Талдықорған: +18°C
$ 481.54
€ 553.24
₽ 5.93
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

Резервтегі әскерилер ұрысқа дайын құрам ретінде жасақталады – Е.Бапи

14.11.2023
САЯСАТ
Резервтегі әскерилер ұрысқа дайын құрам ретінде жасақталады – Е.Бапи
WhatsAppTelegramFacebook

Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне резервтегі қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Құжатты еліміздің Қорғаныс министрлігі әзірледі. Былтыр желтоқсанда Мәжіліс қарауына енгізілген осы заң жобасын депутаттар жұмыс тобының отырыстарында егжей-тегжейлі талқыдан өткізді. Осы орайда депутат Ермұрат Бапи бұл құжаттың негізгі мақсатына қатысты түсінік берді.

«Жаман айтпай, жақсы жоқ, егер де елімізге әлдебір қатер төнген жағдайда, бұрынғыдай мобилизацияға шақырып, одан кейін әскерге шақырылған азаматтың киім-кешегін беріп, оларды дайындықтан өткізу, қару-жарақпен қамтамасыз ету қадамдары тым ұзақ процесс. Ал резервтегі әскерлер — бұл әскердің жаңа түрі. Олар белгілеген мерзімде жауынгерлік дайындықтан өтіп тұрады. Тұрақты түрде тиісті оқу-жаттығу жиындары ұйымдастырылады. Осының нәтижесінде дайындықтан өткендерді уәкілетті орган тиісті әскери бөлімшелерге бірден бағыттайды», — деді Е.Бапи.

Атап айтқанда, резервтегі қызметке тартылғандар ұрысқа дайын құрам ретінде жасақталады. Бұл резервтегі қызмет қысқа мерзімде тиісті әскери бөлімге келуге, сондай-ақ қойылған міндеттерді орындауға дереу кірісуге даярланған азаматтардың сақадай-сай тұруына септігін тигізеді.

«Осы заң жобасын әзірлеудің негізгі мақсатына тоқталсақ, қазіргі әлемдегі геосаяси жағдай кезінде еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға бағытталған. Бұл тұрғыда резервтегі азаматтар арқылы әскер қатарын жылдам толтыру қарастырылған. Олар алдын ала дайындықтан өтеді. Резервтегілерді жұмылдыру қажет болса, дайындықтан өткендер бірінші дабылдан кейін өзінің әскери бөліміне келіп, өзі жауапты әскери бекетке барады немесе әскери техникасына отырады», — деді депутат.

Резервтегі қызметке тартылғандармен ерікті түрде келісімшарт жасалады. Сонымен қатар, заң жобасында резервте тұрған адам мен жұмыс беруші арасында қатынастарды реттеу тетіктері бар.

«Резервке баруға әр адам ерікті түрде таңдау жасайды. Әсіресе, жұмыссыз жүргендерді әскерге тарту пысықталды. Бұл ретте тиісті жалақы төленеді. Мәселен, ай сайын бірнеше сабаққа қатысқандарға минималды жалақы, ал оқу-жаттығу жиындары кезінде орташа айлық жалақы беріледі», — деді Ермұрат Сейтқазыұлы.

Төтенше немесе соғыс жағдайында жалақы мәселесі тиісті заңдар аясында реттелетін болады.

Депутаттың сөзіне қарағанда, бұл заң жобасын әзірлеу кезінде әлемдегі бірқатар қақтығыс аймағында жинақталған тәжірибе зерттелді. Заң жобасын Қорғаныс министрлігі даярлап, бұл ведомство біраз деректі зерделеген.

«Атап айтқанда, осы аптада Мәжілісте қаралатын «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне резервтегі қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы жыл соңына дейін қабылдануы керек. Себебі бұл құжаттың тәжірибе жүзінде іске асырылуы келер жылдан бастап қолға алынады. Резервтегі алғашқы әскери құрамалар 2025 жылдан құрыла бастайды. Жалпы, қазіргі теңселіп тұрған геосаяси жағдайды ескере отырып, арқаны кеңге салып жүруге болмайды. Бұл заң қабылданғаннан кейін, Қорғаныс министрлігі шұғыл жұмыстарға кіріседі», — деді Ермұрат Бапи.

Мұнымен қоса, осы құжат аясында резервтегі қызметке жұмылдырылғандардың жауапкершілігі мен міндеті, тәртібі жан-жақты белгіленеді.

Заң қабылданған жағдайда, қорғаныс саласына бөлінетін бюджет қаражаты біршама өсуі мүмкін.

Фото: Ермұрат Бапидің жеке архивінен

Қатысты жаңалықтар

1 сәуірден кейін коммуналдық тарифтер мен жанармай бағасы өсуі мүмкін

1 сәуірден кейін коммуналдық тарифтер мен жанармай бағасы өсуі мүмкін

31.03.2026
Цифрландыру жылы: Жетісуда болашақ технологиясы тақырыбы талқыланды

Цифрландыру жылы: Жетісуда болашақ технологиясы тақырыбы талқыланды

30.03.2026
«EcoFuture: таза идеялар мен жасыл шешімдер аумағы» экологиялық фестивалі өтті

«EcoFuture: таза идеялар мен жасыл шешімдер аумағы» экологиялық фестивалі өтті

30.03.2026
«Қалдықсыз өмір: кіші қадамдар – үлкен өзгерістер» атты экологиялық акция және ақпараттық эко-науқан өткізілді

«Қалдықсыз өмір: кіші қадамдар – үлкен өзгерістер» атты экологиялық акция және ақпараттық эко-науқан өткізілді

30.03.2026
Жетісуда көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүруде

Жетісуда көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүруде

30.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.