Талдықорған: +18°C
$ 460.37
€ 531.87
₽ 5.82
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

САЙЛАУ – 2023: ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСЫ ЖҮРУДЕ

06.03.2023
САЯСАТ
САЙЛАУ – 2023: ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСЫ ЖҮРУДЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Елдегі ҚР Парламент Мәжілісі мен мәслихатының кзектен тыс сайлауы 19 наурызда өтеді. Кандидаттар мен партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, сайлауалды бағдарламымаларын таныстыруда.

Жарқын болашаққа нық қадам

«AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының сайлауалды штабы, ҚР Парламенті мәжілісі, облыстық, қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар, партия жақтастары, белсенді жастар Талдықорған қаласы бойынша «Есіктен есікке» акциясына қатысты. 
Шара барысында үгіт-насихатшылар партияның осы уақытқа дейін атқарған жұмыстары мен бастамаларын қала тұрғындарына таныстырып, саяси науқанда «AMANAT» партиясын қолдауға шақырды. 
Жетісу – аграрлы аймақ. Мұндағы тұрғындардың 56 пайызы ауылдық жерлерде тұрады. Дегенмен, облыстағы барлық ауылшаруашылық техникаларының 65 пайызы, су шаруашылығының нысандары 70%-ға тозған. 2027 жылға дейін 600 дана ауылшаруашылық техникасын лизингке алуға, өңірдің басты бренді қант қызылшасы егілетін алқапты 12 мың гектарға ұлғайтуға, жаңадан 900 мың гектар жайылымдық жер енгізуге мұрындық болмақ.
Шара барысында 100-ге жуық штаб мүшесі Талдықорған қаласы бойынша 1000-нан аса тұрғын үйді аралап, партияның 2027 жылға дейін жүзеге асыратын бастамаларын толықтай түсіндіріп шықты.

Қордаланған мәселе көтерілді

Қазақстан Халық партиясы үгіт-насихат жұмысын жүйелі жүргізуде. Айталық,  Жетісу облысы бойынша штаб мүшелері Талдықорған қалалық емханасының жұмыс тобымен кездесу өткізді.
Партия өкілдері ҚХП-ның бағдарламасын жан-жақты түсіндіріп, алдағы жоспарларға тоқталып, 19 наурызда өтетін Қазақстан Республикасының сайлауына қатысудың маңыздылығын атап өтті.
Келесі кезекте ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидаттар сайлауалды үгіт-насихат жұмысын Сыр елінде жалғастырды. Спикер қызылордалық көпбалалы аналармен кездесіп, Халық партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Халық партиясы балабақшадан бастап қазақстандықтарға медициналық қызмет көрсету мен білім беруді тегін етуді қолдайды.
Жиында әлеуметтік саладағы қордаланған мәселелер де айтылды. ҚХП Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Қанатбек Маханов ауылдық жерлерді және ауылшаруашылық саласын дамыту, таза су, жарық, жол мәселесін тілге тиек етті. Жиын соңында көпбалалы аналар көкейіндегі сауалдарын жолдап, тұшымды жауап алды.

Қызу жұмыс жүруде

Сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарын белсенділікпен жүргізіп жатқан «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының» өкілдері Текелі қаласында жергілікті тұрғындармен кездесу өткізіп, сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
Саяси ұйымның жақтастары бұған дейін күллі Қазақстан бойынша 300-ден астам кездесу өткізген болатын. Бұл межені енді 500-ге жеткізуді жоспарлап отырған ЖСДП өкілдері ұйымдастырылған іс-шаралардың нәтижесін әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына жариялап келеді.
Осындай мақсатта моноқала жұртшылығына түрлі үнпарақтар мен буклеттер таратқан партия белсенділері Текелінің халық көп жиналатын орындарына барып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Партия өкілдері Ж. Мұқаманов, Б. Жазылбеков, Н. Сайлаубай тыңдаушыларға отандық туризмнің орталығына айналуы тиіс кенді қаланың мүмкіндігін түсіндіріп, тұрғындарға көрсетілер әлеуметтік қолдауды жан-жақты талқылады.

Табысты кездесу

«Ақ жол» демократиялық партиясының өкілдері  Жетісу облысында кездесулер өткізіп, жергілікті жұртшылыққа партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
Талдықорғандағы «Қайнар» аккумулятор зауытына арнайы барған партия төрағасы Азат Перуашев пен орынбасары Қазыбек Иса еңбек ұжымына сайлауалды бағдарламада қамтылған бағыттарды таныстырып, келешекке межеленген міндеттерді түсіндірді. Атап айтқанда, үлкен қалалардағы қалыптасқан инфрақұрылымның өзекті мәселелерін талқылап, оларды түзетудің жолдарын қарастырды.
Кездесуде таза ауызсу, электр қуатының бағасы, жолдардың сапасы және тұрмыстық қалдықты өңдеу сынды өзекті сауалдар қойған тұрғындардың сұрағына лайықты жауап қайтарылды.

