Қазақстан бойынша биыл аралас сайлау жүйесі қолданылып отыр. Соған орай, Парламент Мәжілісінің 70%-ы және облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен Астана қаласы мәслихаттарының 50%-ы партиялық тізіммен, қалған бөлігі бірмандаттық округтерден өзін-өзі ұсынған азаматтармен қалыптасады.
Одан бөлек, 7 партия сайлауға қатысып отырғанын ескеруге тиіспіз. Осыған орай облыс тұрғындары 5 сайлау бюллетені бойынша дауыс береді. Оның біріншісі – Парламент Мәжілісінің депутаттық мандатына таласып отырған партияға, екіншісі – Парламент Мәжілісіне бірмандаттық округтер бойынша түсіп отырған өзін-өзі ұсынушы үміткерге, үшіншісі – облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен Астана қаласы мәслихаттарының депутаттық мандатына таласып отырған партияға, төртіншісі – облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен Астана қаласының мәслихаттарына бірмандаттық округтер бойынша түсіп отырған өзін-өзі ұсынушы үміткерге, бесіншісі – аудандық және қалалық мәслихаттарға бірмандаттық округтер бойынша түсіп отырған өзін-өзі ұсынушы үміткерге арналады.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»





