Талдықорған: +13°C
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

ӘМІРЕ ӘРІН: «АМАНАТ ЖҮГІ АУЫР»

21.09.2019
САЯСАТ
ӘМІРЕ ӘРІН: "АМАНАТ ЖҮГІ АУЫР"
WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Мен халыққа берген уәделерімді міндетті түрде орындаймын», – деп атап өтті. Уәде – құдай сөзі. Өзіне, ел-жұртына бек сенген басшы ғана осылай шегелеп тастайды, асылы. Жаһанның арғы да бергі көшінде барша ел, бүтін халықтың аманаты азаматтың азаматына ғана жүктелген. Сол нардың жүгін бекем көтере білген арыстардың арқасында осынау Ұлы Дала сақталып, мыңжылдықтар көгінде дәуірлеген тұрандықтардың қара шаңырағы – Қазақ мемлекетінің кең өріс табуының куәгері болып отырмыз!

Ұлы Аманаттың өз ретінде аманатқа қыл­дай қиянат жасамайтын иесін табуының өзі ғанибет. Арыс ата-бабаларымыз болса баршамызға осынау қа­сиет­­ті жерімізді, ұлттық құндылықтары­мызды, тіліміз бен діні­мізді, ділімізді, ел бірлігі, мәнді ғұмырды аманат­тап кетсе, енді Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев пен қабырғалы халқымыз аңсарлы асыл-мұраттарымызды бір­ден-бір жүзеге асыра алар Қасым-Жомарт Тоқаевқа аманаттап отыр! Жүсіп Баласағұн баба­мыз бұдан бір мың жыл бұрынғы кезеңнің  арғы айдынында: «Құты барға қызмет бер, жанастыр, Бәзбіреу­ді қу, қақпаңнан әрі асыр», – демеп пе еді?!

Жолдау жолдары жүре­­гімізге жылы ұя­­­лап үлгергені енді ғана еді, көзделген толғау­­лы міндеттер көп күт­тір­местен нақтылы істерге ұласып, баршамызды қанаттандыра түсті. Оны көкірек көзі ояу жұрт еліміздегі қоғам­дық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани ауандағы оңды өзгерістер тол­қынынан айқын аң­ғарып отыр. Сырттай бақы­­лаушы бейнесінде ғана қалып қалмай, сол қоғам ағзасының тамыр-тамырына қан жү­­­гір­туге барынша бел­­сене қатысып, қол­дап, қорғап жүрушілер қарасы басым! Бұл енді ел­дік сананың сәулеленіп, ертеңгі таңымыздың бұдан да арайлы атуы­ның алғышарттары негізделіп жатыр де­ген сөз! Мұның өзі Пре­зи­дентіміздің: «Біз елі­міздің жаңа тарихын­дағы маңызды бе­лес­ке жақындап ке­леміз» – деген тұжыры­мымен үндесе түссе керек.

Халқымыздың өткен-кеткенін таразылауға табиғатымыз жақын бол­ғандықтан ба екен, өз басыма Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Алтын Орданың 750 жылдығын төл тарихымызға, мәдение­тіміз бен табиғатымызға туристер назарын аудару тұрғысынан атап өткен жөн» деп және бір қадап көрсетуі қатты ұнады. Неге десеңіз, Алтын Орда ұғымының ауқымы өте кең. Ол – біздің мемлекет­ті­гіміздің, мыңдаған жылдарғы этникалық тұрғыда дамып, эволюциялық өсуіміздің берік тұғыры.

Міне, сондықтан да Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ хандығының мерейтойы үстінде: «Қаз­ақ хандығы бұдан бес жарым ғасыр бұрын ғана шаңырақ көтерсе де, Еуразияның Ұлы Даласында орнаған арғы дәуірдегі сақ, ғұн, үйсін мемлекеттерінің, бергі замандағы Ұлы түрік қағандығы, Дешті Қыпшақ пен Алтын Орда мемлекеттерінің заңды мұрагері болды», – деп атап өт­ті. Сол әлемге дегенін істетіп, өркениет өрістеткен Алтын Ордамыздың алтын құрсағына үңіліп көріңізші тағы бір.

Әдепкіде іргелі көрші­нің өңешінен өтіп кетуге шақ қалған өзінің айналасындағы руластарының басын біріктіріп, тағдырдың күресінінде қалып қалмауды көздеген Темірші (Шыңғыс қа­ған) туған жұртының ай­рықша алқауымен тү­гел түріктің – киіз туыр­­лықтылардың барша­сын бауырына тартуға бел буды. Байырғы түрік қа­ғандарындай өзін Тәңір­дің жердегі тікелей өкілі сезінген ол Қытай мен Сібір жұртшылығын, Мәуренақырды бағындырып, Еуропаның шығысындағы елдерге еркін жетті.

