Талдықорған: +15°C
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

ТАБИҒИ АЗЫҚ-ТҮЛІК БРЕНДІ ІЛГЕРІЛЕЙДІ

08.10.2020
САЯСАТ
ТАБИҒИ АЗЫҚ-ТҮЛІК БРЕНДІ ІЛГЕРІЛЕЙДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысы – аграрлы өңір, салада 50 мыңға жуық ауылшаруашылығы құрылымдары жұмыс істейді, оның сыртында 295 мың үй шаруашылығындағы тұрғындар мал мен құс өсіріп, дақылдар баптайды. Облыс экономикасында өндірілген барлық өнім көлемінің 16 пайызы ауылшаруашылығы үлесінде. Осы жылдың 8 айында ауылшаруашылығы өндірісі 1,4 пайызға өсіп, 376 млрд. теңгені құрады. Жалпы саланың тұрақты дамуында мемлекеттік қолдаудың  ықпалы зор, ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне 2019 жылы бюджеттен 52 млрд. теңге қаржылай қолдау көрсетілсе, ағымдағы жылға 47 млрд. теңге бөлініп, оның 25 млрд. теңгесі субсидия ретінде берілуде.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ағымдағы жылғы халыққа Жолдауында агроөнеркәсіп кешен алдына бірқатар заманауи міндеттер қойды, олар саладағы еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыру, ауыл тұрғындарының табысын көбейтіп, ішкі нарықты әлеуметтік  маңызға ие азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету, сонымен қатар экспорт көлемін 2,0 есеге ұлғайту болып табылады. 
Аталмыш мақсаттарға жету үшін егін шаруашылығында өнімділікті арттыру ісі басты назарда, қазір картоптың шетел селекциясынан алынған элиталық «Санте» тұқымы Райымбек ауданында көбейтілуде.
Бақ шаруашылығында соңғы бес жылда 4 мың гектарға көшет отырғызылды, оның 2,7 мың гектары интенсивті, 192 гектары алманың апорт сорты, нәтижесінде облыста жеміс өндірісі осы жылдары 12 мың тоннаға артты. 
Қант қызылшасы, дәндік жүгері, майлы дақылдар, көкөніс және бақ салаларын дамыту басымдыққа ие, ауылшаруашылығы дақылдарының егіс көлемін 2024 жылға дейін 980 мың гектарға арттыру жоспарда бар.
Президент көтерген маңызды мәселенің бірі – ескірген суару жүйесін жаңғырту мәселесі болды. Ағымдағы жылы «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында Талдықорған қаласының суару жүйелері қайта жаңғыртудан өтті. Оның сыртында облыстық бюджет есебінен Іле, Жамбыл, Райымбек, Талғар және Кербұлақ аудандарында 12 су шаруашылығы нысандары күрделі жөндеуден өтуде. 
Жалпы облыста ирригациялық жүйелерді жөндеу арқылы 138 мың гектар суармалы жерді қалпына келтіру жоспарланған, қазіргі уақытта Ислам Даму Банкі қаражаты есебінен Ескелді, Ақсу, Алакөл және Көксу аудандарының суару жүйелері жаңғыртылуда. Сонымен қатар, жаңадан 5 су қоймасын салу көзделуде. 
Еңбек өнімділігін арттыруда техникалық жарақтандыруды жақсартып, машина паркінің қуаттылығын көтеру басты назарда. Ауылшаруашылығы тауар өндірушілері соңғы 5 жылда 3649 дана жаңа техника сатып алды, олардың 56 пайызының инвестициялық субсидиялау бағдарламасы аясында құны арзандатылды. 
Сондай-ақ, облыстық бюджет есебінен 51 сервистік даярлау орталығы құрылып, шаруашылықтарға қызмет көрсету үшін 1200- ден астам арнайы маманданған техникамен жабдықталды. 
Келешекте жоғарыда аталған қолдау тетіктерін тиімді пайдаланып, машина паркін жаңартумен қатар өндіріске қор үнемдеу технологиясын кеңінен енгізу жұмыстары жалғасатын болады.
Мал шаруашылығында өндірісті кластерлік негізде дамытуға, «смарт фермалар» қатарын көбейтуге, селекциялық асылдандыру арқылы өнімділікті көтеруге мән берілуде.
Тек биыл ғана «Сыбаға» бағдарламасымен 434 шаруашылық 12 мың бас мүйізді ірі қара мен 18 мың бас ұсақ мал сатып алып, өндірісін кеңейтті. Барлық аналық малдың 30 пайызы тұқымдық түрлендірумен қамтылды. Шетелден 2388 бас асыл тұқымды ірі қара сатып алынды. 
Аталмыш жұмыстар облыстағы 70 мың басқа арналған 106 мал бордақылау алаңы мен 26 мың бас сауын сиырды қамтитын 82 тауарлы сүт фермаларының жұмысын тұрақты жүргізуге ықпал етуде. Нәтижесінде аймақта сиыр еті өндірісі 90 мың тоннаға жеткізілді, «Қайыңды» мен «Империя Фуд» сияқты ірі ет өңдеу кәсіпорындары іске қосылып, ет өнімдері шығарылымы 1,3 есеге артты. Сүт өңдеу кәсіпорындарының қуаттылығы 80 пайызға көтеріліп, ішкі нарыққа түсіп жатқан импорттық сүт өнімдерінің көлемі 16 пайызға азайды. 
