1 қыркүйек — дәл Білім күнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Қазақстан халқына Жолдау арнайды деп күтілуде. Бұл туралы «Жетісу» газеті Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап мәлімдеді.
Жолдау сағат 11:00-де Парламент палаталарының бірлескен отырысында болады. Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауында Президент елдің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары туралы айтады.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»





