Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ қоғамда қызу талқыланып жатқан «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасына қатысты пікір білдірді.
Желіде жариялаған жазбасында Президент: «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы қоғамда қызу талқыға түсуде. Бұл – орынды. Өзекті мәселелер кеңінен талқылануға тиіс. Оның нормаларын мұқият қарап, барлық пікірлерді ескерген жөн. Басты міндетіміз – әйелдер мен балалар құқығын қорғау», — деді.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»
Сурет — ғаламтордан





