Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

ҚҰҚЫҚТЫҚ САНАСЫ ЖОҒАРЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ БЕЙБІТШІЛІГІ БҰЗЫЛМАЙДЫ

1 қыркүйек 2020
САЯСАТ
ҚҰҚЫҚТЫҚ САНАСЫ ЖОҒАРЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ БЕЙБІТШІЛІГІ БҰЗЫЛМАЙДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Қоғамдық сананың бір формасы – құқықтық сана екендігі белгілі. Жалпы, құқықтық сана дегеніміз адамның өзі өмір сүретін мемлекеттегі құқықтың жүзеге асырылуы мен заңдардың сапасына байланысты ойдың, сезімнің, ұстаным мен көзқарастың жиынтығы. Азаматтарының құқықтық санасы жоғары деңгейде қалыптасқан мемлекетте құқықбұзушылық болмайды, керісінше, қоғамда тұрақтылық пен бейбітшілік орнайды.

Әр азаматтың құқықтық санасын арттыруда ел Конституциясының рөлі өте зор. Оның бірнеше себебі бар.

Біріншісі, жете түсініп, оқитын болсақ, мемлекеттің Негізгі заңында бекітілген өз құқықтарымыз бен міндеттеріміз барын білеміз.

Екіншіден, Ата Заңдағы құқықтарымыз мен міндеттерімізге жетік болсақ, құқықтық сауаттылығымыз жоғарылайды.

Үшіншіден, құқықтық сауаттылықтың жоғары болуы құқықтық сананың артуына тікелей ықпал етеді.

Төртіншіден, құқықтық сананың артуы құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам қалыптастыруға негіз болады. Сондықтан, ҚР Конституциясының 25 жылдығын мерейлі мерекеге балау, Ата Заңымыздың тәуелсіз мемлекет тарихындағы рөлін дәріптеу, халықтың құқықтық сауаттылығын, конституциялық мәдениет деңгейін арттыру, Конституцияны және онда көрсетілген баптарды білуге, құрметтеуге тәрбиелеу, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы және мемлекеттің саяси жүйесін дамытудағы рөлін кеңінен насихаттау, құқықтық сананы жетілдіру жұмыстарын кешенді түрде жүргізу маңызды міндеттердің бірі. Әсіресе өскелең ұрпақ Ата Заңның ел егемендігін нығайтудағы рөлін жете түсініп, тағылымды құқықтық тәлім-тәрбие алуы тиіс.

Өзім жұмыс жасайтын колледж қабырғасында студент жастардың арасында конституциялық патриотизм сезімін қалыптастыру үшін «ҚР Конституциясы – мемлекет егемендігінің символы» атты интеллектуалды сайыс өткіздік.

Сайыстың басты мақсаты – білімгерлердің Конституция туралы теориялық түсінігін қалыптастыру, жастарды Ата Заңды құрметтеуге баулу және ел азаматы ретіндегі өз құқықтары мен міндеттерін білуге үйрету. Енді ҚР Конституциясының 25 жылдығына орай студенттер арасында онлайн форматта ашық сабақтар мен кураторлық сағаттар ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз.

Заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі Сұлтан Сартаевтың: «Конституцияға жан беру – әр азаматтың міндеті», — деген ұлағатты сөзі еске түседі.

Шын мәнінде, Конституцияның нақты қолданыста болуына әрбір азамат атсалысуы тиіс. ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Ата Заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз», — дегеніндей, Конституциядағы әрбір бапты жетік меңгеріп, оны жүйелі түрде орындай білсек, мемлекет алдындағы басты стратегиялық міндет – дамыған елдердің қатарына қосылу мүмкіндігі артады.

Ғалымжан ДӘРІБАЕВ,

І.Жансүгіров атындағы ЖМУ «құқықтану» мамандығының 2-курс магистранты

Сурет — ғаламтордан

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

Бүгін, 16:45
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Бүгін, 16:18
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

Бүгін, 14:24
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Бүгін, 12:15
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Бүгін, 12:04

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.