Талдықорған: +37°C
$ 532.74
€ 617.23
₽ 6.77
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

ОЗЫҚ ОЙЛЫ ҰЛТҚА АЙНАЛУДЫҢ ЖОЛЫ — ОҚУ МЕН ТОҚУ

03.05.2024
САЯСАТ
ОЗЫҚ ОЙЛЫ ҰЛТҚА АЙНАЛУДЫҢ ЖОЛЫ - ОҚУ МЕН ТОҚУ

«Жасыңды көрсет, болашағыңды бажайлайын». Бұл біздің емес, бізге дейінгілердің сөзі. Өңірге сапарлай келген ел Президентінің Кеңесшісі Мәлік Отарбаев осы сөздің мәнін айшықтай түскендей. Елордалық мейман түс ауа Көксу ауданынан соң Текеліге бағыт алды. Мұндағы мақсат айқын – тау бөктерін жағалай орналасқан моноқала жастарымен тілдесу. Сын көзбен қарап, елдің келешегін тұспалдау емес, жас шыбықтай өсіп келе жатқан жастарға бағдаршамдық қылу, бағдар беру. Текелі қалалық жастар орталығында шымылдығын түрген жиында қос тарап қоғамдық құндылық, қазақы тәлім мен тәрбие, ұлттық кеңістік турасындағы әңгімелердің тиегін ағытты.


Мәлік Нұржанұлы жаһандану дәуірінде қазақ елінің түп-тамырын қалай сақтаудың, бет-бейнесіз ұлтқа айналмаудың, әлемдік геосаяси жағдайларға қарамастан ұраны Алаш халықтың танымын тарылтпау жайын таразылады. Айтуынша, Ұлттық құрылтай күлтөбе басында жиі өтетін жай жиын емес, ұлттық кодты келер дәуірлерге жеткізуді қамтамасыз ететін жоспарлар айқындалатын диалог алаңы. Сол алаңның мінберінде көтерілген мәселелер түптеп келгенде бабалар мұратын замана үніне жалғап, ғылым мен технология дәуірінде бәсеңдемесін қамтамасыз етеді екен.

Оқу мен тоқу. Озық ойлы ұлт болудағы басты қажеті осы. Аспанға әлсін-әлсін ғарыш кемесін ұшырып, күллі адамзаттың жадын тырнақтай микросхемаға сыйдыратын заман туса да кітап пен басылым оқу тұрмыстан ажырамауы қажет. Әлемдік алпауыттардың өзін артта қалдырған арал-мемлекет Жапония сандық технология жасақтаудан алдыға қара салмайды. Дамығаны дамыған. Адам еңбегін құлтемірге алмастырған сол ел кітап оқудан да ешкімге есе жібермейді. Бір сөзбен айтқанда кітапты «нандай» тұтынады. Бізге қажеті де осы. Бірақ, қазақ қоғамында кітап оқу мәдениеті кенжелеп қалған. Батыста қалыптасқан тәмсіл бар: «Дамушы ел – теледидар қарайды, компьютерге көп иек артады, ал дамыған және дамуды тірлігіне арқау еткен ел оқиды» деген. Қазақстанды дамытуды көздейтіндер кітап пен газетті оқуы тиіс. Президент Кеңесшісі білім мен ілімді қағаз беретінін айшықтай түсті.

Мұнан өзге Мәлік Нұржанұлы отбасылық құндылық жайын да таразылады. «Балам – болашағым» деген ұлттың қазіргі ұрпағына қажеттісі сол, баланы алымды һәм қарымды етуге қам-қарекеттің жайын тізбектеді. Айтуынша, атажұртта бала тәрбиесінің негізгі жауапкершілігі аналардың мойнына жүктелген. Содан болар, қазекем бар жақсысын, бар құндысын анаға балаған: Отан-ана, Ана тіл, Жер-Ана, тағысын-тағылар. Өткеннің еншісін екшелесек, Абайдың хакім болмағы Құнанбайдың қанынан болғанмен Ұлжан мен Зеренің тәлімі мен тәрбиесі оны Ұлы етті. Дәл осындай жайт, Шоқанды «Шығыс жұлдызы» еткен Айғанымның еңбегі де орасан еді. Міне, қазіргі қазақ көгінде жарқырар ұрпақ өсіруде аналар өз миссиясына ұқыптылық танытуы керек екен.

 – Көп жағдайда қоғамдағы мәселелерді көтеріп жатамыз. Онысы жөн. Айтпаған соң көп дүние кейін ушығып жатады. Мына жайды ескерген жөн, кемшін жайға жауаптыларды түйремес бұрын сол кемшіліктің туындауында айтушының, яғни, өзінің қандай қатысы барын айқындау аса қажет. Маңайдағы мәселені шешуді өз басымыздан бастаған абзал. «Әлемді өзгерткің келсе, өзің өзгер» тәмсілі осыны айшықтайды. Сондықтан Ұлттық құрылтай көтерген мәселелерді тек мемлекеттің міндетіне жүктеуге болмайды. Ондағы әрбір ой қоғамды, елді жарқын болашаққа бастайтын баспалдақ деп түйсінген абзал. Сол баспалдақтың әр сатысын сіз бен біз болып бірге адымдауымыз қажет, – деді Мәлік Отарбаев.

Мұнан соң қос тарап еркін пікір алмасты. Жастар жағы саяхаттауға сұранып тұратын Текелідегі туризмдік әлеуетті арттыру, жастар саясатындағы замана тенденцияларын ескеретін шараларды молайту, креативті бастамаларға ден қой жағын ұсынды.

– Жиында жастар санасын бір сілкитін ауқымды мәселелер айтылды. Түйгенім, адам өткізгіш, өзіне дейінгілерден адам болу, адал болу сынды қасиеттерді қабылдап, оны келер ұрпаққа өткізуі керек. Қазіргі қоғамда ана болу, ананың ұрпақ тәрбиесіндегі рөлін арттыру кезек күттірмес мәселе. Ер-азамат отбасын асырауды міндеті деп білсе, әйел дүниеге әкелген ұрпағын өмір сүруге қабілетті, бойына адами қасиеттердің жақсысын сіңіруді басты миссиясы етуі керек. Бүгінгі ұрпақ – ертеңгі ел тізгіндер тұлға, – дейді текелілік белсенді Айым Әбзелбаева.

Мәлік Нұржанұлы кездесу соңында жастарға сәттілік тілеп, олар сөз еткен ұсыныстардың қалтарыста қалмайтынын жеткізді.

Дастанбек САДЫҚ

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда футболдан әуесқойлар арасында чемпионат өтті

Талдықорғанда футболдан әуесқойлар арасында чемпионат өтті

18.07.2025
Аптап ыстық, нөсер: 16 облыста дауыл туралы ескерту жарияланды

Аптап ыстық, нөсер: 16 облыста дауыл туралы ескерту жарияланды

18.07.2025
Қазақстанда туберкулезді 2 сағат ішінде анықтайтын жаңа әдіс енгізілді

Қазақстанда туберкулезді 2 сағат ішінде анықтайтын жаңа әдіс енгізілді

17.07.2025
Елімізде жаңа 43 қоқыс полигоны салынбақ

Елімізде жаңа 43 қоқыс полигоны салынбақ

17.07.2025
Президент ауқымды заңға қол қойды: 8 маңызды бағыт айқындалды

Президент ауқымды заңға қол қойды: 8 маңызды бағыт айқындалды

17.07.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.