Талдықорған: +16°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

Қаратал ауданының құтқарушылары өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірді

22 мамыр 2026
САЯСАТ, КҮНДЕРЕК
Қаратал ауданының құтқарушылары өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірді

Фото: zakon.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Қаратал ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері өңір тұрғындары мен ата аналарға тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау туралы арнайы үндеу жолдады. Мамандар әрбір баланың жастайынан тілсіз жаудың қауіптілігін терең түсініп, төтенше жағдай орын алған сәтте өзін қалай дұрыс ұстау керектігін білуі маңызды екенін алға тартады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Құтқарушылардың мәлімдеуінше өрт оқиғаларының басым бөлігі адамдардың отпен жұмыс істеу кезіндегі салғырттығы мен абайсыздығынан туындайды және осындай қайғылы жағдайлардың айтарлықтай саны тұрғын үй секторында жиі тіркеледі. Осыған байланысты өзіңіздің және балаларыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін төтенше жағдайларда әрекет ету жолдарын үйде мүмкіндігінше жиі талқылап тұру қажет. Сала мамандары әрбір отбасы білуі тиіс балаларға арналған бес негізгі өрт қауіпсіздігі ережесін ұсынады. Біріншіден сіздің балаңыз өзі тұратын нақты мекен жайын, тегін, атын және әкесінің атын, сондай ақ шұғыл байланыс телефон нөмірін жатқа білуі тиіс, бұл ақпаратты бірге қайталап үйренген жөн. Екіншіден тез тұтанатын жанғыш құрылғылар мен заттарды балалардың қолы жетпейтін қауіпсіз жерде сақтау талап етіледі.

Үшіншіден күнделікті тұрмыста үтіктер, фендер, кофеқайнатқыштар мен шәйнектер сияқты шағын электр құрылғыларын желіден ажырату арқылы балаға үлгі көрсету маңызды саналады. Төртіншіден үйде, қонақта немесе саяжайда жүргенде ересек адамдардың қарауынсыз каминдер мен радиаторлар сияқты жылыту құралдарына жақындауға немесе оларды өз бетімен қосуға үзілді кесілді тыйым салынатынын ұғындыру қажет. Бесіншіден балаңызға сіріңке мен оттықтың балаларға арналған ермек немесе ойыншық емес екенін үнемі еске салып отыру өте маңызды. Осындай қарапайым ережелерді жас ұрпақтың санасына сіңіру арқылы ғана күтпеген апаттардың алдын алуға болады. Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері ересектерді балалар қауіпсіздігіне барынша жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Қатысты жаңалықтар

Qajet taxi – үлкен жоспардың алғашқы қадамы

Qajet taxi – үлкен жоспардың алғашқы қадамы

Бүгін, 14:30
БҰҰ-да Халықаралық су ұйымын құру ұсынысы талқыланады

БҰҰ-да Халықаралық су ұйымын құру ұсынысы талқыланады

Бүгін, 13:20
Шынайы отаншылдық – құрғақ сөз емес

Шынайы отаншылдық – құрғақ сөз емес

Бүгін, 12:30
54 түрлі өнім ұсынылды

54 түрлі өнім ұсынылды

Бүгін, 10:43
Ана – ұлттың ұйытқысы

Ана – ұлттың ұйытқысы

Бүгін, 10:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.