Жетісу облысына қарасты бірнеше ауылдың атауы өзгереді, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылмы ҚазАқпарат дерегіне сүйеніп.
Мәлім болғандай, енді Панфилов ауданына қарасты келесі елді мекендердің атауы өзгереді:
— Пенжім ауылдық округі мен Пенжім ауылы – Атамекен;
— Талды ауылдық округінің Лесновка ауылы – Талды болып аталады.
Сонымен қатар, Алакөл ауданындағы мына ауылдың атауы өзгереді:
— Жыланды ауылдық округінің Әшім ауылы – Төңкеріс ауылы болып өзгереді.
«Осы бірлескен Жетісу облысы әкімдігі қаулысы мен Жетісу облыстық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін», — делінген Ашық НҚА порталында жарияланған бірлескен шешім-жобасында.
Құжат 26 маусымға дейін көпшілік талқылауда болады.
Фото: ашық дерекөзден





