Талдықорған: +13°C
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

ЖОЛДАУ: БІРЛІГІ БЕКЕМ ЕЛ ОЗАДЫ

10.10.2019
САЯСАТ
ЖОЛДАУ: БІРЛІГІ БЕКЕМ ЕЛ ОЗАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбындағы алғашқы Жолдауының бүгінгі қоғамдағы маңызы зор, мағынасы терең. Елдің қызығушылығына ие болған тарихи құжат Парламенттің кезекті сессиясының ашылуында жария етілді және кезекті саяси маусымның басталуымен тұспа-тұс келді. Жолдау Мемлекет басшысының сайлау алдындағы бағдарламасында белгіленген бірқатар бастамалары және тың ұсыныстары көрніс тапқандығымен құнды.

Кең-байтақ еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, барлық салаға тың серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін шынайы іс-жоспарға құрылған тарихи құжатта Қазақстанның даму жолындағы бес маңызды басты бағыты айқындалған: «Заманауи тиімді мемлекет», «Азаматтардың құқықтықтары қауіпсіздігін қаматамсыз ету», «Қарқынды дамыған және инклюзивті экономика», «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі», «Қуатты аймақтар – қуатты мемлекет». Аталған негізгі басым бағыттарда осы уақытқа дейін қордаланып қалған маңызды мәселелерді халық пен билік өкілдері бірлесе отырып, жоспарлы түрде шешу жолдары нақты белгіленген. 

Мемлекет басшысы еліміздегі саяси-әлеуметтік жағдайдан толыққанды хабардар үлкен саясаткер ретінде, көппартиялықты, саяси бәсекелестікті қолдайтыны туралы мәлімдеме жасады. Халықты нақты қандай жағдайлар алаңдататынын жақсы біледі. Азаматтардың өтініштерін мемлекеттік органдардың қарау сапасы туралы мәселені көтерді. Ел Президенті бейбіт митингілерді заң аясында өткізуді қолдайтынын айтты. Егер олар заң аясынан шықпайтын және азаматтарымыздың тыныштығын бұзбайтын болса, өткізу үшін арнайы орын бөлу қажет. Мұндай орындар қаланың шетінде болмауы тиіс. Бұл ретте заңсыз әрекеттер мен бұзақылықтарға тыйым салынады. 

Ел-жұртты елең еткізген жағымды жаңалық, Қасым-Жомарт Кемелұлы ұсақ және шағын бизнес компанияларын 3 жыл мерзімге негізгі қызметінен салықтан босатудың заңнамалық негізін әзірлеуді тапсырды. 2020 жылдың қаңтарынан бастап ұсақ және шағын бизнес субъектілерін тексеруге үш жылға тыйым салу туралы шешім күшіне енеді. Нәсібін кәсібінен тауып жүрген отандастарымыз бір серпіліп, ерекше қуанып қалды. Міне, осының өзі жарқын жолға бет  алған бейбіт елдің дамыған елдер қатарына қосылуға негізделген бағытының бірі болып көрінбек.

Президент көптің көкейінде жүрген, пайдаланылмай жатқан ауылшаруашылығы жерлерін қайтарып алуды тапсырды. Сонымен қатар, ұлттың ожданындай болған ұлтарақтай жердің шөкім тасына дейін өз еліміздің азаматтарына қызмет ететіні, жалпы жердің шетелдіктерге сатылмайтыны қадап айтылды. Ұлағатты ұрпақтың болашағын ойлаған Мемлекет басшысының «Дипломмен ауылға!» бағдарламасының аясын кеңейтіп, қаржыландыруды арттырып, жаңа деңгейге көтерілуіне мүмкіндік жасауы, білім саласын жаңғыртуға жаңаша жол салынып жатқанының белгісі. Бағалы бағдарлама ауылда тұратын азаматтарды қолдауда, қоғамның орта әлеуметтік тобын одан әрі қалыптастыруға, қала мен ауыл мектептерінің арасындағы алшақтықты азайтуға барынша ықпал ететіні айдан анық. Кітаптардың мазмұны мен сапасының төмендігі де назардан тыс қалған жоқ. 

Президенттің: «Әлеуметтік және этностық топтар арасындағы келісім – бүкіл қоғамның бірлескен еңбегінің нәтижесі. Біздің ұстанымымыз: «Ел бірлігі оның әралуандығында»», – деп ерекше атап көрсетуі барлық саналы патриот азаматтарға үлкен ой салды. Әсіресе, еліміздегі қоғамдық келісімді нығайту мен ұлтаралық байланысты жетілдіретін тіл мәселесіне де ерекше тоқталды. Бұл жөнінде: «Еліміздегі этностық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасай береміз. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек», – дегені, барлық зиялы қауым өкілдеріне, белсенді жастарға күш-қуат беріп, қанаттандырды. Туған елінің тағдырына бейжай қарамайтын әрбір азаматтың жарқын болашаққа, келелі келешекке деген сенімі ұлғайды. Мемлекеттік тілімізге мән берілуін байтақ еліміздің зиялы қауымы, этномәдени бірлестік өкілдері қызу талқылап, қолдайтындықтарын білдіруде. 

Тіл мәртебесін көтеруге байланысты Президенттің сөзі, ең біріншіден, мемлекет құраушы ұлтқа үлкен жауапкершілік жүктейді. Қазақстан – полиэтностық мемлекет. Бұл әлем халқы бағалаған тарихи қалыптасқан дүние. Тәуелсіздік алғаннан бері біздің көпұлтты халқымыз бейбітшілік пен өзара түсіністікте өмір сүріп, мемлекетіміздің өркендеуіне атсалысып келеді. Дана халқымыз: «Бірлігі бекем ел озады», – деп тегін айтпаған. Жолдаудың тақырыбының өзі тұрақтылыққа, өркендеуге шақырып тұр. Барша жетісулықтарды ел игілігі жолындағы басты мақсат, ортақ міндеттерімізді бірлесе жүзеге асыруға шақырамыз.

Ғабит ТҰРСЫНБАЙ,

Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары,

хатшылық меңгерушісі

Қатысты жаңалықтар

Президент Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді

Президент Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді

24.03.2026
Қазақстандық блогер «Ильярчикке» мемлекетаралық іздеу жарияланды

Қазақстандық блогер «Ильярчикке» мемлекетаралық іздеу жарияланды

24.03.2026
Егіздер көбейді: елде демографиялық өсім қарқыны қалай?

Егіздер көбейді: елде демографиялық өсім қарқыны қалай?

24.03.2026
Әл-Фараби даңғылындағы апат: Zeekr жүргізушісі туралы деректер белгілі болды

Әл-Фараби даңғылындағы апат: Zeekr жүргізушісі туралы деректер белгілі болды

24.03.2026
Үкімет көмір генерациясын дамытуға арналған ұлттық жобаны бекітті

Үкімет көмір генерациясын дамытуға арналған ұлттық жобаны бекітті

24.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.