Талдықорған: +3°C
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

«ТҮСІНДІРДІ»: ДЕПУТАТТАР ЖАҢА ЖЫЛДЫ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУДЕН БАСТАДЫ

07.01.2020
САЯСАТ
"ТҮСІНДІРДІ": ДЕПУТАТТАР ЖАҢА ЖЫЛДЫ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУДЕН БАСТАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Қапшағай қаласына ісcапармен ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Нұрлан ҚЫЛЫШБАЕВ келіп, «Эневерс Күнқуат» күн электр стансысының жұмыстарымен танысты. 

Стансы жыл сайын 160 млн. кВт/сағ электр энергиясын өндіреді. Бұл – Солтүстік-Оңтүстік электр тарату желісінің бойында тұрған ірі нысан. Жобаның жүзеге асырылуы жаңа жұмыс орындарын ашып, бюджетке салық түсімінің және өңірге тартылған инвестиция көлемінің артуына ықпал етіп отыр.

Сенатор жақында ғана ашылған «Құмсуат Фарм» медициналық өнімдерді шығару зауытына да ат басын бұрды. Бұл жоба еліміздегі  медициналық бағыттағы алғашқы отандық өнім шығаратын нысан болып табылады. Несеп құрамын зерттеуге арналған тест жолақтары медициналық бұйымын шығарады. Жобаның барлық шығыны 735,0 млн.теңгені құраған. Қолдану барысында несеп құрамындағы глюкоза, билирубин, кетон, белок, лейкоцит секілді 14 параметрге дейінгі көрсеткіштер анықталады.

Осыған дейін бұл өнімді емханалар шетелден сатып алып қолданып келсе, бүгін де барлық медицина нысандары өз өнімімізді пайдаланатын болады. Қонақтар зауыттың лабораториясы мен өнім өндіретін цехын аралап шықты. Барлық құрылғылар Корея елінен сатып алынған жоғары технологиялы аппараттар. Зауытта бүгінде 30-дан астам адам жұмыс істейді.

Нұрлан Наурызұлы «7-20-25» бағдарламасы аясында құрылысы аяқталған 54 пәтерлі несиелік тұрғын үйлерді де көріп, қаламыздың дамуына қатысты бірқатар мәселелермен танысты. 

***

Мұғалімдердің мәртебесін көтеру мақсатында «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданған болатын. Осыған орай Талғар ауданына арнайы ат басын бұрып, мұғалімдермен кездескен ҚР Парламенті Мәжі­лісінің депутаты Зағи­па БАЛИЕВА аталған заң тала­п-­­­­­тарымен таныстырып, ой бө­лісті.

Кездесудің мақсат-мазмұнына тоқталған аудан әкімі Жолан Омаров аталған заң мәтінінде мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекеме қызметкерлерінің жүктемелерін жеңілдетумен қатар мұғалімдердің жалақысын арттырып, еңбек демалысын ұлғайтуға, педагогтік шеберлік пен тәлімгерлік үшін қосымша ақы төлеуге бағытталған игі шаралар көзделгендігін қуана тарқатты.

Жаңа жыл басындағы жаңа жұмыс күнін мәртебелі мамандық иелері – ұстаздармен жүздесуден бастағанына ризашылығын білдірген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева:

– «Педагог мәртебесі туралы» Заң жұмыс істеп жүрген педагогтарды ынталандыруға, жастарды мамандыққа тартуға бағытталған. Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін педагогтарға жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беруге кепілдік берілетіндігі де мұғалімдердің әлеуметтік-тұрмысын оңалтуды көздейді, – деп жаңа заңдағы  басымдықтар жөнінде  жан-жақты баяндады.

Маңызды мәселені сөз еткен жиында жарыссөзге шыққан аудандық білім бөлімінің басшысы Қарлыға Сәдуақасова, Ж.Жабаев атындағы №6 орта мектеп директоры Мәнсия Нұрқасымова заңның қабылдануы ұстаздар үшін үлкен қуаныш, тың серпіліс тудырғанын атап айтты. Сөз арасында мектептердің денінде дәрігерлік пункттердің жоқтығын халық қалаулысына құлаққағыс етті.

Дәл осы күні Гүлдала ауылында мұғалімдермен кездесіп, аталған заңды талқылап, насихаттаған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Шаймардан НҰРЫМОВ ауыл тұрғындарына «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларын бектіу туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік  даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы №320 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Заңына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жиын соңында мәжілісмен ауыл тұрғындарының атаулы әлеуметтік төлемдерге қатысты бірқатар сұрақтарына толыққанды жауаптар қайырды. 

***

Сарқан аудандық әкімдігінің кіші мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Төлеубек МҰҚАШЕВ Сарқан ауданы тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесуге облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық мекеме, ұйым басшылары, аудандық Қоғамдық кеңес мүшелері, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қадыл Жанасбеков қатысты. Кездесуді аудан әкімі Марат Разбеков ашып, жүргізді. Сенат депутаты Төлеубек Төлеуұлы «Педагог мәртебесі туралы» Заңын жиналғандарға жан-жақты түсіндірді, бұдан соң осы Заң төңірегіндегі ой-пікірлер  ортаға салынды.

Алғашқы сөз тізгінін алған облыстық мәслихат депутаты Жамал Құлахметова ұстаздардың Заң жобасын талқылаудағы барлық ұсыныстары аталған Заңда толық көрініс тапқандығына ризашылығын білдірсе, аудандық білім бөлімінің басшысы Панар Имангазиева ұстаздардың 16 сағаттық апталық жүктемесінің 2021 жылы ғана енгізілетіндігін айтып, Заңда мұғалімдердің зейнетке шығудағы еңбек өтілі ескерілмегендігіне тоқталды.

Келесі кезекте атаулы әлеуметтік көмектің өзгерістері сөз болып, бұл бағыттағы шешімін табуға тиісті іс-шараларды аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы айтып өтті. Қазіргі таңда АӘК ережелерінің нақтыланбағаны қолбайлау болып отыр. Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балаларына арнайы әлеуметтік пакет беруде оңтайлы шешім қажет. Осы тақырыпта жұмыспен қамту орталығының директоры Дидар Сағынғали атқарылып жатқан жұмыстарды сөзіне арқау етті. Сонымен қатар, кездесуде мал ұрлығы бойынша қабылданған шаралардың дұрыстығын аудандық полиция бөлімі басшысының міндетін атқарушы Мұрат Қалиасқаров мәлімдеді.

Аудан тұрғындарының өміріне елеулі өзгерістер әкелетін, ел дамуына оң серпін беретін мұндай нақты қадамдар қалың қауымның үмітін үкілей түседі.

Мақпал МЫСА,

Ұлбосын ИСАБЕК,

Жомарт ИГІМАН

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан – Мажарстан жолдастық кездесуіне қатысты ресми шешім қабылданды

Қазақстан – Мажарстан жолдастық кездесуіне қатысты ресми шешім қабылданды

24.03.2026
Қазақстан әлемдегі бензин бағасы ең арзан елдердің қатарына енді

Қазақстан әлемдегі бензин бағасы ең арзан елдердің қатарына енді

24.03.2026
Президент Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді

Президент Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді

24.03.2026
Қазақстандық блогер «Ильярчикке» мемлекетаралық іздеу жарияланды

Қазақстандық блогер «Ильярчикке» мемлекетаралық іздеу жарияланды

24.03.2026
Егіздер көбейді: елде демографиялық өсім қарқыны қалай?

Егіздер көбейді: елде демографиялық өсім қарқыны қалай?

24.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.