Барлық деңгейдегі мәслихаттардың ІІ республикалық форумында сөз сөйлеген Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ ойлары мені терең толғантты.
Алдағы уақытты мажоритарлық жүйемен іріктелетін депутаттық корпустың мүшелері білімді, білікті болумен қатар рухани тұрғыдан биік, Отанға, туған ел мен жерге деген құрметі ерекше, мемлекетшіл болуы керектігіне баса назар аударуы өте дұрыс деп есептеймін. Өйткені әрбір депутат өзі сайлаған халыққа етене болуы тиіс.
Қазақстан Республикасының басты ордасы – Астана қаласында өткен форумға қатысушылардың әрбірі Мемлекет басшысы айтқан пікірді жүрегіне берік сақтап ала білді деп санаймын. Себебі, Президент айтқан пікір әркімнің тұлғалық деңгейде биіктеп, өсуіне себеп болса, тағы біреулердің кейбір құндылықтарды қайта салмақтауына түрткі болады деп білемін. Қалай болғанда да жұртшылық назар аударған форум көптеген тақырыптардың демократиялық тұрғыдан дұрыс талқылануына септігін тигізген мінберге айналды. Жоғары деңгейде өткен жиынның нәтижесі жемісті боларына сенім мол.
Айбек ЫСҚАҚОВ,
облыстық мәслихатының депутаты





