елімізге бар жағдай жасап отырған Мемлекет басшысына аналық жүрегіммен алғыс айтамын. Біз Жетісу облысы болып бөлінгенде Талдықорған қандай еді, қазір қандай? Облыс жайнап, тотыдай түрленді. Ол халықтың ынтымақ бірлігінің және елге жақын облыс әкімінің арқасы, – деп жүрекжарды тілегін арнады.

Салтанатты шара соңы Жетісу облыстық филармониясының өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.

Айдар ҚАЛИЕВ
Суретті түсірген Жеңіс Ысқабай

 

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан агроөнеркәсіп кешеніндегі бірлескен жобаларды іске асырады

Қазақстан мен Өзбекстан агроөнеркәсіп кешеніндегі бірлескен жобаларды іске асырады

26.03.2026
Енді несие алу қиындайды

Енді несие алу қиындайды

26.03.2026
500-ден астам мектеп «Адал азамат» бағдарламасы бойынша безендіріледі

500-ден астам мектеп «Адал азамат» бағдарламасы бойынша безендіріледі

26.03.2026
Қазақстандық велошабандоздар Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық велошабандоздар Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

26.03.2026
Елде мұнай экспортын әртараптандыру жалғасады

Елде мұнай экспортын әртараптандыру жалғасады

26.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.