Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді.
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті.
Жиында армияны жаңғырту және әскери инфрақұрылымды жетілдіру мәселелері қаралды.
Мемлекет басшысы Қарулы Күштерді одан әрі дамыту бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
Дереккөз: Ақорда





