Талдықорған: +10°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

ЗАҢ ТАЛАБЫ

18 ақпан 2023
САЯСАТ
ЗАҢ ТАЛАБЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаменті былтыр комитет тапсырмаларының негізінде құқық қорғау органдарынан жіберілген шағымдар мен өтініштерге, сондай-ақ, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жоспардан тыс 18 аудиторлық іс-шара жүргізіп, бірқатар кемшілікті анықтады.

Аудитпен қамтылған қаражат көлемі 2 535 973,3 мың теңге, оның ішінде бақылаумен қамтылған мемлекеттік сатып алу сомасы 526 727 мың теңге. Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 2 138 275,5 мың теңгені құрады. Оның ішіндегі 758 028,5 мың теңге қаржылық, 1 380 247,0 мың теңге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтарға жатады.
Есепті кезеңде анықталған заңсыздықтарды жою және оларға жол берген жауапты тұлғаларды тексеру мақсатында аудит нысандарына 17 нұсқама жіберіліп, 2 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, департамент мамандары аудиторлық іс-шаралардың нәтижесі бойынша 14 лауазымды тұлғаға әкімшілік жаза ретінде 1056,3 мың теңгенің айыппұлы салынды. Қаржы тиісті бюджеттің кірісіне толық көлемде өндірілді. Одан бөлек 2 аудиторлық іс-шараның қорытынды материалдары құқық қорғау органдарының қарауына берілді.
Департамент «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 30-бабына сәйкес Жетісу облысындағы ұйымдастырушылар/тапсырыс берушілер өткізетін мемлекеттік сатып алуларға тұрақты негізде камералдық бақылау жүргізеді. Мәселен, былтыр жалпы сомасы 31,1 миллиард теңгеден астам мемлекеттік сатып алудың 3 229 лоты камералдық бақылаумен қамтылды. Оның қорытындысы бойынша 804 лотта 6,8 миллиард теңгенің заңбұзушылығы анықталып, оны жою туралы 804 хабарлама жіберілді.
Одан бөлек департамент қызметкерлері ұйымдастырушылар мен тапсырыс берушілерге мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде орын алатын өзекті мәселелерді жеткізіп, мемлекеттік сатып алу саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге енгізілген өзгерістерді түсіндіру үшін семинарлар өткізген. Семинарлар аясында ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы» Кодексі-нің 207-бабында көзделген лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауаптылығына әкеп соғатын нормалар талқыланды.

Жайлау ШАЙМЕРДЕНОВ,
облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бөлім басшысы

Қатысты жаңалықтар

Текелі қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұғылбаев Бауыржан Ертайұлы

Текелі қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұғылбаев Бауыржан Ертайұлы

Бүгін, 12:44
Сарқан аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Құсаинов Талғат  Өмірәліұлы

Сарқан аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Құсаинов Талғат Өмірәліұлы

Бүгін, 12:34
Сарқан аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Искаков Асхат Төлеуханұлы

Сарқан аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Искаков Асхат Төлеуханұлы

Бүгін, 12:27
Текелі қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Дүйсебаев Руслан Ертайұлы

Текелі қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Дүйсебаев Руслан Ертайұлы

Бүгін, 12:25
Сарқан аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрысбаев Елубай Жарылқасынұлы

Сарқан аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрысбаев Елубай Жарылқасынұлы

Бүгін, 12:20

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.