Мемлекет басшысы халық қалаулысы, қазақ өнерінің жарық жұлдызы, әнші Бекболат Тілеуханның коронавирус жұқтыруына байланысты желіде пост жариялады.
Президент әлемге тараған дерттен Қазақстан азаматтарын сақтануға шақырып, карантин талаптарын орындауға шақырады. Сондай-ақ, депутат Бекболат Тілеуханның сауығып кетуіне тілектестік танытты. «Белгілі қоғам қайраткері, қазақтың ұлттық өнерінің майталманы Бекболат Тілеуханға індеттен тезірек сауығып шығуын тілеймін. Барлық азаматтарды дерттен сақтанып, карантин талаптарына мұқият болуға шақырамын», — деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»
Сурет — ғаламтордан





