Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқандтағы Конгресс-орталыққа барды.
Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммиті мен «Жаһандық климат сын-қатерлері кезеңіндегі Орталық Азия» халықаралық конференциясына қатысу үшін Самарқандтағы Конгресс-орталыққа барды.
Қасым-Жомарт Тоқаевты Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев күтіп алды.
Фото: Ақорда