Облыс республикадағы барлық құс етінің 37 пайызын және жұмыртқаның 20 пайызын өндіретін құс шаруашылығы индустрияланған жетекші өңір, биыл Ұйғыр ауданында, келер жылы Іле ауданында қосымша ірі құс фабрикаларын іске қосу көзделіп отыр. 
Жолдауда көтерілген өзекті мәселенің бірі – балық шаруашылығы. Облыста 212 балық шаруашылығы учаскесі бар. Облыстық бюджет есебінен балық азығына жыл сайын 31 млн. теңгеге жуық субсидия төленеді. Алакөл, Балқаш, Жамбыл, Қаратал аудандары мен Қапшағай қаласы аумағында орналасқан 6 балық өңдеу кәсіпорындарында 3 мың тоннадан аса дайын өнім шығарылады. Келешекте жұмысымыз балық өнімдерінің экспортын ұлғайтуға бағытталады (2018 жылы 4 мың тонна балық өнімі экспортталған).  
Жалпы ауылшаруашылығы өндірісінің 40 пайызы жеке үй шаруашылықтары үлесінде, оның ішінде ет және сүт өндірісінде тұрғындардың үлесі 60 пайыздан жоғары. Бұл ретте олардың әлеуетін толыққанды пайдалану үшін кооперативтер желісі дамытылып, қаржылай қолдау тетіктері жетілдірілді. 
Инвестициялық субсидиялау бағдарламасы аясында техника сатып алуға басымдық берілсе (техникаға немесе мал басына шаққанда ең төменгі шекті норматив қойылмайды, яғни бір кооператив 3 трактор, 2-ден астық комбайны мен жүк тасымалдау көлігі, олардың тіркемелі агрегаттарына субсидия ала алады), мал шаруашылығында өндірілген сүттің құнын арзандатуда, аналық қойды қолдан ұрықтандыруда, тұқым шаруашылығында жеңілдіктер қарастырылған. Кооператив мүшелері арасында қаржы мәселесін ашық ұстау мақсатында тексеру ұйымдарының шығынын субсидиялау қарастырылған. 
«Еңбек» бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарына берілетін несие көлемі 4 млн. теңгеге дейін қарастырылса, зікірлі кооперация жағдайында бұл сома 12 млн. теңгеге дейін арттырылған. Кооперацияны дамыту арқылы сапалы тауар өндірумен қатар ішкі нарықты үздіксіз отандық азық-түлік тауарларымен молықтыруға, импортты шектеуге мүмкіндік туатыны сөзсіз, сондықтан биылдан бастап «егістіктен – сөреге дейін» механизмі іске қосылды. 
Жолдаудағы аграрлық салаға қойылған міндеттің бірі – ауылшаруашылығы өнімінің экспортын ұлғайту мәселесі. Қазіргі уақытта облыстан әлемнің 69 мемлекетіне агроөнімдер экспортқа шығарылуда. Өткен жылы облыстан құны 161 млн. АҚШ долларын құрайтын 318 мың тонна азық-түлік өнімдері экспортталды. Ет экспортын қалыптастыру үшін трансұлттық компаниялардың қатысуымен бірқатар ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру көзделуде, олар Германияның «Бауман» компаниясымен бірлесе қой және америкалық «Tyson Food» компаниясының қатысуымен ірі қара етін өңдеу кәсіпорындары.
Облысқа тән крахмал өнімдері мен уыт (солод) экспорты жолға қойылған, ағымдағы жылы 10 тонна  Лепсі балы Біріккен Араб әмірліктеріне экспортқа шығарылды. 
Қайта өңдеу саласын дамытпай, қосылған құнды көтермей экспортты көтеріп, ішке еніп жатқан импортқа тосқауыл қою қиын. Сондықтан, алдағы жылдары тамақ өнеркәсібінің 9 бағытын дамытуға басымдық берілді, атап айтқанда  ет, сүт, жүн, тері, майлы дақылдар мен жүгері, жеміс-жидек, көкөніс және қант қызылшасы мен картопты тереңдете өңдеу. 
Саланы дамытудың бұл істермен шектелмейтіні анық, оның өндіріс көлемін одан әрі ұлғайту үшін әлеуеті зор. Барлық жұмысымыз азық-түлік тізбектерін: шикізатты өндіру, оны сақтау, қайта өңдеу сатысынан ішкі және экспорттық нарықтарға жеткізуге, сонымен бірге «Қазақстанда жасалған» табиғи азық-түлік брендін ілгерілетуге бағытталатын болады. 

Мақсұт ЖАПАРОВ,
облыстық ауылшаруашылығы 
басқармасының басшысы

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан агроөнеркәсіп кешеніндегі бірлескен жобаларды іске асырады

Қазақстан мен Өзбекстан агроөнеркәсіп кешеніндегі бірлескен жобаларды іске асырады

26.03.2026
Енді несие алу қиындайды

Енді несие алу қиындайды

26.03.2026
500-ден астам мектеп «Адал азамат» бағдарламасы бойынша безендіріледі

500-ден астам мектеп «Адал азамат» бағдарламасы бойынша безендіріледі

26.03.2026
Қазақстандық велошабандоздар Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық велошабандоздар Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

26.03.2026
Елде мұнай экспортын әртараптандыру жалғасады

Елде мұнай экспортын әртараптандыру жалғасады

26.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.