Қаскелең қаласында барлығы 25 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Оның ішінде, «Алтын ауыл» орта мектебінде орналасқан №343 сайлау учаскесінде барлығы 2622 сайлаушы тіркелген.
Күн жексенбі болғанына қарамастан мұнда келушілердің белсенділігі байқалады. «Сайлаушыларға алдын-ала шақыру қағаздары таратылып берілген. Сондықтан, адасып келген адамдар кездескен жоқ. Сайлау қалыпты жағдайда, азаматтардың өзара түсіністігімен өтуде», — дейді комисия төрайымы Жансая Рашат.
Қуат ҚАЙРАНБАЕВ
Суретті түсірген — автор
Қарасай ауданы