Осылайша, Шығыс пен Батыстың арасына алтын көпір салып, айтулы мәдениеттерді ұштастырды. Әскери-азамат­тық, демократиялық ­арнада дамыған өзіне де­йінгі түркілік жүйені жалау­лата таратты. Ке­йін­гі Еуропа ренессансы­ның негізін қалады. Жой­қын пассионарлық күш Алтын Ордадай ал­ып мемлекетке алып кел­ді. Еуразия кеңістігі бір жүйеге, темірдей тәртіп­ке бағынды. Елшілер мен саудагерлер емін-ер­кін қарым-қатынасқа көш­ті. Шығыс Түркістан, Қытай, Орта Азия, Таяу Шығыс, Мысырмен сауда жолға қойылды. Теріскей Кавказ, Еділ бойы қалалары жамырай өмірге келді. Бейбіт тіршілік орнады. Өнегелі іс жайылды, адамзаттың тарихында жаңа дәу­ір бел алды. Осынау жалаулы жасампаздықтың жарқылындай – алтын босағалы, ақ ордалы Қазақ Елінің (Алтын Орданың тікелей  мұрагері) дәл қазір жаһан төріне төтелей жол салуы неткен табиғи, соншалық тәлейлі ғибрат, зор бақыт!

Құйын ойнаған құба жон­да мың түлей жүріп, ылдидан шауып өрге озған Ұлы Даланың көк сүңгі оғландары періште пейіл, сұңғыла зейі­німен төрт құбыласын тең ұстаған. Асқақтағанды алдыртып, талтақтағанды талдыртып, танымасты тағдырдың дегеніне иілткен!

Шетелдерден табыл­ған тың деректер мен археологиялық қазбалар дәйектеп отырғанындай, мынау Ұлы Даладағы этникалық үрдістер ең бері дегенде қола дәуірінен бастау алған. Ал бұлардың аумақтық, экономикалық, саяси, діни-мәдени, тілдік, рухани ортақ кеңістіктерге ұласуы 2,5 мың жылдай уақыт бойы бірнеше тарихи дәуірлер мен кезеңдер арқылы жүзеге ас­ты. Сақ, ғұн, үйсін, қаң­лы мемлекеттері, Түрік, Моғол қағанаттары, бергідегі Түргеш, Оғыз, Қарлұқ, Қимақ, Қидан, Қыпшақ, Алтын Орда, Ақ Орда, Ноғай Ор­дасы, Әбілқайыр хан­дығы, Моғолстан мемлекеттері – бәрі де біз­ді­ң бабаларымыздың жүре­гінің түгі, білегінің күшімен құрылған!

Аузы дуалы, түбі түр­кілік Лев Гумилев кезінде: «Таяу уақытта қаз­ақ елінде күшті серпіліс, пассионарлық дүм­пу жүреді. Сол дүм­пудің нәтижесінде қоғамды алға сүйрейтін тұл­ғалар туады. Және ол тұлға алдына үлкен мақ­сат қойып күреседі және соған қол жеткіз­еді» демеп пе еді?! Сәуегей-ақ екен. Ата тарих­тың қайталанған­дығы демей көріңіз мұны енді!

Әміре ӘРІН,

Қазақстанның Құрметті журналисі

«Жетісу» газетінің бас редакторы

Қатысты жаңалықтар

Президент Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді

Президент Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді

24.03.2026
Қазақстандық блогер «Ильярчикке» мемлекетаралық іздеу жарияланды

Қазақстандық блогер «Ильярчикке» мемлекетаралық іздеу жарияланды

24.03.2026
Егіздер көбейді: елде демографиялық өсім қарқыны қалай?

Егіздер көбейді: елде демографиялық өсім қарқыны қалай?

24.03.2026
Әл-Фараби даңғылындағы апат: Zeekr жүргізушісі туралы деректер белгілі болды

Әл-Фараби даңғылындағы апат: Zeekr жүргізушісі туралы деректер белгілі болды

24.03.2026
Үкімет көмір генерациясын дамытуға арналған ұлттық жобаны бекітті

Үкімет көмір генерациясын дамытуға арналған ұлттық жобаны бекітті

24.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.