Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ кешенді бітімгершілік оқу-жаттығуларын көру үшін Алматы облысына келді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
«Президент — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы әскери даярлық оқу орталығының қызметімен танысып, бітімгершілік операцияларды пысықтау оқу-жаттығуларының белсенді кезеңін бақылайды. Сондай-ақ, әскери қызметкерлердің алдында сөз сөйлеуі жоспарланған», — деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»





