Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Ырғайты ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы
Осыған орай, жергілікті қоғамдастық өкілдерімен кездесу өткізіліп, сайлау қорытындысы ресми түрде жария етілді. Алакөл ауданы аумақтық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес, Тананов Біржан Мақсұтұлы Ырғайты ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалды.
Біржан Тананов Алакөл ауданы, Көктұма ауылында дүниеге келген, ұлты – қазақ, жоғары білімді. Жалпы еңбек өтілі – 15 жыл.
Кездесу барысында аудан әкімі Алмас Абдинов тарапынан жаңадан тағайындалған округ әкіміне жүктелетін негізгі міндеттер нақтыланып, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын жүйелі жалғастыру, инфрақұрылымды жақсарту және тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру бағытында нақты тапсырмалар берілді.





