Талдықорған: +9°C
$ 481.83
€ 556.80
₽ 5.85
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ: «ӘЛЕМ КАРТАСЫНА ҚАЗАҚСТАН АТЫН ОЙЫП ЖАЗДЫҚ»

15.12.2020
САЯСАТ
НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ: "ӘЛЕМ КАРТАСЫНА ҚАЗАҚСТАН АТЫН ОЙЫП ЖАЗДЫҚ"
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлы Дала елін ең ұлық мерекелердің бірі — Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы «Жетісу» газеті Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап мәлімдеді. Құттықтау мәтіні төмендегідей:

Құрметті отандастар! Баршаңызды еліміздің ең ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Біз 29 жыл бұрын ата-бабамыздың ғасырлар бойы аңсаған арманын орындап, тәуелсіздікке қол жеткіздік. Әлем картасына Қазақстан атын ойып жаздық.

Сол сәттен еліміздің жаңа тарихы басталды. Осы жылдар ішінде мемлекетіміз айтарлықтай өсіп-өркендеді, айтулы жетістіктерге жетті.

Біз елдігіміз бен егемендігімізді нығайтып, шекарамызды бекіттік. Бәсекеге қабілетті нарықтық экономикаға көшіп, мемлекетімізді аяққа нық тұрғыздық. Қазақстан әлем мойындаған іргелі елге айналды. Еуразия жүрегінде жаңа астанамызды салдық. Біз елімізде тұрақтылықты, қоғамымызда татулық пен келісімді сақтай отырып, көп ұлтты халқымызды бәсі бөлек артықшылыққа айналдырдық.

Тәуелсіздікті алып, оны дүниеге паш ету — бір бөлек, ал сол тәуелсіздікті сақтап қалу — одан да зор міндет. Біз осы жылдар ішінде бұрынғы Кеңес одағы құлаған тұста дүниедегі ең үлкен экономикалық дағдарысты артқа тастап, қазіргі жаһандық пандемияны да еңсеріп отырмыз.

Басымызға түскен сынақтар бізді шыңдап, рухымызды күшейтіп, жігерімізді арттырды, ортақ мақсатқа жұмылуымызға түрткі болды. Қазақстанның даму мен өркендеу жолында үнемі алға басуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасап, берік негіз қалыптастырдық. Тәуелсіздікпен бірге сан ғасырлық тарихымыз, төл мәдениетіміз бен ата дәстүріміз қайта түледі.

Біз Алтайдан Атырауға, Алатаудан Арқаға дейінгі ұлан-ғайыр атырапты мекендеген баһадүр бабалардың ұрпағымыз. Үстірт пен Қарт Каспийдің жағасын, Сыр мен Ертістің арасын алып жатқан байтақ даланың заңды мұрагеріміз.

Бұл – ата-бабамыздың аманаты. Осыны ешқашан ұмытпауымыз керек. Бабадан мирас болған қастерлі жерімізді көздің қарашығындай сақтау, тәуелсіздігімізді баянды ету, еліміздің жарқын болашағы үшін қызмет ету – бәріміздің асыл борышымыз.

Уважаемые казахстанцы! Соотечественники! Мы входим в год 30-летия нашей Независимости.

16 декабря 1991 года Казахстан стал независимым государством. Мы исполнили многовековую мечту своих предков.

В голубое небо над просторами Великой степи гордо взвился золотой орёл – символ наших устремлений в будущее.

Счастлив, что именно на долю моего поколения выпала эта честь – возродить государственность казахской нации. 

Благодарен судьбе за этот бесценный дар быть в это сложное время вместе с моим народом, моими друзьями и соратниками. 

Заложенные основы новой государственности стали фундаментом для строительства сильного, независимого и процветающего Казахстана.

Я горжусь тем, что именно мне выпала великая честь возрождения и становления страны.

За эти годы Казахстан прошёл нелёгкий путь, на который у других государств уходили столетия.

Это стало возможным благодаря поддержке нашего народа.

Без этого мы не смогли бы создать сегодняшний Казахстан.

И каждому из вас я адресую слова своей искренней благодарности.

Мы прошли тернистый путь и нашей наградой стала жизнь в благополучном и процветающем государстве, где во главу угла поставлены мир, стабильность и наше единство. 

Спасибо всем вам за вашу безграничную поддержку и высокое доверие, которые вы все эти годы оказывали мне. Они были лучшим стимулом для моей работы на посту Первого Президента Казахстана. За прошедшее время в летопись новейшей истории страны было вписано множество славных страниц.

Важным достижением стало то, что мы смогли создать единую казахстанскую нацию. На заре обретения суверенитета нам прочили распад и межнациональные конфликты.

Сегодня же мы сплочены так, как никогда ранее в своей истории. Нас объединяет наша ответственность за судьбу страны, энергия созидания и любовь к родной земле! Единство народа позволяет нам максимально эффективно преодолевать любые выпавшие на нашу долю испытания. И пока мы бережно храним эту главную ценность нашей Независимости, история наших побед будет продолжаться.

Құрметті қазақстандықтар! Әр елдің ең ұлы, ең қастерлі мерекесі бар. Біз үшін ол – Тәуелсіздік күні. Бүгін біз сол тәуелсіздіктің отыз жылдығына қадам басып отырмыз. Бұл – жұртымыз үшін мерейлі белес, зор қуаныш. Егемен еліміздің жаңа дәуірі, жарқын жетістіктеріміздің жаңа кезеңі басталды деген сөз. Біздің бағындырар белесіміз бен шығар шыңымыз әлі алда!

Баршаңызды сол мақсаттарға қол жеткізіп, Қазақстанды өркениетті отыз елдің қатарына қосу үшін аянбай қызмет етуге шақырамын. Осынау айтулы мерекеде сіздердің шаңырақтарыңызға шаттық пен береке тілеймін. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Қазақстанымыз мәңгі жасай берсін!

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ,

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті,

Ұлт Көшбасшысы

Қатысты жаңалықтар

Құрметті азаматтық қоғам өкілдері!

Құрметті азаматтық қоғам өкілдері!

26.03.2026
Қазақстан мен Өзбекстан агроөнеркәсіп кешеніндегі бірлескен жобаларды іске асырады

Қазақстан мен Өзбекстан агроөнеркәсіп кешеніндегі бірлескен жобаларды іске асырады

26.03.2026
Енді несие алу қиындайды

Енді несие алу қиындайды

26.03.2026
500-ден астам мектеп «Адал азамат» бағдарламасы бойынша безендіріледі

500-ден астам мектеп «Адал азамат» бағдарламасы бойынша безендіріледі

26.03.2026
Қазақстандық велошабандоздар Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық велошабандоздар Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

26.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.