Талдықорған: +16°C
$ 470.46
€ 543.10
₽ 5.86
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

ПРЕЗИДЕНТ ҮШ МИНИСТРГЕ СӨГІС ЖАРИЯЛАДЫ. ҮКІМЕТТІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ

14.07.2022
САЯСАТ
ПРЕЗИДЕНТ ҮШ МИНИСТРГЕ СӨГІС ЖАРИЯЛАДЫ. ҮКІМЕТТІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді. Бұл туралы «Жетісу» газетінің сайты Президенттің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы бейнебайланыс режимінде өтті. Іс-шараға Премьер-министр Әлихан Смайылов, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Президент Әкімшілігінің басшылығы, Үкімет мүшелері, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері, орталық мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың басшылары қатысты.

Мемлекет басшысы еліміздің күрделі геосаяси сын-қатерлерге қарамастан, бірқалыпты дамып келе жатқанын атап өтті. Биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша экономика 3,4 пайызға, ал нақты сектор 4,1 пайызға өскен. Әсіресе, өңдеу өнеркәсібі саласында айтарлықтай ілгерілеу бар.

– Инфляция бір орында тұрған жоқ. Қазір бұл көрсеткіш 14,5 пайызға жетіп, 2015 жылғы деңгейден асып түсті. Бірінші жартыжылдықта экономикамыз қалпына келді. Бірақ халықаралық институттар Қазақстанның ішкі жалпы өнімі биыл 2 пайызға ғана өседі деп болжап отыр. Бұған дейін олар өсім 3,7 пайыз болатынын айтқан еді. Сондықтан Үкімет ел экономикасының орнықты дамуын қамтамасыз етуге тиіс. Ең бастысы, азаматтардың нақты табысын арттыру қажет, – деді Президент.

Отырыс барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет мүшелері мен өңірлер әкімдерінің назарын халықты алаңдатқан бірқатар өзекті мәселені шешу қажеттігіне аударды. Президент инфляцияны және азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, азаматтардың табысын арттыру және адами капиталды дамыту, ақша-несие және салықтық-бюджет саясатын жетілдіру, экономиканың нақты секторына қолдау көрсету, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, автожол инфрақұрылымын дамыту сияқты мәселелер бойынша нақты міндеттер жүктеді.

Мемлекет басшысы Премьер-министр Әлихан Смайыловтың және Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовтың баяндамаларын тыңдап, Үкімет жұмысының нәтижесіне орташа баға берді.

Президент министрлер мен әкімдерге, ведомстволар мен ұлттық компаниялардың басшыларына жұмыс қарқынын барынша күшейтіп, жаңа әдістер мен тың идеяларды пайдалану қажет екенін айтты. Сонымен қатар, оларға еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар міндет жүктеді.

Жиын барысында Мемлекет басшысы Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановқа, Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевке, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевке сөгіс жариялады, сондай-ақ, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинге ескерту жасады.

Президенттің Үкімет отырысында сөйлеген сөзін мына сілтемеден оқи аласыздар.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

«Астана – Қорғалжын» тас жолына су жайылды

«Астана – Қорғалжын» тас жолына су жайылды

06.04.2026
Қайта тіркелуі тиіс

Қайта тіркелуі тиіс

05.04.2026
Алаяқтарға аяушылық жоқ

Алаяқтарға аяушылық жоқ

05.04.2026
Есірткі сатып есірген

Есірткі сатып есірген

05.04.2026
Ауылдан күш аламын

Ауылдан күш аламын

05.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.