Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

ЖАЙЫЛЫМНАН БІР ҮЙІР ЖЫЛҚЫ АЙДАП ӘКЕТКЕН ҰРЫ ҚОЛҒА ТҮСТІ

25 тамыз 2020
САЯСАТ
ЖАЙЫЛЫМНАН БІР ҮЙІР ЖЫЛҚЫ АЙДАП ӘКЕТКЕН ҰРЫ ҚОЛҒА ТҮСТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының тәртіп сақшылары мал ұрысын қылмыс үстінде ұстап, қолды қылған бес жылқыны иесіне қайтарды. Бұл туралы Алматы облысының полиция департаменті хабарлады.

Кербұлақ ауданының полицейлері арнайы шара барысында өзгенің жылқыларын ұрлап бара жатқан қылмыскерді қолға түсірді. Қылмыс үстінде ұсталған күдіктінің алдындағы мал тәркіленіп, заңды иелеріне қайтарылды.

— 51 жастағы күдікті қылмыс үстінде ұсталып, айдап бара жатқан 5 жылқысы тәркіленді. Жайылымда жүрген үйір жылқыны түнде қолды қылған ол мал иесіне 2 миллион теңгеге жуық материалдық шығын келтіргені анықталды. Алдын ала тергеу барысында күдіктінің бұған дейін де бірнеше рет сотты болғаны белгілі болды. Күдікті сотқа дейінгі тергеу амалдары аяқталғанға дейін уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, — деді Кербұлақ ауданы полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Ербол Ахметқалиев.

Тәртіп сақшылары мал ұрлығын кәсіп қылған барымташының аймақтағы осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы барын тексеріп, басқа аудандарда да мал ұрлағанын әшкереледі.

— Бұлтартпас айғақтар арқасында күдікті тұлғаның жыл басында Көксу ауданында үш жылқының қолды болуына қатысы бар екені дәлелденді. Ол қылмыстық топ құрамында үш жылқы ұрлағанын мойындады. Оның басқа да мал ұрлықтарына қатыстылығы тексерілуде, — деп атап өтті полиция подполковнигі Ербол Ахметқалиев.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Сурет — ғаламтордан

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

Бүгін, 16:45
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Бүгін, 16:18
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

Бүгін, 14:24
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Бүгін, 12:15
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Бүгін, 12:04

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.