Талдықорған: +14°C
$ 473.13
€ 554.08
₽ 6.13
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ 2022 ЖЫЛҒЫ ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

20.01.2023
САЯСАТ
ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ 2022 ЖЫЛҒЫ ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 2022 жылғы жұмыс қорытындысы мен алдағы кезеңге жоспарын айқындауға арналған кеңейтілген алқа отырысы өтті.

Жиынға Президент Әкімшілігінің өкілдері, Парламент депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, орталық мемлекеттік органдар өкілдері, аумақтық департаменттердің басшылары, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы және Мемлекеттік қызмет персоналын басқару жөніндегі ұлттық орталықтың қызметкерлері қатысты.

Басқосу барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев 2022 жылы іске асырыла бастаған маңызды жобаларға ерекше назар аударды.

– Біздің атқарған жұмысымыз Мемлекет басшысы қойған міндеттерді толыққанды жүзеге асыру және халыққа шынайы, адал, ашық қызмет көрсететін, бюрократияға жол бермейтін сервистік сипаттағы мемлекеттік аппарат қалыптастыру бағытында жүргізілді», – деді Дархан Жазықбаев.

Атап айтқанда, мемлекеттік қызметке кіруде артық кедергілерді жою және мемлекеттік қызметтен шығу тәртібін жеңілдету мақсатында ЖОО-ның үздік түлектерін аудан мен ауылда төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз тағайындау, «Б» корпусының жоғары лауазымдарына уәкілетті органның келісімімен тікелей тағайындау, мемлекеттік қызметшілерді тоқсандық бағалауға көшу бойынша заңнамаға өзгерістер енгізілді.

Агенттіктің мемлекеттік органдардың стратегиялық HR-әріптесіне айналу мәселесі көтеріліп, ол үшін рекрутинг (үміткерлерді іздеу және таңдау), талант-менеджмент (іріктеу, бағалау және персоналдың әлеуетін дамыту), ассесмент (құзыреттерді бағалау) пен өзге де жаңа құралдарға ерекше көңіл бөлінетіндігі туралы айтылды. Агенттік кадр саясатының тиімділігін қамтамасыз етіп, мемлекеттік қызметке кіруден бастап зейнетке шыққанға дейін сүйемелдейтін болады.

Агенттік төрағасының айтуынша, HR-стратегияның тағы да бір маңызды құралы – кадр құжаттамасын цифрландыру. Мемлекеттік қызметке іріктеу мен өткеруді цифрландыру – «Е-қызмет» жүйесін жаңғырту арқылы жүзеге аспақ. Бүгінде мемлекеттік қызметке үміткерлерге онлайн режимде іріктеуден өтуге мүмкіндік беретін жүйенің сыртқы порталы әзірленіп бітті, биыл 1 наурыздан бастап пилоттық сынақтан 5 мемлекеттік органда өтеді.

Дархан Жақызбаев өз баяндамасында, 2023 жылы Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу өткізілетіндігін айтып, өңірлерге талантты жастарды тарту мақсатында республиканың барлық аймақтарында өңірлік резервтер құру жоспарына да тоқталды.

МҚІА басшысы мемлекеттік қызметті көрсету мәселесін айта келе, агенттіктің 2022 жылы қызмет алушылардың құқықтарын проактивті түрде, олардың шағымдарын күтпей-ақ, қашықтан мониторинг жасау арқылы құқық бұзушылық болған жағдайда заңдылықты орнату жұмысын ерекше атап өтті. Жүргізілген мониторинг нәтижесінде өңірлерде негізсіз бас тарту және толық жауап жолдамау фактілері анықталып, 124 қызмет алушы құқығы қорғалды.

Агенттікпен мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту бағытында денсаулық сақтау, білім беру, еңбек және әлеуметтік қорғау салаларында талдау жүргізіліп, нәтижесінде мемлекеттік аппараттың жұмысын мейлінше адамға бағдарланған сервистік сипатта қалыптастыруға, бюрократиялық кедергілерді азайтуға бағытталған 183 ұсыныс әзірленді.

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп қағидаттарын үнемі жетілдіріліп отыру – агенттіктің басты назарында. Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау жұмысында бұзушылықтардың профилактикасына үлкен мән беріледі. Әдеп жөніндегі кеңестерде қаралған тәртіптік істердің санының  төмендеу тенденциясы атап өтілді. 2021 жылмен салыстырғанда былтыр қозғалған істердің саны 29%-ға азайған. Ағымдағы жылдан бастап мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақыты режимінің сақталуын реттеу мониторинг жүргізу арқылы іске асырылмақ.

«Бүгінде мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар күшеюде. Мемлекеттік қызметтегі ең басты ұстаным –  «пайда ойлама, ар ойла» принципіне негізделуі қажет. Мемлекеттік қызмет халықтың қажетіне бағдарланып, толықтай сервистік сипатқа көшкенде, мемлекеттік аппараттың жұмысы жаңа деңгейге көтерілері анық», – деді агенттік төрағасы.

 

ҚР МҚІА Баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

«Жетісу» финалдың бірінші күні жеңіске жетті

«Жетісу» финалдың бірінші күні жеңіске жетті

11.04.2026
IT-қызметтер экспорты 1 млрд долларлық межеден асты

IT-қызметтер экспорты 1 млрд долларлық межеден асты

10.04.2026
Тоқаев пен Мирзиёев Бұхарада бейресми кездесу өткізеді

Тоқаев пен Мирзиёев Бұхарада бейресми кездесу өткізеді

10.04.2026
Жетісу өнеркәсібінің ардагері Қуаныш Әжмағамбетов өмірден озды

Жетісу өнеркәсібінің ардагері Қуаныш Әжмағамбетов өмірден озды

10.04.2026
QazCopyright: авторлық құқықтарды басқару толық цифрландырылды

QazCopyright: авторлық құқықтарды басқару толық цифрландырылды

10.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.