Талдықорған: +17°C
$ 460.37
€ 531.87
₽ 5.82
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

«САЙЛАУ — 2023»: ӨРКЕНДЕУГЕ БАСТАР ӨЗГЕРІСТЕР

07.02.2023
САЯСАТ
"САЙЛАУ — 2023": ӨРКЕНДЕУГЕ БАСТАР ӨЗГЕРІСТЕР
WhatsAppTelegramFacebook

Еліміздің үлкен өзгерістер мен жаңаруларға қадам басқанын биылғы барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауынан байқап отырмыз. Әсіресе, биылғы сайлаудың өзгелерден айырмашылығын баяғы 90-шы жылдардың ішінде өткен бірмандаттық сайлау тәртібіне келгендімізден көруге болады.

Мен 1995 жылы жаңа Конституция қабылданғаннан кейінгі сайлау жүйесімен 2 рет Мәжіліске депутат болдым. Ол уақытта сайлау бірмандаттық жүйемен өткізілетін. Мысалы, аудандық мәслихаттың депутаттығында 13 орын болса, 13 округте сайлау өтетін. Олардың әрқайсысынан жеке-жеке депутат жеңіп шығатын. Бір округтен сайлауға бірнеше  адам түсіп, барын салып жұмыс істейтін. Әрине, ауылдық округ болғандықтан кандидаттың туған жері болуы мүмкін немесе сол елді мекендегі мықты танысын, туысын сенімді өкіл ретінде таңдап, сайлаушылармен тікелей жүздесіп жататын. Соның арқасында сол өңірге еңбегі сіңген, жергілікті халықтың құрметіне бөленген кандидаттың жұлдызы жанатын. Осы үрдіс аудандық, облыстық мәслихаттарға жалғасып, бірмандаттық іріктеуден өткен 3 адам Мәжіліске түсетін. Талдықорған қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы болған Көбес Ақылбаев, Парламент депутаттығын өткізген Василий Граисов және мен үшеуміз үш округтан сайлауға түстік. Алғашында Панфилов, Гвардия, Ескелді аудандары және Текелі қаласы кірген округте үгіт-насихат жүргізіп, жергілікті жұртшылықпен жақын таныстым. Кейін 1999 жылы ІІ шақырылымның сайлауына түскенімде Панфилов, Кербұлақ, Ескелді аудандары толық, Ұйғыр ауданының Тасқарасу, Шарын ауылдық округтері қосылды.
Одан кейін Парламент таратылып, ІІІ шақырылымның сайлауынан бастап кандидаттар партиялық тізіммен іріктелді. Әрине, алғашында Талдықорған, Үштөбе, Текелі сынды республикалық маңызы бар қалаларда бірмандаттық сайлау өткізілді. Содан бастап-ақ, кейінгі сайлаулардың бәрі де тек партиялық жүйеге ауысты. Ол үшін депутат болғысы келген адам бір партияға мүше болуы тиіс. Шынын айту керек, содан бастап халықтың сайлауға деген сеніміне селкеу түсе бастады. Бұрын өз кандидатын жақсы білетін сайлаушылар кейінгі депутаттарды танымайтын болып шықты. Оның мысалын өз басымнан өткерген едім. Алғашқы шақырылымда атқарған азды-көпті жұмысымды ескерген жергілікті жұртшылық екінші сайлауда тағы да сенім білдірді. Атап айтқанда, халықтың игілігі үшін қабылдаған заңдардың, диқандарға салықтан жеңілдік әпергенімнің, Арқарлы ауылдық округіндегі 49 фрегатты қайтадан жаңарту үшін Ауылшаруашылық министрлігінен қаражат бөлдірген еңбегімнің, Текелі «Суфле Қазақстан ашытқы зауыты» АҚ-ның өнімдерін отандық өндіріске қолдану керектігін айтқан ұсынысымның өтеуі алдымнан шықты. Одан бөлек осы өңірдегі бірнеше ауылшаруашылық кооперативтерінің салықтан жеңілдік алуына тигізген көмегім халықтың ықыласына бөленуіме әсер етті. Соның арқасында ауылшаруашылық саласының жұмысын жандандырған шаруа қожалықтары біраз серпіліп, қарапайым халық өзі сайлаған депутатпен тікелей байланыс орната білді.
