Талдықорған: +10°C
$ 482.53
€ 555.44
₽ 5.92
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

ТУҒАН ЖЕРДІҢ ТҮЛЕГІ

11.10.2021
САЯСАТ
ТУҒАН ЖЕРДІҢ ТҮЛЕГІ
WhatsAppTelegramFacebook

Ауылдық округ әкімдерінің сайлауына негіз қалаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасын қалың көпшілік қуана қолдады. 25 шілдеде өткен сайлауда ауыл әкімі болып көпшілік дауыспен сайланған азаматтардың бірі – Серік Құныпияев. Кеген ауданындағы Бөлексаз ауылының бір перзенті ретінде осындағы орта мектептен қанаттанған. 

Отыздан жаңа асқан азамат Қаныш Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін құрылыс саласы мамандығы бойынша бітіріп, 2014 жылдан бері мемлекеттік қызметте. Алғашында Райымбек аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінде бас маман болып еңбек жолын бастаған ол 2018 жылдан Кеген аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы қызметін абыроймен атқарды.
Бөлексаз ауылының тұрғындары ауыл әкімдігіне Серіктей ұлдарының сайлауға түсіп жатқанын естіп, шын жүрекпен қуанған. Сондықтан сайлауға толық қатысып, түгелге жуық Құныпияевке дауыс берді. Содан бері тәуелсіз мемлекеттің тірегі, тілеуі, кемел келешегі болар білімді, білікті, іскер азамат ауылдық округ әкімі болып еңбек етіп келеді. Ең бастысы, Бөлексаз өңірінің жағдайымен жақсы таныс. Түйінді мәселелері көңілінің төрінде тұр. Ауыл тұрғындарын бес саусақтай таниды. Әйтеуір Серіктей азамат әкім болып келгелі ауылда жақсылық мол. Жағымды жайттар баршылық. Тұрғындарды толғандырып жүрген ауылға ыңғайлы 140 орынды Мәдениет үйінің құрылыс жұмыстары басталды. «СЕМ ШОҒЫ ҚҰРЫЛЫС СЕРВИС» ЖШС-і бастаған ғимарат құрылысына 297 миллион теңге бөлініп отыр. Жаңа нысан келер жылдың маусым айына дейін пайдалануға беріледі. Одан бөлек, ауылдағы ауызсу жүйелеріне жүргізілген күрделі жөндеу жұмысы биыл толық аяқталып, әр шаңырақ таза ауызсуға қол жеткізеді. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстарының 90 пайызы біткен.
– Ауылымның ішкі жолдары толғантып жүретін. Ерте көктемде, қар мен жаңбырда жолдармен жүру қиындап кетеді. Сол үшін ішкі жолдардың бәрін жасату – негізгі мақсатымның бірі еді. Соған негіз қалануда. Бір көзден «AppIe BuiId Proiekt» ЖШС-і арқылы 1,4 миллион теңгеге 12 көшедегі 6,38 шақырымды құрайтын көше жолдарын асфальттауға, орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттарын толықтай дайындап қойдық. Аудан әкімінен келесі жылдың жоспарына кіргізуді сұрап отырмыз, – дейді Бөлексаз ауылдық округінің әкімі Серік Құныпияев.
Рас, ел мен жер үшін еңбектенудің, шапқылап жұмыс жасаудың нәрлі нәтижелері осындай болады. Аудандағы негізгі бөлімнің бірін басқарып, іс жүргізудің жолдарын жетік меңгерген азаматтың әр ісіне сәттілік тіледік. Мұның сыртында биыл ауыл әкімінің қолға алуымен қуаңшылыққа байланысты 2,5 шақырым шабындық жер арнайы қоршалыпты. Мұның жақсылығын осындағы тұрғындар көретін болады. Серік келгелі ауылдағы Қожанберді атындағы көше жарықтандырылыпты. Жалпы, ауылдың орталық көшелері түн мезгілінде жарқырай жанып, шуағын төгіп тұрады. Әкім бастаған ауыл азаматтары орталықтан жасалған шағын саябақтың іргесін одан әрі кеңейтуді жоспарлап отыр. Алдымыздағы көктемде саябақ ауқымы кеңейтіліп, түрлі жеміс ағаштары, тал-терек отырғызылмақ. Оның ішіне арнайы демалатын орындар жасалады. Мұның бәрін ауыл тұрғындары өз қаражаттарымен жасайды. Ел ішіндегі ынтымақ пен бірлікке не жетсін?! Сүттей ұйыған ауыл тұрғындары мешіт жанынан қатымхана салуда. Оның да жұмысы аяқталуға жақын.
Бөлексаз ауылында 220 отбасы, 1392 жан тұрады. Орта мектеп, дәрігерлік пункт жұмыс істейді. 98 шаруа қожалығы бар. 2474 бас ірі қара, 2207 бас жылқы, 4800 бас қой-ешкі үшін 13100 тонна мал азығы дайындалды. Соның бәрін ойластырып, қамдастырып жатқан Серіктей ауыл азаматына дән риза болдық.

Қанат БІРЖАНСАЛ
Кеген ауданы

Қатысты жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды

27.03.2026
Діннің қоғамдық маңызы және орны

Діннің қоғамдық маңызы және орны

27.03.2026
ТМРК: тарифтік саясат теңдестірілген және әлеуметтік бағдарланған болады

ТМРК: тарифтік саясат теңдестірілген және әлеуметтік бағдарланған болады

27.03.2026
Отан алдындағы борышын өтеген жастарға құрмет көрсетілді

Отан алдындағы борышын өтеген жастарға құрмет көрсетілді

27.03.2026
Жетісуда өткен жылы 16 мыңнан астам әйел жұмыспен қамтылды

Жетісуда өткен жылы 16 мыңнан астам әйел жұмыспен қамтылды

27.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.