Талдықорған: +9°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР

29 шілде 2018
САЯСАТ
WhatsAppTelegramFacebook

   Сыбайлас жемқорлықты түп-тамырымен жойған ешқандай мемлекет жоқ. Осы індетке қарсы күрес биліктің, дәлірек айтқанда мемлекеттік институттардың негізгі міндеттерінің бірі. Осы ретте мемлекетіміз өзінің заңдары мен мемлекеттік құрылымдарын өзгертіп, жаңа технологияларды енгізуде.

 

   Елбасымыз «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында дәл осы мәселені ерекше атап өтті. Өкінішке қарай, статистикалық мәліметтерді қарасақ,  соңғы үш жылда жоғары лауазымды шенеуніктер мен мемлекеттік компаниялардың басшыларын есепке алғанда, жемқорлық әрекеттері үшін 2,5 мың адам сотталған. Тиісті органдардың жұмысының арқасында осы уақыт аралығында 17 миллиард теңге көлемінде келтірген залалдар өтеліп, мемлекеттік бюджет қорына қайтарылды. 
   Осы орайда облыс бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті  сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қарсы бағытталған жұмыстарды қарқынды жүргізіп жатыр. Мысалға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы арнайы жұмыс жоспары бекітіліп, соның негізінде қызметкерлер арасында жемқорлықтың алдын алу іс-шаралары мен пара алудың заң алдында жауапкершілігі жөнінде толыққанды түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, қызметкерлер тексеруге шыққан кезде мемлекеттік аудиторларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы хабарлама береді. Осы хабарламамен нысан басшысы танысады. Сұрақтар туындағанда аудиторлық тексеруден өтуші нысан басшысы хабарламаның ішінде көрсетілген  сенім телефоны арқылы қажетті ақпаратты алады.  
Өткен жылы облыс прокуратурасы департаменттің қызметін тексеру қорытындысы бойынша прокуратура тарапынан заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс түсіп, сол бойынша  бес қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.  Құзырлы орган берген ұсынысына сәйкес департаменттің қызметкерлері арасында іс-шаралар жоспары жасалып, техникалық сабақтар өткізіліп, алдағы уақытта ұсыныста көрсетілген кемшіліктерді болдырмай заң талаптарының қатаң сақталуы ескертілді.
   Сонымен қатар, аудиторлық салада камералдық бақылау сияқты жаңа институт енгізілген. Осылайша бүгінгі таңда барлық мемлекеттік сатып алулар камералдық бақылау арқылы қашықтықтан тексеріліп, бұл дегеніміз – аудиторлар мен нысан байланыспайды, заң бұзушылықтар анықталған жағдайда, заңнамаға сәйкес шаралар қолданылады.
   Бұдан басқа Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы  № 413 бұйрығымен «Электрондық ішкі мемлекеттік аудит қағидаларын бекіту туралы» қағидасы бекітілген.
Электрондық ішкі мемлекеттік аудиттің негізгі мақсаты – байланысты жою жолымен мемлекеттік аудит объектілеріне жүктемені төмендету, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның құзыретіне сәйкес аудит жүргізу мерзімдерін қысқарту, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жедел шешімдер қабылдауды қамтамасыз ету. 

Нариман Ботанов,
Алматы облысы бойынша 
Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

6 қараша 2026
Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

6 қараша 2026
Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Медицина қызметкерінің жалақысы өсуі мүмкін

6 қараша 2026
Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

6 қараша 2026
Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

6 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.