Талдықорған: +1°C
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: «ЖИНАЛАТЫН ЖЕР ТАБЫЛҒАН ЖОҚ»

30.04.2019
САЯСАТ
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: "ЖИНАЛАТЫН ЖЕР ТАБЫЛҒАН ЖОҚ"
WhatsAppTelegramFacebook

Нұр-Сұлтан қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы өтті. Барлығы 1500-ден астам адам шақырылған сессияға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Алқалы жиынды ашып, жүргізіп отырған ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев алдымен өзінің жаңа орынбасарларын таныстырды.

– Өздеріңіз білесіздер, біз әрбір сессияда ротация тәртібімен, сіздердің келісімдеріңізбен түрлі этномәдени бірлестіктердің атынан Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының екі орынбасарын тағайындаймыз. Ассамблея кеңесінің ұсынысымен ҚХА Төрағасының орынбасары қызметіне «Вайнах» чешен-ингуш қоғамының мәдениетін дамыту қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма мүшесі Юсуп Келигов пен Нұр-Сұлтан қалалық өзбек мәдени орталығының төрағасы Шерзод Пулатов тағайындалды, – деп сөз бастаған ҚР Тұңғыш Президенті өткен 30 жылдың ішінде еліміздің бірлігін жоққа шығарғысы келген халықаралық сарапшылардың деструктивті болжамының орындалмағанын атап өтті. – 30 жыл бұрын ғана халықаралық сарапшылар Орталық Азия, соның ішінде біздің Қазақстанның да жаңа қақтығыс ошақтарына айналатынын болжаған еді. Олар біздің өңірде қантөгістер мен күрестер жүріп жатады деп ойлады. Олар этно және діни сенім бойынша өзгешелікті алға тартты. Өңірдегі мемлекеттердің болашағы жоқ әрі тарих табанында қалады деп сенімді түрде болжам жасады. Бірақ тәуелсіздік жылдары біз – Қазақстан халқы бұл деструктивті болжамдардың бәрін жоққа шығардық. Біз бірліктің, ішкі саясаттағы прагматикалық бағыттың арқасында тарихтың барлық қақпанын айналып өттік, халықаралық жоғары дәрежеге ие болдық. Ішкі саяси істерді құрып жатқан біздің модель, біздің елдегі ұлтаралық қарым-қатынас уақыттың өзімен сыналып, бүгінгі таңда басқаларға үлгі болып келеді.

Өз сөзінде еліміздегі татулық пен тұрақтылықтың ең басты кепілі міндетін Қазақстан халқы Ассамблеясы атқарғанына тоқталған Елбасы ҚР Парламенті Мәжілісінде отырған 9 депутаттың Ассамблея атынан сайланғанын ерекше атап өтті. Сондай-ақ, еліміздің этникалық тілдер мен мәдениеттерге де қамқор екендігін тілге тиек еткен Нұрсұлтан Әбішұлы 88 мектепте сабақ өзбек, тәжік, ұйғыр, украин тілінде өтетінін, 108 мектепте Қазақстан этностарының 22 тілі жеке сабақ ретінде оқытылатынын еске салды. Одан бөлек, Қазақстанда 15 тілде 35 мерзімді баспасөз бар екенін, телеарналарда 11 тілде бағдарламалар шығатынын, 14 орыс театры, өзбек, ұйғыр және корей театрлары жұмыс істейтінін еске салды.

Еліміздегі әлеуметтік бірлікті нығайту үшін медиация институтын толыққанды пайдалану қажеттігін алға тартқан Елбасы әлемдегі қақтығыстарда бейбіт халықтың тартар зиянын мысалға келтіріп, ұлтаралық қақтығыстар ең қуатты деген мемлекеттердің өзін құлдырауға апаратынын ескертті. Сондай-ақ, елімізде құрылған қоғамдық кеңестердің жұмысына, биыл өтетін Президент сайлауына қатысты пікір білдірді.

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясында сөз алған жазушы Смағұл Елубай, Түркиядан келген саясаттанушы ғалым Куршад Зорлу, Германиядан келген қоғам қайраткері Гаукс Вальтер, «Емир-Ойл» ЖШС кен орнының басқарма басшысы Джамалайл Элимханов, болашақ тілші Милина Вавулиди өздерінің жүрекжарды тілектерін жеткізіп, шынайы пікір білдірді.

Алқалы жиынды қорытындылаған Нұрсұлтан Назарбаев:

– Біз халықаралық қоғамдастыққа бейбітшілік пен келісімнің барлық құндылықтарын ілгерілетуге тырысамыз. Қазақстан жері өркениеттер диалогының орнына айналды. 2003 жылдан бері елордамызда тұрақты түрде съезд өтіп, оған барлық әлемдік және дәстүрлі діндердің өкілдері қатысады. Әлемде олардың барлығы бірге жиналатын басқа жер табылған жоқ, – деп еліміздегі бейбітшілік пен ынтымақтың, келісім мен бірліктің әлем елдеріне үлгі екендігін мысалға келтірді. – Біздің ұлтаралық бейбітшілік пен келісім тәжірибеміз баяғыдан-ақ БҰҰ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ, АӨСШК сынды көптеген халықаралық алаңдарда танылған. Сонымен қатар, Қазақстан әлемде білікті бітімгер ретінде танымалдыққа ие. Сондықтан бізге жақын және шалғай жатқан көршілер сенім артады. Бұл кездесулердің барлығы бізде өткізіледі.

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясының соңы «Туған жерге тағзым» атты салтанатты концертке ұласты. Мерекелік шарада қазақстандық жас әншілер Ержан Максим мен Данэлия Төлешова ән шырқап, «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты хореографиялық композициямен әдіптелді. Композицияға «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі, «Рухсара» би ансамблінің солистері, Қ.Қожамьяров атындағы Мемлекеттік республикалық академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры, Мемлекеттік республикалық академиялық корей музыкалық комедия театры, «Наз» мемлекеттік би театры, «Мәңгілік» би театры және чешен-ингуш этномәдени бірлестігінің «Вайнах» ансамблі қатысты.

Мәди АЛЖАНБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Қараталда тәртіп бұзған тұрғын 25 тәулікке қамалды

Қараталда тәртіп бұзған тұрғын 25 тәулікке қамалды

29.01.2026
16-18 ақпанда Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттері жұмыс істемейді

16-18 ақпанда Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттері жұмыс істемейді

29.01.2026
Ауа райына байланысты синоптиктер маңызды ескерту жасады

Жетісу облысында ауа температурасы 25 градусқа дейін төмендейді

29.01.2026
Айбек Смадияров жаңа қызметке тағайындалды

Айбек Смадияров жаңа қызметке тағайындалды

29.01.2026
Руслан Желдібай қызметінен босатылды

Руслан Желдібай қызметінен босатылды

29.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.