Үкімет эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға байланысты және тестілеу ауқымын кеңейту туралы шараларды жариялайды. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ «Twitter» парақшасында хабарлады.
«Азаматтардың карантин режимін жаппай сақтамауы салдарынан коронавирус індетінің таралу қаупі күшейіп тұр. Дегенмен, Үкіметтің бақылауында», — деп мәлімдеген Президент Үкімет эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға байланысты және тестілеу ауқымын кеңейту туралы шараларды жариялайтынын жеткізді.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»
Сурет — ғаламтордан