Кейіннен партиялық тізіммен өткен депутаттардың көпшілігін жергілікті жұртшылық танымауға айналды. Яғни, барлық деңгейдегі мәслихаттарға депутат болатын адамды партия өз ішінде іріктеп, ұсынуынан кейін-ақ халықпен байланыс үзілді. Сол арқылы қоғамды жақсы жағына өзгертуге құлықты адамдар партияға тәуелді бола түсті. Есесіне сайлауалды бағдарламада айтылған мәселелердің орындалуына партия жауапты болғандықтан жер-жердегі аса өзекті мәселенің шешімі қашан табылатынын халық кімнен сұрарын білмеді. Егер жеке адам болса кездескен сайын айтқан уәдесінің нәтижесін сұрай берер еді. Олай болмағаннан кейін халықтың сайлауға деген сенімі селдіреп, саяси додаға немқұрайлылықпен қарай бастады. Сосын ел ішінде: «Ой, бізсіз де сайлап алады. Келісіп алды ғой. Кім болатынын шешіп қойған болар?!», – деген тығырыққа тірейтін сөздер айтылды. Ащы да болса ақиқат осы. Ал, партиялық тізіммен депутат болудың кесірі азаматтардың бөлінген квотаға телміруіне апарды. Оны өзара бөлісіп алған партиялар кімнің қайда баратынын өз ішінде шешіп отырды. Республика, облыс деңгейін айтпағанның өзінде аудандық мәслихаттың өзін жасақтауға жүргізілген партиялық тізім осылайша халық пен билік арасын алыстатып, екі араны алшақтата түсті.
Міне, осыны жақсы білген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірмандаттық сайлау жүйесіне орай тың реформаны бастап кетті. Алдымен былтырғы 5 маусымда өткен бүкілхалықтық референдумда Конституцияның 30-дан астам бабына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Соның ішінде бір округтік сайлау жүйесін айналысқа кіргізу идеясы да болғаны анық. Соған орай биылғы сайлауда ауылдық, аудандық, қалалық мәслихаттардың сайлауы бірмандаттық жүйемен өтетін болды. Облыстық мәслихаттың депутаттығына 50 пайыздық бөлініс беріліп отыр. Яғни, бірмандаттық округ пен партиялық тізімге теңдей мүмкіндік қарастырылған. Ал, Парламент мәжілісіне 30/70 пайыздық бөлініс қарастырылды. Атап айтқанда, 70 пайызы партиялық тізіммен, 30 пайызы бірмандаттық сайлаудан өтеді. Яғни, мәжілістің 98 депутатының 29-на бірмандаттық үлес беріліп отыр. Осынау бастаманың өзі келешектегі сайлау жүйесіне әсер етері анық. Егер халық пен депутаттар арасындағы байланыс қайта жанданып, өзара тығыз жұмыс істейтін болса, бұл реформа толығымен жүзеге асырылуы әбден мүмкін. Соған орай партиялық тізім алынып, орнына бірмандаттық сайлау жүйесі толық іске қосылады. Ондай болған жағдайда әрбір кандидат өз ісіне шығармашылықпен қарап, жергілікті жұртшылықты толғандырған мәселелерді аяқсыз қалдырмас еді.
Сондықтан қазіргі жұртшылыққа биылғы сайлаудың маңыздылығын ұғындыратын уақыт келді деп есептеймін. Себебі, қазір әркімнің дауысы керек. Өз саяси белсенділігін арттырған азамат қоғам мен мемлекеттің дамуына үлес қосатынын білуі тиіс. Яғни, енді бір мандатпен өз кандидатурасын ұсынып, депутат болғысы келетін үміткер халықтың қолдауын қажет ететінін естен шығармауымыз керек.
Ендеше, құрметті ағайын, биылғы сайлау жүктейтін міндеттерді дұрыс түсініп, саяси додада дауыс беруге белсенділікпен қатысайық!

Ермек Келемсейіт,
Жетісу облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы

 

Қатысты жаңалықтар

Қоғам тірегі – ардагерлер

Қоғам тірегі – ардагерлер

08.04.2026
Қазақстан білім беру саласында жаһандық топ-20 қатарына енді

Қазақстан білім беру саласында жаһандық топ-20 қатарына енді

08.04.2026
Әйелдердің зейнетке шығу жасы ұлғаймақ

Әйелдердің зейнетке шығу жасы ұлғаймақ

08.04.2026
Қазақстанда фейк ақпарат үшін жаза жеңілдейді

Қазақстанда фейк ақпарат үшін жаза жеңілдейді

08.04.2026
Бішкекте бала саудасымен айналысқан Қазақстан азаматы 12 жылға сотталды

Бішкекте бала саудасымен айналысқан Қазақстан азаматы 12 жылға сотталды

08.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.