Жұртшылықты тыңдады

«Respublica» партиясы атынан сайлауға түсіп жатқан кандидаттар Текелі қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді. Сондай-ақ,  партияның облыстық филиалының мүшелері «Artsport» өкілдерімен кездесіп, балалардың спортпен айналасуына қолайлы жағдай жасау сынды мәселені қозғады.
Сонымен қатар, партияның негізгі идеясы, оның алға қойған мақсат-міндеттері айтылып, жиынға қатысушыларға арнайы таратпа материалдары мен брошюралар берілді.
Сондай-ақ, облыс орталығы Талдықорған, Текелі қалаларындағы орталық базардағы сауда орталықтарында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген партия белсенділері шағын және орта кәсіпкерлік өкілдеріне және өзін-өзі жұмыспен қамтушы азаматтарға сайлауалды бағдарламаның басым бағыттарын таныстырып, көпшілікті толғандырған сауалдардың жауабын бірге қарастырды.
Атап айтқанда, облыстық мәслихатқа кандидаттар Ерлан Андаспаев пен Гүлназ Мұстафа жергілік жұртшылыққа биылғы сайлаудың ерекшелігін түсіндіріп, көпшіліктің көңілін алаңдатқан тақырыптарды талқылады.

Ауылдардың инфрақұрылымы қалпына келеді

«Ауыл» партиясы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын Атырау облысында жалғастырды. Кандидаттар Махамбет ауданына барып, сайлаушыларымен кездесті. 
Одан кейін Атыраудағы Абай орталығына барып, партия мүшелері ұйымдастырған көрмені тамашалады. Келушілер назарына белгілі суретші Камила Жапалованың еңбектері ұсынылды.
Жетісу жеріндегі «Ауыл» партиясынан үгіт-насихат жұмыстары белсенді жүруде. Парламент мәжілісіне, облыстық мәслихат депутаттығына кандитаттар Көксу ауданындағы Жамбыл, Ақтекше, Зылиха Тамшыбай, Жарлыөзек, Балпық би ауылдарында тұрғындармен кездесті. Жиында елді мекендегі шаруашылықты өрістету, халықтың тұрмыс деңгейін көтеру мақсатында қолға алынып жатқан ауқымды жұмыстар сөз болды.

Қоршаған ортаны бірге қорғайық!

«Байтақ» жасылдар партиясының өкілдері жергілікті өзін-өзі басқару органдары туралы жаңа заң қабылдау қажет екенін айтты.
– Бүгінгі таңда әлеуметтің жергілікті басқару жүйесімен байланысы жоқ. Сол үшін жаңа заңды тез арада қабылдауымыз керек. Егер біз парламентке баратын болсақ, жергілікті өзін-өзі басқару заңын қолға аламыз. Сол арқылы біз жергілікті халықтың билікке дауысы жететіндей етіп жасаймыз, – деді партия жетекшісі.
Алматыда «Байтақ» жасылдар партиясының белсенділері мен жас спортшылар веломарафон ұйымдастырды. Іс-шараға қатысушылар мәдениет және демалыс саябағынан бастап, шаһар көшелері арқылы 10 шақырымды бағындырды.
Саяси құрылым өкілдері осы арқылы қоғам арасында салауатты өмір салтын қалыптастырып, күнделікті автокөліктен гөрі велосипедті жиі пайдалануды насихаттауды көздеп отыр. Белсенділер жастардың бос уақыттарын таза ауада тиімді өткізуі маңызды дейді.

Қатысты жаңалықтар

Әйелдердің зейнетке шығу жасы ұлғаймақ

Әйелдердің зейнетке шығу жасы ұлғаймақ

08.04.2026
Қазақстанда фейк ақпарат үшін жаза жеңілдейді

Қазақстанда фейк ақпарат үшін жаза жеңілдейді

08.04.2026
Бішкекте бала саудасымен айналысқан Қазақстан азаматы 12 жылға сотталды

Бішкекте бала саудасымен айналысқан Қазақстан азаматы 12 жылға сотталды

08.04.2026
Ашық форматтағы кездесу: Жетісуда полиция жұмысы күшейді

Ашық форматтағы кездесу: Жетісуда полиция жұмысы күшейді

08.04.2026
Мемлекет басшысы Корея Республикасы президентінің арнаулы өкілін қабылдады

Мемлекет басшысы Корея Республикасы президентінің арнаулы өкілін қабылдады

08.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.